Буын
Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.
Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады.
|
Мысал
|
Ереже
|
Ашық буын
|
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді. Тек дауысты дыбыстан тұрады
|
А-ға, ба-ла, қа - ла, ша - на - ны, бо - са - ға
|
Тұйық буын
|
Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді
(Көбінесе бірінші буында кездеседі)
|
ат, ант, ки –ік,
тұңғи –ық,ақи –ық, әдеби – ет
|
Бітеу буын
|
Ортасындағы дауыстыны, екі жағынан дауыссыз дыбыс
қоршаған буын
|
бал тарс класс мек-теп
|
42-тапсырма. Төмендегі дыбыстардан буын құрайтын дыбыстардың астын сызыңыздар. д, қ, ө, ж, с, е, ш, і, т, з, ү, л.
43-тапсырма. Төмендегі сөздерді буынға бөліп жазыңыздар. Қағаз, бүкіл, алтын, жаңа, мақта, көреген, тамыз, таныс, жайна.
44-тапсырма. Тек тұйық буыннан тұратын сөздерді жазыңыздар. Үлгі: ер, ұлт.
45-тапсырма. Тек бітеу және ашық буыннан тұратын сөздерді жазыңыздар.
Үлгі: бар, тоқ, дала, ана.
46-тапсырма. Буын құрайтын дыбыстарды жазыңыздар.
47-тапсырма. Төмендегі мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жазыңыздар.
Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір үшін талмай ізденіңдер?» – дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.
(Ғ.Мүсірепов) 48-тапсырма. Төмендегі сөздерден ашық буынды табыңыздар.
Жазушылар, Алматы, кәсіпкер, ел, бала, жақын, тасымал, қырман, жемістер, алтын, қазық.
49-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талдаңыздар.
Өзінің жазба сөзін саналы түрде және еркін пайдалану үшін, алдымен басқалардың жазба сөзіне түсіне білу өте қажет. Баланың сөз қоры жеткілікті болғанда ғана, өз пікірін айтып, басқалардың сөздерін дұрыс ұға алады.
(Т.Тәжібаев)
Достарыңызбен бөлісу: |