Р/с
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Көрнекіліктері
|
1
|
Кіріспе. Өлкетану пәні нені оқытады, мақсаты мен міндеттері
|
1
|
|
2
|
Шар аумағының географиялық орны, көлемі, елді мекендердің маңызы, ерекшеліктері
|
2
|
Карта-сызбаға түсіру
|
3
|
Шар өңірінің жер бедері, шығу тарихы
|
1
|
Фото суреттер топонимика
|
4
|
Қырат, жоталардың биіктігін өлшеу, картаға түсіру
|
1
|
Құралдармен жұмыс
|
5
|
Шар аумақғының экологиясы
|
1
|
Ой толғанысы
|
6
|
«Өлкенің табиғат ресурстары». Рекреациялық ресурстарды саралау
|
2
|
Реферат
|
7
|
Жергілікті жердің ауа райы мен климаты»
|
1
|
Семантикалық карта
|
8
|
Ауа райы өзгерістерін болжау
|
1
|
|
9
|
Климаттың табиғатқа әсері
|
1
|
Топсеруен
|
10
|
«Өлкенің сулары және оларды пайдалау» Су ресурстарын пайдалану
|
1
|
Тәжірибе, топсеруен
|
11
|
«Шар» өзенін зерттеу, сипаттау
|
1
|
Зерттеу жұмыстары
|
12
|
Су экологиясы
|
1
|
Ой толғаныс
|
13
|
«Өлкенің топырағы» Өлке топырағының түрлері, маңызы
|
1
|
Мамандармен кездесу
|
14
|
Топырақ құнарлылығы, қорғау шаралары
|
1
|
Кесте, сызба
|
15
|
«Өлкенің өсімдіктері» Өсімдік түрлері, ғажайып түрлері
|
1
|
Гүлзарлармен жұмыс
|
16
|
Қазақстанның тарихи орындары мен киелі ескерткіштері (Мұзтау, Қорқытата)
|
2
|
Презентация
|
17
|
Қазақстанның физикалық-географиялық орны
|
1
|
Видео сабақ
|
18
|
Қазақстан көлдері
|
1
|
Презентация
|
19
|
Ақбөкен – киелі аң
|
1
|
Фото суреттер
|
20
|
Өлкедегі емдік өсімдіктер, кеппешөптермен жұмыс
|
1
|
|
21
|
Шар өңірінің жануарлар дүниесі
|
1
|
Презентация
|
22
|
Шар өңірінің шаруашылығы. Өңірдің шаруашылығына сызба нұсқа құрастыру
|
2
|
|
23
|
Өлкедегі экскурсия, мамандық иелерімен танысу
|
1
|
Саяхат сабақ
|
24
|
«Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихыжәне мәдениеті» Аумақтың демографиялық жағдайы
|
1
|
|
25
|
Өлкенің белгілі адамдарының өмірбаянымен, еңбегімен танысу
|
2
|
|
26
|
Туған жер толғантады
|
1
|
|
27
|
Мектеп гүлзарын әсемдеу
|
1
|
Безендіру жұмысы
|
28
|
Шар өзеніне сипаттама беру
|
1
|
Саяхат жасау
|
29
|
Қорытынды презентация жасау
|
1
|
Қорытынды сабақ
|
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы.
Қазақ энциклопедиясы І том – Алматы, 2003.
Қазақстан тарихы әдістемелік журнал № 9.2013.
Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр. – Алматы, 2004.
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедиясы – Алматы: Арыс,2002
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. – Алматы, 1989.
Ескерткіштер жиынтығы Батыс Қазақстан облысы -2008.
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Өлкетану пәні нені оқытады, мақсаты мен міндеттері
Сабақ мақсаты:
Өлкетану сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспецидиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда. Өлкетанудың өзіндік атқаратын 3 функциясы бар: бірінші фунцкциясы - педогогикалық, білім беру орталықтарында оқыту және тәрбиелеудің эффектісін жоғарылату үшін қолданылатын дидактикалық әдіс ретінде; екінші функциясы - оқытулық, ол өлкетануды элементарлы мектеп географиясын оқытудағы базалық курс ретінде қарастырады; үшінші функциясы - ғылыми, ол өлкетануды барлық әдістерімен бірге географиялық зерттеудің жүйелік құрамы ретінде қарастырады. Өлкетанулық зерттеулерді жүргізудің өзіндік әдістері бар. Олар: экономикалық, тарихи, географиядлық, әлеуметтік, картографиялық, модельдеу арқылы, статистикалық, визуальді (байқау), анкеталық және сипаттау әдісі.
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкенің географиялық орны, көлемі, елді
Сабақтың мақсаты: Туып өскен жерінің орны,көлемі, елді мекендері туралы білім алу.
Күтілетін нәтиже: Шу ауданы мен Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тарихымен танысады.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың түрі: араласӘдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау
.Пәнаралық байланыс: география, археология.
Көрнекілік: Интерaктивтік тaқтa,тaныстырылым, үлестірме материалдар, көрнекіліктер, видео,стикер, маркер, смайликтер
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңіОқушылaр интерактивті тақтадан таныстырылымды тамашалайды, өз пікірлерін білдіреді, ойларын айтады.
XIX ғасырдың 50-60 - шы жылдары Жетісу өңірінде Ресей билігі орнады. 1867 жылғы Уақытша Ереже бойынша Шу өңірі Түркістан генерал-губернаторлығы құрамындағы Жетісу облысына қарады. Түрксібтің салынуы ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына шешуші ықпал жасады. Теміржол арқылы аудан шаруашылығана қажет деген жанармай, ауылшаруашылық техникалары, сондай-ақ, басқа тауарлар тасымалданды. Аудан үстінен өткен темір жол торабы 144 шақырымға, ал Қосқұдықтан Бетпақдалаға дейін созылған ішкі темір жолдың ұзындығы 130 шақырымға, аудан ішіндегі көлік жолы (шоссе) – 359 шақырымға жетті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысының күшімен Алматы облысы құрамында Шу ауданы құрылды. Орталығы - Шу селосы болып белгіленді. Шу өңірінде тұңғыш рет темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің 1937 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен Шу стансасына қала түріндегі кент атағы берілді. 1957 жылы Шу депосы толықтай тепловозға көшірілгеннен кейін тепловоздарды жөндеуді және пайдалануды үйрену үшін бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен келушілер көбейді. 1977 жылы Шу қаласында Шу жол бөлімі құрылды. 1987 жылғы 21 қыркүйекте Шығанақ-Бірлік-1 электрлендірілген учаске пайдалануға берілді. Ал 1988 жылы Шу торабын электрлендіру толығымен аяқталды. 1996 жылы Шу-Отар учаскесіндегі жолды электрлендіру жұмыстары да аяқталды. 1960 жылғы 24 желтоқсанда жарық көрген Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығына сәйкес Шу жұмысшылар кенті ауданға бағынатын Шу қаласы атанды. Сондықтан бұл дата Шу қаласының туған күні саналады. 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесінің жаңадан құрылуына байланысты Шу қаласы өлкелік билікке бағынды. Екі жылдан кейін өлке таратылып, Шу қаласы қайтадан Шу ауданының құрамына қосылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1965 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен Шу қаласы Жамбыл облыстық бағынысқа көшірілді. Ал 1997 жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасы Жарлығымен Шу қаласы Шу ауданының құрамына қайта қосылды. Ауданның көпшілік жері жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығысы таулы. Батысын алқабының құмды-қырқалы төбелері, шығысын Кіндіктас сілемінің батыс бөлігі, орталық және солтүстік бөлігін Шу-Іле тауларының , , таулары, қиыр солтүстігін Жусандала үстіртті даласы алып жатыр. Жер қойнауынан мыс рудалары (Шатыркөл кен орны) мен құрылыс материалдары барланған.
Аудандық аурухана және Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш, Шу қаласыАудан халқы көп ұлтты, мұнда негізінен (71,72%), (10,4%), (5,68%), (3,46%), (3,19%), т.б. ұлт өкілдері тұрады (2015 ж.). Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 7,7 адам. Ауданның тұрғын халқының 40,2%-ын қала тұрғындары құрайды.
ІҮ. Сабақтың бекіту: Слайд арқылы суреттер мен кестелер көрсетіп сабақты қорытындылау.Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы
Ү. Үйге тапсырма: Шар ауылының атауы туралы мәлімет іздестіру.
Сабақтың тақырыбы: Шар аумағының экологиясы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қала экологиясы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру.
Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру,
ойлау қабілетін дамыту .
Қоршаған ортаның экологиясын сақтауға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірталас.
Сабақтың әдісі: жоба құру, сұрақ-жауап .
Сабақтың пән аралық байланысы:, жануартану,,тарих.,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,суреттер, .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын тексеру.
VІ Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ.. Қала экологиясы Ірі калаларда халызқ санының артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп орындары, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалык және ақпа сулар көптеп жинакталуда. Қазакстанда жыл сайын шығарылатын ақпаба судын мөлшері, шамамен, 6 млрд м3 деп есептеледі. . Осындай каланың бірі — оңтүстік астана атанған Алматы каласы.Алматы қаласының халкы жыл сайьш артып, білім, ғылым ж\е мәдениет ошағына айналуда. Осы уакытка дейін Алматы каласының пайдаланылған тұрмыстык-коммуналдык суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ жасанды көлдеріне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.
Қалылты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды, Жылдар бойы жинақталған ақпа су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай сукоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қалшағай суқоймасы ластанып, демалыс орындары уакытша қызметін тоқтаткан болатын. Жаманқұм су жинактау орнының жойылуы Сорбүлаққа үлкен салмақ түсірді. Казір Сорбүлак суы шамадан тыс көбейіп, кауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар калылты жүмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбүлактары су айдыны 60 км2-ге артып, ұзындығы — 15 км, ені — 8 км, терендігі — 18 метр, ал жинақталған судын көлемі 1 млрд м3-ка жетіп отыр.
Жасанды көлдің жиегін бүзып кету каупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбүлак апаты болған жағдайда Іле — Балкаш алабы бүрын-сонды болмаган апатңа үшырап, шамамен 50000 түрғыны бар Балкаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялык станциялар, елді мекендер, егіс алкаптары мен өзен бойындағы тоғайлардың ақаба су астьшда қалу қаупі төнуде.Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ? Сорбұлақ жасанды келінің су сапасы өте кауіпті. Су құрамында көп мөлшерде уыттар (токсин), фенолдар, мұнай енімдері, нитриттер, ауыр металдар, т.б. зиянды химиялык заттар жинақталған. Зиянды заттардьщ шекті рауалы мөлшері (ШРМ) есепке алынбаған. Су күрамындағы химиялык кослалар тіршіліккө өте кауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүниежүзілік соғыста улағыш қару ретінде колданган. Әрине Сорбүлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі журіл жатыр. Бірак оның түракты тазалану механизміне үздіксіз ағьш келіп косыльш жатқан лас сулар мүмкіддік бермей отыр.Тағы бір қауіпті мәселе — көлдегі органикальщ заттардың есебінен жәндіктердін кебейе түсуі. Нәтижесінде Сорбүлак
ІІІ. Пікірталас ұйымдастыру үшін сұрақтар беру.
ІV. Үйге 1.§46 оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |