Бақыттың кіндігі – Отан
ХХ ғасыр аяқталды. Ал бұл ғасыр болса аласапыран ғасыр болды. Осы ғасырда біздің халықтың басынан өткерген қиямет – қасіреті мол. Бір шүкіршілік етер жай: қазақ халқы құрып кетуден аман қалды, шыққан тегін сақтады, тәуелсіздік алды, түркі халықтарының қатарына қосылды, әлемдік қауымға, терезесі тең халықтар қауымына мүше болды.
Шыңғыс хан заманасында айтады екен: «Құлаш бойым құласа да, тіккен туым құламасын»,–деп, міне, ендігі тілек – осы!
Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Шын мәнінде бақытты болудың негізгі факторы: ол – сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Ол – сенің тіккен ордаң, ол – сенің сүйікті жарың, ол – сенің ілгері басқан перзентің, ол – сенің сүйікті кәсібің, ол – сенің өсірген, ұшырған ортаң.
Бақыттың кіндігі – Отан.
«Отан» деп лүпіл қаққан жүрек болса, «Отан» деп ағындаған тілек болса, «Отан» деп сыбанған білек болса, «Отан» деп ел үшін егілген, халық үшін қайысқан лек болса, арман орындалды дей бер.
(«Заман Қазақстан».)
304-тапсырма. Өлеңді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар. Өлеңнен бұйрықты сөйлемдерді тауып, нешінші жаққа қаратып айтылғанын баяндауыш формалары арқылы түсіндіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |