Қазақтың ауыз, жазба әдебиетінде және ауызша айтысында жиі кездесетін сөздердің бірі – қарғыс. Ежелден тіл өнері қонған халқымыз қарғыс айтуға да шебер болған. Қарғыс ата-анаға, үлкенге тілі, қолы тиген, тәртіп бұзған, ел атына, руына келтірген, көпке зәбірі тиген, кісі өлтірген, тағы басқа жат қылық, ерсі іс, теріс мінез көрсеткен адамдарға айтылады.
Біздің халқымыз қарғыстан қатты сескенген. Елдің ішінде біреуді жұрт «қарғысқа ұшыраған» деп жатады. Оның себебі, халқымыз қарғыс қате кетпейді деп түсінген. Қарғыстың ең ауыры, ананың ақ сүтін көкке саууы және атаның теріс батасы деп есептелген. Бұрын ата-ананың ар-намысын таптаған, аса жүгенсіздік көрсеткен балалар осылай қарғалған.
Мына бір әңгіме Абылай заманында бір қарғысшыл қалмақ болған екен дейді және ол келістіріп қарғайды екен. Абылай соны шақырып алып:
Мені қарғашы, – депті.
Шөбің жапырылмасын! – депті қалмақ.
Кедей бол дегенің ғой, ол қарғыс емес, – депті Абылай.
Күлің шашылмасын!
Баласыз бол дегенің ғой, бұл да қарғыс емес, өзім жақсы болсам, елдің бәрі- менің балам, – депті Абылай.
Ендеше, өзің білме, білгеннің тілін алма! – депті анау.
Астапыралла, жаманы мынау екен,– деген екен сонда Абылай дана. 306-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыздар. Сөйлемдердің қайсысы хабарлы сөйлем, қайсысы бұйрықты сөйлем екенін ажыратыңыздар. Тыныс белгілеріне назар аударыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |