Тұрсынова Г. Т



бет69/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Шылау




Шылау сөз және сөйлемді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау.

Септеулік шылау




Септеулік шылау сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Олар атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Мысалы, сайын, үшін септеуліктері алдындағы сөздің атау септігінде тұрғанын қажет етеді (апта сайын, Отан үшін). Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:



септік

шылау

мысал

Атау септігіне қатысты

туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б.

Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Барыс септігіне қатысты

дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б.

Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.

Шығыс септігіне қатысты

кейін, соң, әрі, гөрі, бері

Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.

Көмектес септігіне қатысты

бірге, қабат, қатар

Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.


Жалғаулық шылау




Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:



түрі

шылауы

Ыңғайластық жалғаулық

мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те

Қарсылықты жалғаулық

бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен т.б.

Себеп-салдар жалғаулық

өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б.

Талғаулықты жалғаулық

не, немесе, я, я (не) болмаса, яки, әлде т.б.

Кезектес жалғаулық

кейде, бірде, біресе.

Шартты жалғаулық

егер, егер де.


Демеулік шылау




Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды, тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. Мысалы, ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (Бұл кітап па?). оның 6 түрі бар:



түрі

Шылауы

мысал

Сұраулық мағына беретін

демеулік



ма, ме, ба, бе, па, пе, ше

Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Есеннің бе?

Күшейткіш мағына беретін

демеулік



-ақ,-ау,-ай, да, де, та, те

Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің.

Болжалдық мағына беретін

демеулік



-ау,-мыс,-міс, кейде

Ертеректе бір әулие кісі болыпты -мыс.

Болымсыздық мағына беретін

демеулік



түгіл, тұрсын, тұрмақ

Сен түгіл мен де бес алған емеспін.

Шектік мағына

беретін демеулік



ғана, тек,-ақ

Ол кеше ғана келді.

Нақтылау мағына беретін

демеулік



ғой, қой, -ды,-ді,-ты,-ті

Бұл оқиға бұрын болған-ды. Бұл менің ағам ғой.



281-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер, тақырып қойыңыздар. Шылау сөздерді тауып, түсіндіріңіздер.

Бүгінгі комбайнға ешкім де таңданбайды. Оның артықшылығы астықты әрі орып, әрі бастырып, әрі тазартатындығында. Соңғы кездегі егіс далаларына «Колос», «Нива», «Сибиряк» сияқты қуатты комбайндар бар. Комбайнмен бізде астық қана емес, қант қызылшасы, зығыр, мақта тәрізді техникалық дақылдар да жиналады. Ол тұрмақ, комбайндармен алма да жиналады.

Комбайн тәріздес астық жинайтын алғашқы машина Россияда өткен ғасырда пайда болды. Орыстың өнер тапқыш шебері Андрей Романович

Власенко әрі орып, әрі бастыратын машина жасап, жұртты таң-тамаша қалдырады. Оның көздегені орақ науқанында шаруалар еңбегін жеңілдету еді.



282-тапсырма. Мәтінді оқып, әңгіменің не туралы екеніне назар аударыңыздар. Шылау сөздерді тауып, оларды түр-түріне ажыратыңыздар.

Халқымның өзіне деген ыстық ықыласын көргенде, мені бір ой мазалайды. Сол көптің алдындағы борышымызды, азаматтық парызымызды ақтай алдым ба, әлде не істеуім керек деп ойланамын. Жалғыз мен үшін емес, жалпы көпшілік үшін мұның шешуін табатын да, таразыға салып салмақтайтын да бір-ақ нәрсе. Ол – еңбек. Сондықтан мен жастарға ғалым бол, қайраткер бол демеймін, еңбекшіл бол деймін. Еңбекті сүй, ардақта, алыстан іздеген асылың да, арманға апарар асфальт жол да сонда деймін. Еңбектің үлкен-кішісі, қадірлі- қадірсізі жоқ. Қоғам үшін пайдалы, халық үшін қайырымды еңбектің бәрі – атақ пен абыройдың, сый-құрметтің белгісі.



283-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын айтып беріңіздер. ақша ішіндегі сөздердің бірге немесе бөлек жазылатынын байқап, дұрыстап таңдап жазыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет