284-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер. Шылауларды тауып, олардың қай түріне жататынын айтып, көп нүктенің орнына тиісті әріп қойып жазыңыздар.
Солтүстік полюс – біздің планетаның айналу ді...гегінің жердің бетімен қиылысатын нүктесі. Онда географиялық бойлық та болмайды, уақыт күн мен тү...ге де бөлі...бейді. Күн жарты жыл көкжиектен әрі аспаса, соншама уақыт бойы мүлде көрі...бей тұрып алады. Сондықтан да ол ертеден-ақ өзіне адамдардың аңсарын аударумен келеді. Полярлық елдерді зерттеуде көп табыстарға қол жеткенмен, полюс алы...бас қамал болып қала береді. Кемелер де, ит жеккен шаналар да ол тұсқа бара алмады.
285-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер. Мәтіндегі шылау сөздерді тауып, осы әңгімеге ұқсастырып өздерің білетін хайуан не құс туралы шығарма жазыңыздар.
Ақ аю тюленьдерді көбіне мұз үстінде жатқан кездерінде аулайды. Жемтігін алыстан көзі шалысымен суға сүңгиді де, мұздың дәл жанына келгенде бір-ақ секіріп, іліп алып кетеді.
Бұл аңның тағы бір басты қасиеті – екі метрге дейін биік мұздарға оңай секіріп шыға алатындығында. Олар тюленьге көктем айларында көп шабады, ал жаз айларында балықтан бастап жеміс-жидекке дейін қорек ете алады.
286-тапсырма. Мәтін бойынша шылауларды тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Соңғы жылдары Маңғыстаудың Бозашы түбегіндегі Қаламқас және Қаражамбас жаңа мұнай кен орындары игерілді. Қызылорда облысының
Байқоңыр маңында Құмкөл мұнай кені ашылды. Оның қоры – 45,2 млн т. Оны Канаданың Харрикейн компаниясы игеруде. Өңдеу үшін Құмкөлдің мұнайы теміржолмен және құбырмен Шымкент мұнай өңдеу зауытына жеткізілуде.
Батыс Қазақстанда республикада ең алғаш салынған Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Ол Атырау-Ембі және Маңғыстау алабы мұнайын өңдейді. Зауытты мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында Жетісай–Ақтау – Атырау мұнай құбыры салынған.
Ембі мұнайының күкірті, парафині аз, технологиялық сапасы жоғары, одан алынған жанармай өте жоғары бағаланады. Ембі мұнайы Ұлы Отан соғысы жылдары әскери ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз етуде жетекші орын алған.
Ал Маңғыстау мұнайының құрамында күкірт жоқ, қарамай аз, бірақ парафин көбірек болып келеді. Парафинді мұнай жылдам қатады, сондықтан оны құбырмен тасымалдау үшін қосымша жылу беріп отыруы керек.
Қазір Батыс Қазақстан – Құмкөл мұнай құбыры салынуда. Ол екі құбырдан тұрады: Батыс Қазақстан – Кенқияқ және Кенқияқ–Құмкөл. Одан әрі Құмкөл – Павлодар және Шымкент мұнай құбырларымен жалғастырылады.
287-тапсырма. Қарай, қарсы, кейін, әрі, қатар, соң септеуліктерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар. Септеуліктердің қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын айтыңыздар.
288-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден септеулік шылауларды тауып, астын сызыңыздар.
Мен Ақжан Машанов туралы оқытушы арқылы білдім. Ол өмір бойы осы сала бойынша қызмет істеп келеді. ҚазҰТУ-да түрлі мамандық бойынша 13 мыңнан астам студент білім алады. Біздің университетті 1939 жылдан 1942 жылға дейін Андрей Иванович Коктов басқарды. 1952 жылдан 1962 жылға дейін университетті Ө.Байқоңыров басқарды. Ол институтты 10 жылдан аса басқарды. Геологиялық- барлау факультетінің 60 жылдық тарихында 10 мыңға жуық инженер-геолог дайындады. Олардың ішінде 100-ден аса кен орындарын ашушылар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |