Түсінік хат 4 сынып



бет7/13
Дата14.09.2023
өлшемі49,06 Kb.
#107097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
түсінік хаттар барлық сынып (1)

Түсінік хат
5-сынып



  • 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2018 жыл;




  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;




  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін

пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

Негізгі орта білім беруге арналған «Ағылшын тілі» пәнінің деңгейлік курсы білім алушыларды жалпыеуропалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес дайындауға арналған.5-сынып – А2 (ортадантөмен);


Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған:

  1. шығармашылық ойлауы мен бағалауын, талдау дағдыларын дамытуды қалыптастыратын әртүрлі тапсырмалар;

  2. кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмысжасау.

Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы «біледі, түсінедіден» «ажыратады, салыстырадыға» алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша).5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
5--сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады:Strand 1:Content, Strand 2:Listening, Strand 3:Speaking, Strand 4:Reading, Strand 5:Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді. Дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкенсайын мақсаттар күрделене түседі.
5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасы таныс па, жоқ па дегенді алдын ала тексеру ұсынылады, сондай-ақ оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
Ағылшын тілінің оқу процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбат, рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдануды талап етеді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және сабақтан тыс іс-әрекеттердің кең мүмкіншіліктерін мақсатқа сай белсенді қолдану шет тілін оқытуға уәждемені арттыруға, білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіруге, олардың өзара тілдік қарым-қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.
Ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:5--сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет