Түстану дайындаған: “Бастуыш білім және өнер” кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова Г. Т



бет11/17
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#133633
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
ТҮСТАНУ

СӨЖ арналған бақылау сұрақтары:
1. Қаланың түсті ортасының құрылуына әсер ететін факторлар;
2. Түсті палитраның түсінігі;
3. Сәулетте түсті қолдану тарихы
 
11 – Дәріс Түсті қабылдау және түстің түрлі сезім мағынасының сұрақтары
 Контраст.
Түстің мәнді сипаттамалары.
Түстің символикасы.
Түсті схемалардың композицияларын орындау.
 Лекция жоспары
11.1. Түсті қабылдау;
11.2. Контраст;
11.3. Түстің символикасы
Түстердің сезім ықпалдарында маңызды рөлді ассоциациялар атқарады: көк түс көк аспанның түсімен, жасыл жасыл өсімдікпен, көгілдір-жасыл-сумен, қызғылт сары отпен ассоциацияланады. Түсті ассоциациялар бірнеше топқа бөлінеді: физикалық, физиологиялық, этикалық, сезім, географиялық және т.б. Суретшілердің, өнертанушылардың пікірлерінше қызыл түс-қозушы, жылытушы, белсенді, энергиялық, ассоциацияларға өте бай; қызғылт сары түс- көңілді, жалынды; сары- жылы, көңілді, назды; жасыл- сабырлы, сыпайы көңіл-күй тудырады, ассоциацияларға өте бай; көк-сабырлы, байсалды, бейбітті; күлгін түс қызыл және көк түстердің сезім эффектісін біріктіреді. Ассоциация сапасы- түстерді айыру қабілетінің бағасының психикалық реакцияларды тудыру: а) сезінудің бір мағыналылығы; б) сезінудің қарқындылығы; в) адамдардың үлкен топ тұрақтылығы.
8.1-сурет-Түстік символикалар
Сонау терең ежелгі заманда адамдар материалды (заттар, табиғат, адамдар) және құпиялы ықпалдардың бар екендігіне назар аударған болатын. Тарихқа дейінгі дәуірде адамның түс туралы негізгі түсініктері өндірілді. Бұндай қатынастың мәні мифологизм болып табылды. Ежелгі халықта түстердің классификациясы туралы сұрақ ғарыш, құдайлар әлемі және адамдардың құрылуы туралы сұрақтарымен тығыз байланысында шешілді. Аса маңызды нәрселер мен өмірде маңызды сұрапылы түспен анықталып, бұл түстер негізгі болып саналды.
Түстің психологиялық әсері оның символикалық мағынасына тәуелді. Түсті рәміздің рөлі мифологизм үлесінде жалпы пропорционалды. Символиканы оқу берілген тарихи лингвистика, фольклористика және этнографияға сүйенеді. Сонымен, қызыл түстің символикалық мағынасы көңілді, белсенді, салтанатты, күрес рәмізі ретінде түсіндіріледі, ақ- тазалық түсі, пурпур- салтанатты, қара- траур, қайғы түсі және т.б. Әр түрлі елде бір түс қарама-қайшы күшін беру мүмкін. Мысалы, Жапонияда траур түсі-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет