Ту хабаршысы


ЖАРЫЛЫС ӨНІМДЕРІН КӨП РЕТТІ ФОКУСИРЛЕУДІ НЕГІЗДЕУ АРҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет20/58
Дата03.03.2017
өлшемі43,12 Mb.
#7194
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58

ЖАРЫЛЫС ӨНІМДЕРІН КӨП РЕТТІ ФОКУСИРЛЕУДІ НЕГІЗДЕУ АРҚЫЛЫ 
ЭНЕРГИЯНЫҢ ТИІМДЛІГІН АРТТЫРУ 
 
Түйіндеме.
 Жұмыста қауіпсіз, ұшқынсыз жаңа заманауи жарылыс технологиясы тау-кен өндірістерінде 
кен өндіруге қолдануға ұсынылған.  
Түйінді  сөздер:
  жарылыс,  кумулятивті  ағын,  детонация  жылдамдығы,  кумулятивті  қуыс,  оқтама, 
толқындар. 
 
Жарылыс  өнімдерін  көп  ретті  фокусирлеу  жарылғыш  заттың  жарылыс  энергиясын  көбейтеді. 
Оқтамада  жарылғыш  зат  массасын  азайта  отырып,  нано  немесе  микросекунд  уақыт  диапозонында 
өлшенетін импульсін көбейтіп, жарылыстың бағытын басқарып, энергиясын арттыруға болады.  
  Жарылыс өнімдерін көпретті фокусирлеу есебінен, жарылыс энергиясын күшейту қажеттілігі 
туады.  Бір  рет  фокусирленген  кумулятивті  ағынды  екішілік  фокусирлеу  туралы  айтылып  отыр. 
Детонация өнімдерін бір рет фокусирлегенде,  кумулятивті ағындағы детонация жылдамдығы екі есе 
артатыны  белгілі.  Біздің  жағдайда  жарылыс  жұмысын  бір  жəне  екі  рет  фокусирлеу  режиміндегі 
кумулятивті ағынның қалыптасуын 1 суреттің мысалында қарастырайық.  
 1 а  суретте  біз  білетін  бір  рет  фокусирлеу  режиміндегі  кумулятивті  ағынның  қалыптасуы 
көрсетілген.  Қуысы (2) конус  пішіндегі  кумулятивті  оқтама (1) фокусирлеуші  экран (3) арқылы 
жарылысты иницирлеу үрдісінде жарылыс өнімдері қалыптасқанға (3) жəне қалыптасқаннан кейінгі 
(4) жағдайда жарылғыш газдардың ағынын түзейді [1,2]. 
  Жарылыс өнімдерін екі рет фокусирлеуге арналған жарылғыш заттың кумулятивті оқтамасы 1 
б  суретте  көсетілген.  Ол  кумулятивті  қуыста (2) қосымша  фокусирлеуші  экранның (7) болуымен 
ерекшеленеді.  Онда  бірінші  жəне  екінші  экран (6) аралықтарында  ауалық  саңылауы  болады. 
Жарылғыш зат кумулятивті оқтамасын жарғанда (1 а суретте) жарылыс өнімдерінің P1 қысымы,  T1 
температурасы,  V1 меншікті көлемі болады (3), олар жарылыстан кейін P2 T2 V2 болып кумулятивті 
түйінге фоксирленеді жəне қосымша экранды (7) орнатқан соң (1 б суретте) түйінге фокусирленген 
жарылыс  өнімдері (4) қайтадан    P3  T3  V3    болып  кумулятивті  түйінге  фокусирленеді.  Яғни, 
жарылысты оқтаманы ернеуінен (8) (1 а, б сурет) иницирлегенде, жарылыс энергиясының ағынынан 
күшті тығыздалу үрдісі жүреді. 
Бұл жағдайда, бұзылатын бет бірлігіне қатысты, жарылыс энергиясының концентрациясы орын 
алады.  Жарылыстың  концентрленген  энергиясын  күшейту  мақсатында,  қосымша  экрандар  санын 
реттей  отырып,  берілген  тапсырманы  шешуге  қажетті  жарылыс  энергиясының  мөлшерін  анықтауға 
болады.  Осыдан,  жарылыс  өнімдерін  кумулятивті  түйінге  концентрациялау  жолымен  жарылыс 
энергиясын реттеу үрдісі жүреді [2]. 
Кумулятивті  қуыстарды  қолданғанда  жарылыс  энергиясы  тиімділігінің  артуы  жарылғыш  зат 
оқтамасының  детонация  жылдамдығының  үлкеюімен  түсіндіріледі.  Детонация  жылдамдығы 
артқанда,  жарылғыш  заттың  энергия  беруі  жоғарылайды.  Жарылғыш  зат  оқтамасында  детонация 
жылдамдығы  мен  импульс  ұзақтығының  азаюын  анықтау  мақсатында  (көп  ретті  фокусирлеумен, 
көлемдік кумулятивті қуыстары бар) металды құбырда сынақ жұмыстары жүргізілді. Гранулит – А6 
жарылғыш  заты  қолданылды,  құрамындағы  аммиакты  селитра – 90%, алюминий  ола – 6% жəне 
дизельді отын – 4%. ρ=0,95г/см3 тығыздықпен араластырылды. 

 Техникалыќ єылымдар 
 
ЌазЎТУ хабаршысы №1 2014  
 
119
 
 
1 – жарылғыш зат; 2 – кумулятивті ағын бағыты;  3 - жарылыс өнімдері қалыптасқанға дейінгі; 4 - жарылыс 
өнімдері бірінші қалыптасқаннан кейінгі;    5 – екінші жарылыс өнімдері қалыптасқаннан кейінгі жағдайлары;  
6 – фокусирлеуші экран; 7 – екінші фокусирлеуші экран; 8 – иницирлеу нүктесі 
а) жарылыс өнімдерін бір рет; б) жарылыс өнімдерін екі рет фокусирлеу 
1-сурет.
 Əртүрлі режимдегі кумулятивті ағынның қалыптасуы 
 
Металды  құбыр  диаметрі 50мм,  ұзындығы 1,2 – 1,5м.  Құбырдағы  оқтама  центрі  бойынша 
əртүрлі фокусирлеу еселігіндегі кумулятивті қуыстар орнатылды (1 – 5 есе). Фокусирлеудің еселігіне 
тəуелді  қысқа  конустар  бірінің  ішіне  бірі  орналастырылды,  ішкі  жəне  сыртқы  беттері  арасында  
ауалық саңылау қалдырылды. Конус өлшемдері – негіз диаметрі    d2 =35мм жəне h2 =30мм, үш ретті 
үшін d3 =30мм,     h3 =22мм, төрт ретті үшін  d4 =25мм, h4 =18мм, бес ретті үшін d5 =20мм, h5 =15мм 
(2 сурет). 
 
 
1 – болат құбыр; 2 – жарылғышг зат; 3 – кумулятивті қуыс; 4 – иницирлеуші патрон боевик; 5 – бастапқы 
жəне соңғы нүктедегі жиілікті есептеуші датчиктер; 6 - жиілікті электронды есептеуші ЧЗ-63/1 түріндегі 
өлшегіш аспап 
2-сурет.
 Импульс ұзақтығын өлшеу үшін жарылғыш зат оқтамасын сынақтан өткізу сызбасы 
  
Сынақта 6 оқтама  жарылды.  Бірінші  оқтама  кумулятивті  қуыссыз,  ал  қалған  бесеуі  əртүрлі 
еселі  дəрежедегі  кумулятивті  қуыстарды  орналастыру  арқылы  жүргізілді.  Металды  құбыр (1), 
жарылғыш  затпен  оқталып, (2) кумулятивті  қуыс (3) орналастырылды.  Металды  құбырдың  екі  жақ 
басынан  белгілі  арақашықтықта  импульс  ұзақтығын  өлшеу  үшін  жиілік  өлшегішпен (6) сымдар 

 Технические науки 
 
     
                                               
№1 2014 Вестник КазНТУ  
         
120 
арқылы жалғанған датчиктер (5) орнатылды. Арақашықтық  бойынша жарылғыш импульс ұзақтығын 
өлшеуге  арналған  аспап  ретінде  ЧЗ-63/1  түріндегі  электронды – есептеуші  жиілік  өлшегіш  құралы 
қолданылды.  Импульстің  өту  ұзақтығы  мен  детонация  жылдамдығының  арту  нəтижесі 1 кестеде 
келтірілген.  Ол  Стандартизация  мен  Метрология  Департаментінде, +0,3-0,5% дəлдіккен  дейін 
тексерілді.  
 
1-кесте  
Жарылыс 
өнімдерін 
фокусирлеу еселігі 
Оқтама 
ұзындығы 
(өлш.база) S,м 
Жарылыс 
импульс пен 
уақыт ұзақтығы 
t, мкс 
Оқтамадағы 
детонация 
жылдамдығы V,  
м/сек 
Детонация жылдамдығының 
жоғарылау еселігі 
- 0,82 
241,2 
3402 

1 0,94 
140 6714 
1,97 
2 1,00 
113,7 
8849 
2,6 
3 1,03 
83,0 
12409 
3,64 
4 1,04 
58,6 
17931 
5,27 
5 1,02 
40,8 
25500 
7,49 
 
3-суреттегі  а,б  жəне  в,г  белгілеулерінен  көріп  отырғанымыздай,  əртүрлі  салмақтағы 
жарылғыш  зат  массасымен  жүргізілген  сынақ  жұмыстары  көрсетілген.  Нəтижесінде,  кумулятивті 
қуыстарды қолдана отырып, жарылғыш зат салмағының азына қарамастан, а,б жарылысымен бірдей 
нəтиже  көрдік.  Бұл  детонация  жылдамдығын  арттырып,  импульс  ұзақтығын  қысқартуға  жəне 
жарылғыш зат қуатын арттыруға мүмкіншілік  бар деп айтуға болады. 
  
 
 
3-сурет.
 Кумулятивті қуыстар орналастырылған оқтамалар. 
 
         Ауалық  тығырлығы  бар  оқтама  құрылымы  мен  аралық  арасында,  оқтамада  көлемдік  өтпелі 
қуыстары  орналасқан.  Олар  жарылыстың  детонация  өнімдерімен  динамикалық  бітелуді  қамтамасыз 
етеді  жəне  ұшқынсыз  жарылысты  құру  мақсатында  екі  бірдей  немесе  əртүрлі  биіктіктегі  өтпелі 
конустар пішініндегі қуыстармен орналастыру арқылы жүзеге асады. 
Берілген  технологиямен  тау  жыныстарын  сапалы  уату,  динамикалық  жылдамдату  мен 
детонация  өнімдерін  тежеу  есебінен,  бұзылатын  массивтегі  энергия  концентрациясын  тиімді 
пайдалану. Нəтижесінде жарылыс ПƏК – і күрт жоғарылайды. 

 Техникалыќ єылымдар 
 
ЌазЎТУ хабаршысы №1 2014  
 
121
ƏДЕБИЕТТЕР 
   1. Т.М.Игбаев, Н.А.Данияров. Патенг №23622  РК «Способ разрушения горных пород высокочастотным 
взрывом». 2010г. 
2.  Игбаев  Т.М.,  Ахметканов  Д.К.   Скважиналық  зарядты  жарылыс  жұмыстарын  арнайы  үдеткіштер 
көмегімен қауіпсіз жүргізу. // «ҚазҰТУ хабаршысы» №5 - Алматы, 2010. - Б.80-84. 
 
REFERENCES 
1 T.M. Igbayev, N.A. Daniarov Patent  №23622  RK «Sposov razrushenia gornih porod vysakoshastotnim 
vzrivom». 2010. 
2. T.M. Igbayev, Akhmetkanov D.K. Skvazhinalyk zariadti zharilis zhumistaryn arnaiy udetkishter komegimen 
kauipsiz zhurgizu. // «KazUTU khabarshisi» №5 - Almaty, 2010. - 80-84s. 
 
Ахметканов Д.К., Мырзахметов С.С.  
Улучшение эффективности энергии на основе многократного фокусирования продуктов взрыва 
Резюме.
  В  работе  изложена  технология  безразлётного,  безопасного  взрывания  и  предложена  для 
использования на горно - рудных предприятиях. 
Ключевые  слова: 
Детонационная  оптика,  концентрации  энергии  взрыва,  взрывчатое  вещество,  взрыв, 
ускоритель. 
 
Ahmetkanov D.,  Myrzahmetov S. 
Superior one energy performance based on multiple focusing products explosion 
Summary.
 The technology of non – scattering, safe blasting has been stated in the work and offered to apply it 
in mining enterprises. 
 Key words: 
Detonation optics, Concentration of energy of explosion, Explosive substance, Accelerators.  
 
 
 
ƏОЖ 655 (574)  
 
Ж.Е. Ибраева,   Н.М. Сарыбаев,  Д.Е. Аширепбаева 
(Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы) 
 
ПОЛИГРАФИЯ ӨНЕРКƏСІБІНДЕГІ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ 
 
Аңдатпа. 
Мақалада  полиграфия  өнеркəсібіндегі  кіші  бизнестің  дамуына  қажетті  жағдайлар 
қарастырылған.  Қазақстан  полиграфиясын  дамыту  үшін  экономикалық,  тіпті,  саясаттық  іс-əрекеттер  қажет, 
себебі  олар  Отандық  полиграфиялық  өндірістің  дамуына,  мемлекеттік  жəне  жекеменшік  типографияларға 
қолдау  көрсетуге  ықпал  етеді.  Ал  полиграфиядағы  кіші  бизнеске  келетін  болсақ,  оның  дамуы  қаржы 
айналымына  байланысты.  Сонымен  қатар,  кіші  кəсіпорындарға  арналған  өзекті  концепция  барлық  шағын 
кəсіпорындарға емес, аралас топтасқан, өз жұмыстарын жүргізіп отырған кəсіпорындарға арналған. 
Негізгі сөздер:
 полиграфия, өнеркəсіп, баспахана, бизнес, кəсіпорын, экономика, өндірілген өнім, қаржы, 
салық саясаты, сапа, бəсекелестік, мониторинг. 
 
Полиграфия өнеркəсібіндегі кіші бизнестің дамуы  
Бүгінгі  күні  көптеген  зерттеулер,  аналитикалық  талдаулар,  статистикалық  есептер  азды-көпті 
Отандық  экономиканың  қазіргі  таңдағы  жағдайын  көрсете  білді.  Бірақ,  үлкен  болып  саналатын 
полиграфия  саласы  осы  уақытқа  дейін  Қазақстандық  ғылыми  басылымдардың  ішінен  өз  орнын 
тапқан  жоқ.  Жаңа  ақпараттық  қоғамда  полиграфиялық  сала  алдыңғы  қатардың  бірінде  екенін 
дəлелдеудің қажеті болмас. Адамзат басқа «ақпараттық тəуелсіз» хабарды тарату əдісін таппайынша, 
басу (печат), типографиялар хабарды материалдық түрде халыққа тарату жағынан негізгі сала болып 
қала  бермек.  Дамыған  елдерде  хабарды  "печатты"  жəне  "электронды"  түрлерін  интеграциялау  алға 
басса, өкінішке орай  Қазақстанда əртүрлі объективті себептерге байланысты өз орнын таппай отыр. 
Бірақ,  полиграфия  саласы  телевидение  жəне  радиомен  бірге  хабарды  тарату  жағынан  негізгі  күш 
болып саналады.  
 
 

 Технические науки 
 
     
                                               
№1 2014 Вестник КазНТУ  
         
122 
Индустриалды  дамыған  мемлекеттерде    полиграфия-экономиканың  үлкен  бір  секторы,  яғни 
мемлекет  қазынасына  көп  пайда  келтіретін  сала.  Қазақстан  полиграфиясын  дамыту  үшін 
экономикалық,  керек  болса,  саясаттық  іс-əрекеттер  қажет,  себебі  олар  Отандық  полиграфиялық 
өндірістің  дамуына,  мемлекеттік  жəне  жекеменшік  типографияларға  қолдау  көрсетуге  ықпал  етеді. 
Жоғарыдағы аталған іс-əрекеттерді тезірек бастаса, полиграфиялық сала мемлекетке қомақты пайда 
əкелетіні сөзсіз.  
Бүкіл  тоқтаусыз  дамып  жатқан  əлемде  полиграфия  саласына  экономикалық,  маркетингттік 
жедел  коррекция  жасау  мақсатында  қазіргі  қалыптасқан  жағдайды  талдау  үшін  мониторинг  өткізу 
керек.  Ал,  полиграфиядағы  кіші  бизнеске  келсек,  оның  дамуы  қаржы  айналымына  тікелей 
байланысты.  Сонымен  қатар,  кіші  полиграфияларға  арналған  өзекті  концепция  барлық  шағын 
полиграфияларға емес, аралас топтасқан, өз жұмыстарын жүргізіп отырған кəсіпорындарға арналған. 
Əкімшілік-шаруашылық  саласында  тек  қана  мемлекеттік  кəсіпорындар  болған.  Нарық 
экономикасы  жағдайында  мемлекеттік  емес  көптеген  басылым  шығаратын  құрылымдар  мен 
типографиялар көптеп саналатын болды. Осыған байланысты соңғы жылдары полиграфия саласында 
құрылымдық  өзгерістер  болып  жатыр.  Өзінің  алатын  орнына  қарай  кіші  полиграфиялар  күн  санап 
көбейіп  келе  жатқан  шағын  баспаны,  жарнамаларды,  аз  таралымды  кітап-журналдарды  басып, 
олардың  сұранысын  арттырып  жатыр.  Осындай  жұмыстарды  көптеген  баспа  орындары,  кіші 
полиграфиялық  фирмалар,  шағын-типографиялар  атқаруда.  Статистика  бойынша  дамыған 
мемлекеттерде  əрбір  5мың  адамға 1-ден  келеді  екен.  Біздің  елде  полиграфия  саласы  баяу  дамуда, 
себебі  өз  ісіңді  ұйымдастыру  барысында  қаржы  қиындықтары  туындайды.  Өзімізде  типографиялық 
өндіріс  жоқ,  ол  импортқа  тəуелді.  Барлық  керекті  құрал-жабдықтар  шетел  фирмаларынан  үстеме 
бағамен  сатып  алынады.  Жұмсалатын  материал  да  шеттен    келеді.  Сонымен  қатар  салық 
заңнамалары, мемлекеттік кеден саясаты қазақстандық полиграфияның дамуын кешеуілдетіп жатыр. 
Шеттен алып келе жатқан күрделі жəне қымбат полиграфиялық құрылғыларға  НДС салынады.  Осы 
əрекетінен  мемлекет  өз  өндірушісін  шетел  фирмаларына  қарағанда  бақталастық  қабілетін 
төмендетеді. Дегенмен, экономикалық қиындықтарға қарамай, қазақстандық полиграфия құрылымы 
бизнес ретінде дамып келеді.  
Полиграфия  саласымен  айналысатын  кіші  бизнес  өкілдеріне  бірінші  кезекте  шығарылған 
өнімнің  сатылу  көлеміне,  қарамағында  жұмыс  жасайтын  еңбеккерлердің  санына  көңіл  бөлу  керек. 
Бəсекелестікке қабілеттілік көрсететін фактор өткізілген өнімнен түскен пайда көлемі, таралым, өнім 
түрлері, баға саясаты. Егер таралымның саны жəне баға саясаты маркетингтік зерттеулерге негіздеме, 
ассортимент  фирманың  техникалық  мүмкіндіктеріне  жəне  технологиялық  бағытына  байланысты. 
Қазіргі  заман  полиграфиясында  толық  ассортимент  стандарты – 23 полиграфия  өнімінің  түрі  бар. 
Полиграфиямен  айналысатын  фирма  осы  стандартты  еңсеріп,  оны  тарата  алса,  ол  бəсекелестікке 
қабілетті екенін дəлелдей алады. Егер кəсіпорын өнім түрлерін көбейтсе, нақты бір өнімдерді басып 
шығаруға  мамандана  алмайды.  Мамандандырылған  жағдайда  шығарған  өнімінің  сапасы  жақсарып, 
полиграфия  саласында  бəсекелестік  қабілетке  ие  болар  еді.  Бүгінгі  талас-тартыс,  бəсекелестік 
алаңында  бірінші  кезекте  мамандану  емес,  бəсекелестікке  қабілетті  болу  үшін  өнім  түбін  көбейту 
керек.  Соңғы  кезде  полиграфия  саласында  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етумен 
қаржыландырудың  формасы  мен  ұстанымы  едəуір  өзгеріске  ұшырады.  Бұрын  мемлекеттік 
қамтамасыз  етумен  қаржыландырудың  жүйесі  болатын.  Қазіргі  таңда  полиграфисттермен  оларды 
қажетті  заттармен  қамтамасыз  етушілер  арасында  тікелей  келісімшарт  бар.  Кəсіпорын  өзін-өзі 
қаржыландырады  (жарғы  (уставной)  капитал,  кəсіпорынның  жинаған  қаржысы,  заңды  жəне  жеке 
тұлғалардың қаржысы жəне банктен алынған бағалы қағаздар). 
Сонымен, экономикалық қаржылық жəне заңдылық тұрғысынан болған қиындықтарға қарамай 
полиграфия ісі аяғынан тұрып, алға жылжуда, оған дəлел полиграфиялық фирмалардың көптеп пайда 
болуы.  Жақын  арада  үлкен  жаңа  полиграфиялық  кəсіпорын  пайда  болмайтындықтан,  кіші 
полиграфия жұмыстары жанданбақ.  Еліміздегі полиграфия саласындағы кіші бизнесті дамыту үшін 
бірінші кезекте: 
- мемлекет таңдаған даму жолына сəйкес, полиграфия саласы да өз даму жолын таңдауы қажет; 
- қаржы жағдайын тұрақтандырып, кірісті өсіру; 
- отандық полиграфияда бəсекелестікті арттыру; 

 Техникалыќ єылымдар 
 
ЌазЎТУ хабаршысы №1 2014  
 
123
-  құрылым  мен  жұмысшыларды  оптимизациялау,  мамандарды  қайта  даярлау  жүйесін  жолға 
қойып, оларды заманауи қондырғыларда жұмыс жасауға үйрету. 
Өкінішке  орай  кіші  полиграфиялық  кəсіпорындар  толық  басқару  штатын  жалақымен 
қамтамасыз  ете  алмайды.  Бұларға  бірінші  кезекте  экономист  пен  есепшілер  кіреді.  Кіші 
типографияларда  ол  штаттардың  жоқ  болуынан  қаржыға  талдау  жасалынбайды,  бухгалтерлік  жəне 
салықтық  есеп  оптимизацияланбайды,  қосымша  инвестиция  тарту  үшін  техникалық,  экономикалық 
талдау  жасалынбайды.  Кез  келген  кəсіпорынды,  оның  ішінде  полиграфия  кəсіпорнының  жұмысы 
қаржы  көрсеткіштерін  зерттеу:  өндірістік  ресурстарды  дұрыс  пайдалану,  қаржының  тұрақтылығы 
мен қаржы жағдайының көлемінің ұдайы тиімді-тиімсіздігін бақылап отыру керек. 
    Кіші полиграфия кəсіпорнының өндірісіне талдау жүргізу: ресурстарды қаншалықты тиімді 
пайдаланды,  материалдық  фондтардың  қайтарымы,  қаржы  айналымының  көрсеткіші.  Кəсіпорын 
материалдық-техникалық  базасын  күшейтіп,  кіріс  пен  шығысты  қалыптастыра  білсе,  ол  қаржы 
тұрақтылығының талабын орындағаны деуге болады. Сонымен кіші бизнес біздің елде, Қазақстанда 
қандай пайда келтіреді? 
-  жаңа жұмыс орындары; 
-  жаңа товар өндіру жəне қызмет; 
-    үлкен кəсіпорындардың кейбір сұраныстарын қанағаттандыру; 
-    арнаулы тауарлармен қамтамасыз ету, түрлі қызметтер көрсету. 
Мемлекет  жəне  кіші  бизнес  саласына  көп  қолдау  көрсетіп  отыр.  Мысалы,  жеңілдікпен  несие 
беру,  бизнес  жүргізудің  əртүрлі  сала  бойынша  тегін  оқыту,  салық  саясатын  жеңілдету  сияқты 
көптеген жағдай жасалынуда.  
Сонымен  қатар,  істелінетін  жұмыстар  да  баршылық:  аймақтық  кіші  жəне  орта  бизнеске 
арналған  бағдарламаларды  əр  аймаққа  оның  ерекшелігіне  қарай  жасау,  əкімшілік  тосқауылдарды 
жою, жемқорлықты болдырмау. 
Қазақстандағы  кіші  бизнесті  мемлекеттік  қорғау  жүйесін  дамыту  қажет.  Оны  дамыту  үшін 
алдыңғы қатарлы мемлекеттер тəжірибесін үйрену керек. Нарық экономикасына өтпелі кезеңде кіші 
бизнестің  шешілмеген  тұстары  қоғам  мен  мемлекеттің  қолдауы  арқылы  шешілуі  мүмкін.  Кіші 
бизнесті  қолдаудың  негізгі  элементтері  жалпы  бизнесті  дамыту  саясатына  ендіріліп,  ұлттық 
кəсіпорындардың  ерекше  дамуының  бір  бөлігіне  айналуы  қажет.  Əкімшілік-шаруашылық  жүйесі 
кезінде  тек  қана  мемлекеттік  кəсіпорындар  болды.  Нарықтық  экономикасы  тұсында  көптеген 
мемлекеттік емес баспаханалар көбейді. Соңғы жылдары полиграфия саласында едəуір өзгеріс болып, 
мемлекеттік  сектордың  үлесі  азайып  кетті.  Осы  салада  кіші  кəсіпорындардың  жұмыстары  жандана 
бастады.  
Отандық  полиграфия  саласы  даму  үшін  экономикалық  шаралар  қолдану  қажет.  Екінші 
жағдайда  осы  аталмыш  өнеркəсіп  түріне  оның  дамуының  қандай  деңгейде  жəне  бəсекелестік 
қабілетін  бағамдау  мақсатында  мониторинг  жүргізу  тиімді.  Қазіргі  өнеркəсіп  басқару  барысында 
бірқатар шешілуін күтіп тұрған мəселелер шоғырланған. Бұл тек қана ұйымдастыру немесе ұжымды 
басқару  ғана  емес,  сонымен  қатар  өнімді  сұранысқа  байланысты  шығару,  ресурстарды  дұрыс 
пайдалану,  шығарылған  өнімді  тиімді  өткізу,  сапасын  арттыру,  шығарған  өнімнің  бəсекелестікке 
қабілетті  болуы.  Кəсіпорынды  басқарып  отырған  менеджерлердің  алдына  қойған  айқын  мақсаты 
жəне қазіргі заманғы жоспарлау, басқару ұстанымдары болуы қажет. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1. Берджес Джон Ф., Штайнхофф Дэн. Основы управления малым бизнесом.  М.:   Бином, 1997.  
2. Блинов А.О. Условия регулирования малого бизнеса. (Экономист. 1999, №2). 
3. Грибов В.Д. Основы бизнеса. – М.: Финансы и статистика, 2000. 
4. Грузинов В.П., Грибов В.Д. Экономика предприятия. – М.: Финансы и статистика, 2001. 
 
REFERENCES 
1.  Berdzhes John F., Shtainhoff  Dan. Osnovy upravlenia malym biznesom. – M.: Binom, 1997. 
2.  Blinov A.O. Uslovia regulirovania malogo biznesa. (Ekonomist. 1999, №2.) 
3.  Gribov V.D. Osnovy biznesa. – M.: Finansy i statistika, 2000. 
4.  Gruzinov V.P., Gribov V.D. Ekonomika predpriatia. – M.: Finansy I statistika, 2001. 
 
 

 Технические науки 
 
     
                                               
№1 2014 Вестник КазНТУ  
         
124 
Сарыбаев Н.М., Аширепбаева Д.Е., Ибраева Ж.Е. 
Полиграфия өнеркəсібіндегі кіші бизнестің дамуы 
Түйіндеме.
    Мақалада  полиграфия  саласындағы  кіші  бизнесті  дамыту  жолдары  қарастырылған:  елдің 
экономикасын  дамыту  жолында  бұл  саланың  оған  тигізетін  дұрыс  ықпалы  туралы  айтылған.  Сонымен  қатар 
шешілмеген мəселелер  де қарастырылған.  Полиграфиядағы  қордаланған  кемшіліктерді  жою  үшін  осы  саланы 
басқаратын мамандар басқару жолының жаңа ұстанымдарына көшу керектігі айтылған. 
 
Сарыбаев Н.М, Аширепбаева Д.Е, Ибраева Ж.Е. 
Развитие малого бизнеса в полиграфической промышленности 
Резюме.
  В  статье  рассмотрены  пути  развития  малого  бизнеса  в  полиграфической  отрасли:  отражены 
положительные стороны данной отрасли вносящую свою лепту в  развитие экономики страны, а так же в ней 
говорится  о  нерешённых  задачах  в  полиграфии.  Для  решения  многих  проблем  в  данной  отрасли,  надо 
руководителям перейти к абсолютно новым принципам работы и руководства.  
 
Sarybaev N.M, Ashirepbaeva D.E, Ibraeva J.E 
Development of small business is in polydiene industry
 
Summary.
 In the article the ways of development of small business are considered in polydiene industry: 
positive parties of this industry are reflected the bringing in small contribution in  development of economy of country
and similarly in her talked about unsolved tasks in a polygraphy. For the decision of many problems in this industry, it 
is necessary to the leaders to pass to absolutely new principles of work and guidance. 
 
 
 
УДК 662.02: [ 531.72 + 544.33 
 
А.Т. Қартабай, Г.М. Құсайнова, Е. Тайбағаров  
(Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Алматы, Қазақстан Республикасы) 
 
ҚАБАТТЫ СҰЙЫҚПЕН ЖАРУ ƏДІСІНІҢ ƏСЕРЛІЛІГІН ҚР КЕН ОРЫНДАРЫНДА 
БАҒАЛАУ 
 
Түйіндеме.
  Бұл  мақалада  қабатты  сұйықпен  жару  нəтижесінде,  ұңғының  түп  маңы  аймағында 
гидравликалық  кедергілердің  азайюы  жəне  ұңғыманың  фильтрациялық  бетінің  көбеюі  есебінен,  өндіруші 
ұңғымалар  дебиті  жəне  айдау  ұңғымалар  қабылдауы  бірнеше  есе  көбейеді,  сонымен  қатар  аз  дренаждалатын 
аймақтарды  жəне  қатқабаттарды  өндіруді  қатыстыру  арқылы,  қабаттың  ақырғы  мұнайбергіштігі 
жоғарлайтындығы жайлы айтылған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет