Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Эссе жазуда (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып) келесі сөздердің нормаларын ұсынамыз:
10-11-сыныптарда 140-150 сөз.
Оқытылатын пәнге деген уәж бен қызығушылықты арттыру үшін пән бойынша үйірме жұмысының бір түрін ұйымдастыруға болады, мысалы мәнерлеп оқу клубы. Бұл клубтың мақсаты - шетел әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. Көптілділікті дамытатын «Полиглот» клубын құру ұсынылады. Клуб мүшелерінің жиыны ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғысы есеп беру.
Түсінік хат
3 – сынып
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2018 жыл;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндірінің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Ағылшын тілі» оқу пәні білім алушыда өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарының диалогі, ұлттық бірегейлік, азаматтылық, моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш мектептегі ағылшын тілі бағдарламасы білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді А1 деңгейінде меңгертуге бағытталған:
талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлітапсырмалар;
ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмысжасау.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
3-сыныптар үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейлері Шет тілін меңгерудегі жалпыеуропалық құзіреттілік деңгейлеріне (Common European Frameworkof Reference – CEFR) сәйкес болады.
Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, зерттеушілер мен өнертапқыштар, мифтер ұғымдарына байланысты тақырыптарға негізделген лексиканы меңгереді.
Бастауыш мектепте ағылшын тілі дағдыларының дамуы үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы іске асады.
3-сынып бойынша бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.
3-сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлауға ұсынымдар:
сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмалардықолдану;
білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауда ынталандыру, білім алушыларды әртүрлі мадақтау түрлерін және қолдау тәсілдерін пайдалану арқылы қолайлы ортақұру;
бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзіреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі оқушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болыптабылады;
білім алушыларға сабақта таныс сөздерді, фразаларды және нұсқауларды ағылшын тілінде жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың үй тапсырмаларын орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндікбереді;.
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |