«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері: «Әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік,
ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру»;ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: «Шығармашылық идеяларды білу және тану» бөлімі: қоршаған әлемді, әртүрлі материалдарды зерттеу арқылы зерттеушілік дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту, қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін зерделеу, өзінің шығармашылық идеяларын әзірлеу; «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» бөлімі: ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде сенсорика, қолдың моторикасын, қиялдауы мен шығармашылығын, практикалық дағдыларын дамыту, әртүрліматериалдармен эксперимент жүргізу, әртүрлі жұмыс техникаларын меңгеру, өзінің іс-әрекетін жоспарлау; «Талдау және бағалау» (презентация) бөлімі: презентация арқылы коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, соның аясында өзінің және
басқалардың жұмысын бағалау, презентациялау және түсіндіру.
«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына негізделеді.
«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын ұтымды қолдану арқылы жүзеге асады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат