Бұйрықты сөйлем
|
Баяндауышы бұйрық рай арқылы жасалады.
Мысалы, Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа. Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр!
|
Лепті сөйлем
|
Одағай сөздер: (қап, әттегенай, пай-пай т.б)
Күшейткіш мәнді сөздер: (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап, т.б.)
Демеулік шылаулар: (-ау, -ақ, -ай т.б.)
Интонация арқылы: Қап, мынау жығылды-ау! Пайпай, мынаның шабысын –ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшараай, мынаның тарта алмай келе жатқанын-ай!
|
Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
түрі
|
ереже
|
мысал
|
Жақты сөйлем
|
Бастауышы бар сөйлем.
|
Мен ауылға бардым. Кітап – білім бұлағы.
|
Жақсыз сөйлем
|
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.
|
Менің оқығым келеді. Ағашты былай жарар болар.
|
Жалаң сөйлем
|
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем
|
Ол келді.Бала-
шағасы келіп кетті. Той-думан болып тұрады.
|
Жайылма сөйлем
|
Тұрлаусыз мүше
қатысқан сөйлем
|
Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр.
|
Толымды сөйлем
|
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
|
Олар арттарына мәңгілік із қалдырды.
|
Толымсыз сөйлем
|
Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
|
Балам қайдан келдің?
Астанадан.
Толымды түрі: -Балам, (сен) қайдан келдің?
(келдім).
|
Атаулы сөйлем
|
Іс-оқиғаның құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
|
Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
|
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді:
тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын мүше. Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш.
Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.
300-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын толық сақтап әңгімелеңіздер. Әр азат жолда қанша сөйлем бар екенін табыңыздар және екі-үш азат жолды сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
Табиғаттағы заттар айналымы арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Олар әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды. Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады.
Орман өртенген кезде көп мөлшерде газдар ұшып шығады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газ заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Қазіргі кезде ауаның ластануы адамның іс-әрекеті салдарынан жиілеп отыр. Оны ластайтын жылу электр стансасынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден, т.б. шығатын қалдықтар.
Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Қалаға сырттан қарағанда оның үстін түтінді тұман басып жатқанын көресің. Ол тұман газ бен тозаңның араласуынан түзіледі. Содан келіп қаланың ауасы нашарлайды. Ауа температурасын біршама көтереді. Қала ауасының құрамында су буы көп болады да, ылғалды ауамен тыныс алу қиындайды.
Ауаның ластануы тіршілік етушілерге өте зиянды. Өсімдіктердің жапырағына қонған шаң оның тыныс алуын, суды буландыруын баяулатады. Ормандағыдан гөрі қалада өсетін ағаштар тіршілігі ерте тоқтайды. Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 50–80 жыл ғана өмір сүреді.
Жануарлар да, адам да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген. Қоспаның құрамы өзгергенде, басқа газдар араласқанда ағзаның тыныс алуы бұзылады. Сөйтіп ол ауруға шалдығады.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюіне ауа қабаты өзін-өзі тазарта алмайды. Оны қорғау қажет. Ол үшін арнайы шаралар жүзеге асырылады. Зауыттарда тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру.
301-тапсырма. Сөйлемдердің аяқталған тұсына тыныс белгісін қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңыздар. Мәтінді азат жолдарға бөліңіздер.
Ауа газдардың қоспасы оның иісі және түсі жоқ мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың түсі және иісі болмайды ағзалар тыныс алғанда ауадан оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын бөліп шығарады қатты сұйық газ күйіндегі отындар жанғанда да оттегі жұмсалады өнеркәсіп орындары көптеген көлік әр үй қаншама отын жағады ендеше ауадағы оттегі неге таусылып қалмайды жұмсалған оттегінің орнын жасыл өсімдіктер толтырып отырады олар қоректенгенде ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп оттегін бөліп шығарады өсімдіктер ауаны оттегіне байытады бұл оның қоректік қасиетінен де пайдалы жағы онсыз тірі ағзалар тұншығып өлер еді ауадай қажет деген ұғым осындай өмір тәжірибесінен алынған тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз ауа қоспасындағы ең көп газ азот ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады яғни
78 %-ы азот 21 %-ы оттегінің үлесінде.
302-тапсырма. Мәтінді оқып тақырып қойыңыздар. Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып, қандай сұрақ екенін анықтаңыздар.
Бүгінгі жұртшылық жаңадан салынатын «экологиялық кесапаттарға» жол бермесе, бермес. Ал әлдеқашан болып, бояуы сіңіп қалған «экологиялық апаттардан» қалай құтқара алады? Мәселен, біздің республикамызда мал бағылатын жерге егін салынып, егін салатын жерден кен қазылып, кен қазылатын жерге қала салу әлдеқашан үрдіске айналған. Жиырма миллиондай гектар тың игеріп, одан бірде бар, бірде жоқ астық аламыз. Оның үстіне, жылдан-жылға былай да шөлейттенген аймаққа қалай болса солай «индустриялық алыптар» орнатып, одан сайын тақырлана түстік. Көмірді де, бокситті де, темірді де, тіпті уранды да ашық карьер қазу жолымен өндіреміз. Ал білмей тұрып іс қылудан асқан қиянат болушы ма еді?!
303-тапсырма. Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңіздер. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындап, ішінде негізгі сұрақ, жетекші сұрақ, анықтауыш сұрақтар болсын. Сұрақтарыңызға келесі топтың студенттері жауап берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |