Тұрсынова Г. Т



бет68/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

275-тапсырма. Сөйлемдерден еліктеуіш сөздерді тауып, оларды тіркескен сөздерімен теріп жазыңыздар.

Жел күшейе бастады. Бір кезде сатыр-күтір сынған бұтақтардың даусы естілді. Шарт ете түсіп бүкіл аспан құлағандай болды. Баяғы жартас – бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас. Аттар борт-борт желеді. Маған рұқсат етіңіз, жолдас командир! – деген өзгеше бір өктем үн саңқ етті. Әлдебір қауіп төнгенде қиядағы қыран ғана осылай шаңқ ете түсетін болар деп ойладым да, тез басымды көтеріп алдым.


Одағай




Одағай дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылтын сөз.

Одағайдың ерекшеліктері:

Одағайда дербес лексикалық мағына болмайды. (пәлі, әттең, ойпырмай т.б.)

Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. (Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді.)

Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды, яғни сөйлем мүшесіне

талданбайды. (Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.) Одағай мағынасына қарай 3-ке бөлінеді:



Көңіл-күй одағайы

Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз

Алақай (қуану), әттең (өкіну),шіркін (таңдану) т.б.

Жекіру, бұйыру одағайы

Жекіру, тыйым салу мәнін

білдіретін сөз



Тәйт, жә, тек, т.б

Шақыру одағайы

Мал, ит-құсты шақыру немесе қууға байланысты айтылатын сөз

Шөре-шөре, құрауқұрау, моһ-моһ т.б.



276-тапсырма. Одағайларды тауып, аударыңыздар.

Паһ-паһ, жарайсың, жігітім! Әттеген-ай, концертке үлгермедім. Алақай, көктем келді! Ойпырмай, жас бала екен, аттан құлап қалмаса екен. О, қандай әдемі қыз! Ой, ішім ауырып тұр! Түу, мазаладың ғой, тыныш отыр. Тәйірі, атақты ғарышкер болар.



277-тапсырма. Жекіру одағайларын тауып аударыңыздар.

Жә, жетер! Тыныш отыр! Тсс! Көлдегі үйректер ұшып кетпесін! Жә, сабыр етіңіз! Кәне, кешікпей келетінің! Тәйт әрі, жаман сөз айтпа!



278-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар.

Қалдарың қалай? Жаман емес. Орта толсын, достар. Қош! Мен келесі аптада қайтып келемін. Бүгін жұмысқа енді қайтып келмеймін. Заңғар тау. Биік ағаштар. Жерде қар жатыр. Аяқ асты сықыр-сықыр етеді.



279-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Оның күміс сырғасы ай сәулесіне шағылысып жалт-жұлт етті. Орман жақтан бүрсең-бүрсең етіп бір адам келеді. Қаз-қаз басқан баладан! Әсем шошаң-шошаң етіп тыныш тұрмады. Сықыр-сықыр етіп есік ашылды. Жақыннан сылдыр-сылдыр етіп аққан судың дыбысы шығып жатты.



280-тапсырма. Берілген одағай, еліктеуіш сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Паһ-паһ, қап, сыбдыр-сыбдыр, қаз-қаз, тық-тық, сақ-сақ, қарқ-қарқ, сылдыр-сылдыр, алақай, ой, өй, бәсе, қараң-қараң, ағараң-ағараң, шошаңшошаң, жалт-жалт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет