Оқыту міндеттері: -сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу.
-оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру.
-шығармашылық қабілеттерді дамыту.
- оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер Ағылшын тілі пәнін оқытуда оқушылар:
-мәтінге сүйене отырып оның негізгі мазмұнын айта алуы
-маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта алуы
-сұрақ-жауап түрінде сөйлеу
-танысу, өзін таныстыру және жауап бере алуы
-естіген ақпарат хабарды өз тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай білуі
-жаңа сөздердің мағынасын пайымдай білу
Ағылшын тілі пәнін меңгеру талаптары: -өзі жайлы, өзінің досы, отбасы, мектебі ,қаласы, ауылы , елі, өз тілін үйреніп жүрген тіл елі жайлы (суреттеу, әңгімелеу, мінездеме беру сияқты т.б) коммуникативтік бағдардағы сөз түрлерін қолданып әңгімелер айта алуы
-нақты ақпарат хабарды сұрау, айту, мәлімдеу, сұрау әрі жауап бере білуі
-оқыған немесе естіген мәтіннің жоспарын жасай, жаза алуы