Тұрсынова Г. Т


Энергияның жаңа көздерінің ашылуы



бет98/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Энергияның жаңа көздерінің ашылуы




Қазіргі заманғы өркениеттің ірі жетістігінің бірі адамзаттың атом ядросының бөлінуінен туындайтын ірі қопарылыс энергиясын тізгіндеп, қажетіне қарай пайдалануды үйренуі болды. Атом синтезі алғаш рет ХХ ғасырдың 40-жылдарының ортасында әскери мақсатта қолданылды. Кейінірек онымен қоса халық шаруашылығында қолдану етек ала бастады, атом реакторлары электр стансаларға қойылды. Атом двигателі бар кемелер пайда болды.

Атом реакторлары шикізат ретінде уран кенін пайдаланды. Шикізат қорының шектеулілігі ғалымдарды іс жүзінде таусылмайтын шикізаттан алынатын сутек ядросының синтезі арқылы энергия көзін алу жолына түсірді. 60-жылдардың ішінде басқарылатын термоядролық синтез арқылы жаңа әдіспен электр энергиясын өндіру бағытында зерттеулер жүргізіле бастады. Зерттеулер күтілгендей нәтиже беретін болса, іс жүзінде толассыз энергия көзі жасалып, адамзаттың алдында тұрған ғаламдық мәселелердің бірі шешілуге тиіс еді. 1978 жылы бұрынғы Кеңес Одағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке термоядролық зерттеулер жүргізіп жүрген елдердің күшін демонстрациялық термоядролық реактор жасауға біріктіру ұсынысын жасады. КСРО, АҚШ, Жапония және Еуроатом ұйымына кіретін елдердің мамандарының басын қосқан біріккен ұйым құрылды. ИНТОР деп аталатын

реактордың нобайлық жобасы 1982 жылы жасалды. 1987 жылы Венада аталған елдердің өкілдері бас қосып, жобаны іс жүзінде іске асыру мәмілелерін талқылады . МАГАТЭ-нің көмегімен болашақ реактордың тұжырымдамалық жобалану жұмыстары жүргізіле бастады.

Ж. Н. Ниеталин., Ж. Ж Ниеталина., А. Ж. Сағындыкова Бағыттаушы электрбайланыс жолдары. − Алматы: ҚазҰТУ, 2004.− 185 б.

369-тапсырма. Мәтін бойынша бақылау сұрақтары.

А) атом синтезі алғаш рет қай ғасырда, қандай мақсатта қолданылды?

Ә) атом синтезін қай шаруашылықта қолдану етек ала бастады?

Б) 60-жылдардың ішінде қандай зерттеулер жүргізіле бастады?

В) 1978 жылы бұрынғы Кеңес Одағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық ұйымға қандай ұсынысын жасады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет