Тапсырма: 1-тапсырма:Суретті «бір», «екі» сөздерін пайдаланып сипаттау. 2-нің көлемінде есептік және реттік санау (солдан оңға қарай санау, оңнан солға қарай санау). Сөйлеу мәдениетін дамыту.
2 – тапсырма: Заттарды есептік санау.
3-тапсырма: Заңдылықты анықтау
4-тапсырма: майрампаздар киімінің бөлшектерінің пішіні мен түсін салыстыру. Зейінді дамыту.
ІІІ. Қорытынды
Рефлексия 11 – оқу қызметі Тақырыбы: «+» қосу таңбасы «Нешінші гүлді жасырдым» ойыны
Мақсаты:бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінікті қалыптастыру; бөлшектерді бүтінге біріктіру ретіндегі қосумен танысу; «+» белгісімен танысу.
Көрнекілігі: доп , жағдаяттық есептер бар суреттер
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ .Негізгі бөлім
«Бүтінді ата » бойжазу ойыны
Мақсаты:жаңа тақырыпты оқып – меңгеру мақсатында бүтін мен бөлшек туралы бұрын меңгерген білімдерін тексеру ; ойын іс – әрекетіне уәждеу.
Желкен - ... (желкенді кеме)
Жапырақ - ... (ағаш) т.с.с.
Ойын іс – әрекеті: 1-ші ойын: «Бүтін жиынтықты тап» Мақсаты:бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінікті қалыптастыру; бөлшектерді бүтін жиынтыққа біріктіру іскерлігін қалыптастыру;командада жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
2-ші ойын: «Кім көп ойлап табады?» Мақсаты:қосуға берілген есептік жағдаяттың үлгісін көрнекілікті материалға сүйеніп жасау іскерлігін қалыптастыру.
Тапсырма: 1-тапсырма:Реттілік суреттері түріндегі есептік жағдаят негізінде қосуға берілген қарапайым есептің үлгісін жасау.