Еліктеу сөз – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.
Құрамына қарай мынадай түрлері бар:
Дара еліктеу сөз
|
Күрделі еліктеу сөз
|
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұратын төл еліктеу сөз.
|
Екі сөздің қосарлануынан жасалған еліктеу сөз.
|
Тарс, күмп, жымың, т.б.
|
Тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б
|
274-тапсырма. Төмендегі мәтіннен еліктеуіш сөздерді тауып, еліктеуіш сөздердің қай сөз табымен тіркесіп тұрғанын көрсетіңіздер.
Кең ашылған көздерден мөлт-мөлт домалаған кесек-кесек тамшылары жалт-жұлт еткен сәулемен шағылысып қан құсап саулайды. Тасыр-тұсыр дауыстан селк етіп, орнынан атып тұрды. Байқағаны алысып жүрген екеу бірінбірі ырс-ырс жұдырықтайды. Алакөлеңкеде бұлдыраған көздері жалт-жұлт жалтырады. Сұлтанның даусы саңқ-саңқ естілді. Жігіттер әй-түйге қарамай құтырына тап-тап берді. Тобылғы сапты қамшыны ырс-ырс сілтеп, сарт-сұрт соғады. Қонақтың жүзі болар-болмас жыбыр етті де, Сәдірбекке сығырая тесілді. Мөлшерлі секундтар өткеннен кейін мен қылышымды жарқ еткізіп, қынабынан суырып алып, маңдайыма көтере ұстап, әскери адыммен дік-дік басып, шпорларым зың-зың етіп, трибунаның алдына келіп маршалға салют бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |