2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2018 жыл;
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
8-сыныпта ағылшын тіліпәнінің деңгейлік курсы білім алушыларды жалпыеуропалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес
дайындауға арналған.
8-сыныптарға арналған оқу бағдарламасында гармониялық байланысы бар дәстүрлі нормативтік білім беру құжаттары мен инновациялық әдіснамалық стратегиялар кіреді. Оқу бағдарламасы өзінің ерекшелігі бар инновациялық құрылымды болып келеді.
Жаңартылған бағдарлама оқушылардың шынайы өмір жағдаятында функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілі бойынша жаңартылған бағдарлама лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар мен коммуникативтік конвенцияларды пайдалану шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспектісі барлық мүмкіндіктерді қарастырады, тілдік бояу мен қарым-қатынас жағдайларына, контекске, коммуникацияға қатысушылардың өзара қарым-қатынасында пайда болған ережелерге баса назар аударылады. Білім алушының лексикалық және грамматикалық материалдарды контексте оқып үйренуі аталған жағдаятқа өзіндік қарым-қатынасын білдіреді. Пән бойынша оқылып жатқан тақырыпқа деген оқушылардың табиғи ішкі уәжі мен қызығушылығы кірігіп кетеді. Техникалар мен тәсілдерді қолдану арқылы ойлау процесін белсендендірудебелсенді оқыту тиімді және саналы түрде қолданылады. Оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі әдебиеттер мен ресурстарды қолдануұсынылады.
8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс. Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым дағдыларын бұдан әрі қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.8-сынып – Entertainment and Media.8-сынып – В1 (орта).
Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар:
Білім алушылардың жіберген тілдік қателерін оларға түсінікті қарапайым тәсілдермен жеткізуге көңіл аудару қажет. Егер білім алушы өз білімін көрсете алған болса бағалауда әсері болмау керек. Білім алушының ең басты мақсаты өз ойын қарапайым сөзбен бере білуі керек. Сөйлеуде грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Біртіндеп өзіндік сөйлеу дағдысы қалыптасып, нақтылана әрі дұрысталатүседі.
Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдануы мүмкін. Олардың бастапқы шектеулі сөздік қорлары және мақсатты тіл бойынша білімдерінің аздығы сөйлеуі мен сұраққа дұрыс жауап беру барысында кедергі болуы мүмкін. Сондықтан барлық білім алушылар мақсатты тілге қашан көшуге болатынын келісіп алуға болады және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы керек
Ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:8-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.