1. Өлкетану сабақтарда, сынып сағаттарында, олардың тәрбиелік мақсаты ретінде («кіші» Отанына деген патриоттық, азаматтық сезімдерді тәрбиелеу) жүзеге асырылады;
2. Өлкетану курсы жергілікті жердің қыр-сырын ашып көрсету арқылы география, биология, тарих, әдебиет және басқа да пәндерді оқу білімімен логикалық түрде толықтырады;
3. Өлкетану курсының бағдарламасы сыныпта және мектепте жекелеген зерттеу топтарымен, білім беру ұйымының өлкетану жұмысы Кеңесінің белгілеген экспедициялық зерттеу тақырыптары бойынша жүзеге асырылады.
4. Нақты белгіленген бағдарлама бойынша факультатив сабағы ретінде бөлек оқытылады.
5. Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі: оның табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, тарихи және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы білім жүйесі қалыптасуы тиіс. Оқушының өз өлкесі экономикасындағы еңбек ресурстарына сұранысы жайлы білу мүмкіндігі бар.
6. 6-сынып оқушылары туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді. Алдын-ала оқыту мақсатында, бағдарламаға өлкенің экономикасы жайлы тақырыптар кіргізілгенін атап айту қажет, жоғары сыныптарда ол тақырыптар тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, өлкетану жұмысының мазмұнына өлкенің тарихи өткені, археологиялық ескерткіштерін, мәдени (сәулет өнері, әдебиет) ескерткіштерін, әр түрлі жанрдағы фольклорлық материалдарды, ұлттық ерекшелігі бар қолөнерді, өлкенің атын шығарған атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу кіреді.
7. Оқушылардың өз өлкесіне тән негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, іздеу-зерттеу әрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама жан-жақты сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған өлкені, ауылды немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.
6 сыныпта өлкетану факультативтік курс ретінде аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады.