Mycobacteriaceae тұқымдасына, Mycobacterium туыстығына 50 түрі жатады. Микобактериялардың жасуша қабырғасының 8-40% липидтерден тұрады. Қышқылға, спиттерге, кептіруге, сілтіге тұрақты. Микобактериялардың 3 түрі бар:
Патогенді емес – Mycobacterium smegmatis табиғатта еркін тіршілік ететін сапрофиттер. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының құрамына енеді. Спирт пен қышқылға сезімтал. Топырақта, суда кездеседі.
Туберкулез (tuberculosis; латынның tuberculum - төмпешік) – микобактериялар туғызатын жұқпалы созылмалы ауру, әр түрлі мүшелер мен жүйелерді (өкпе, асқорыту жолдары, тері, сүйек, зәр шығару ж/е т.б.) зақымдаумен сипатталады. Туберкулез қоздырғышын (1882 ж) Роберт Кох ашқан, клиникасын Гиппократ сипаттаған.
Патогенді микобактериялардың 3 түрлі белгілі:
M. tuberculosis (адамдық түрі – адамдарда 92% жағдайда туберкулез тудырады);
M. bovis (өгіздік түрі – 5% жағдайда);
M. africanum н/се avium (құстық түрі - 3% жағдайда). Бұлардың 3 де морфологиялық, дақылдық, биохимиялық ж/е патогенді құрылымымен ерекшеленеді.
Туберкулез дегеніміз не?
Туберкулез (құрт ауруы) – ерте заманғы инфекциялық аурулардың бірі.
Туберкулезды
ХХ ғасырдың
ақ обасы
деп атайды".
Туберкулез – бұл Кох таяқшасы тудыратын өкпе мен
басқа органдарды (сүйек, бүйрек, лимфа түйіндері және