Лепра қоздырғышы – Mycobacterium leprae 1973 ж. Г.Гансен сипаттаған.
Лепра – тек адамдар да ғана кездесетін созылмалы инфекциялық ауру. Ауру ағзада кең таралу процесімен, терінің, шырышты қабықтың, жүйке жүйесінің ж/е ішкі органдардың зақымдалумен сипатталады.
Морфологиясы
Лепра микобактериялары – тік н/се кішкене иілген таяқшалар. Қоздырғыш туберкулез таяқшасына ұқсас, грам оң, спорасы, капсуласы, талшықтары жоқ. Зақымдалған тіндерде микроорганимздер жасуша ішінде тығыз шар тәрізді жиналады. Ол лепрозды шарлар деп аталады. Онда бактериялар бір-біріне жанымен жабысып темекі таяқшалары түрінде орналасқан (сигар таяқша). Қышқылға тұрақты, Циль-Нильсен әдісімен қызыл түске боялады. Лепра микобактериялары жасанды қоректік орталарда өспейді. Сондықтан бактериологиялық зерттеу әдісі қолданылмайды.
Антигені
Лепрома экстрактынан екі антиген бөлініп алынған:
Термостабильді полисахаридтік;
Термолабильді ақуыздық антиген.
Лепроздық бактериялар үшін жоғары спецификалы.
Патогендігі ж/е патогенезі
M. leprae вируленттігі бактерия жасушасында липидтердің көптігімен байланысты. Инкубациялық кезең 3-5 жылдан 20-35 жылға дейін. Ауру баяу дамиды. Бірнеше клиникалық формаларын ажыратады:
Оның ішінде эпидемиологиялық қауіптісі – лепроматоздық: тері, шырышты қабық, лимфотүйіндер, жүйке жүйесі, ішкі органдар зақымдалады.
Туберкулоидтық - клиникасы жеңіл өтеді ж/е адамдар үшін аса қауіпті емес. Бұл формада тері, жүйке жүйесі ж/е сирек ішкі органдар зақымдалады.
Ажыратылмаған (деференцияланбаған).
Иммунитеті
Аурудың дамуына қарай Т-лимфоциттер саны мен белсенділігі төмендейді ж/е лепра микобактерияларына қарсы тұру қабілеті жойылады. Гуморальдық иммунитет бұзылмайды. Науқастың қанында лепра микобактерияларына жоғары титрде антиденелер анықталады, бірақ олар протективтік қасиетке ие емес.