Резистентілігі: микобактериялар қоршаған орта факторларына тұрақты: шаңда 10 күн, кітап, ойыншық үстінде – 3 ай, суда – 5 ай, май ж/е қақырықта – 10 ай, сырда – 8 айға дейін сақталады. Қайнатқан кезде 5 мин кейін жойылады. Дезинфекциялау үшін хлорамин, хлорлы әктің белсендірілген ерітінділерін қолданады. Эпидемиологиясы: туберкулезге барлық адамдар жаппай сезімтал. Инфекция көзі – науқас адам, таралу жолы – көбінесе ауа-тамшы, сирек тұрмыстық қатынас арқылы. Қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда эпидемиологиялық қауіптілікті тек ашық формадағы науқастар көрсетеді.
Корд-фактор – бұл макроорганизм жасушасына токсикалық әсер ететін липид. Вирулентті микобактерияларға тән. Прайс әдісі б/ша анықтайды: патогенді материалдан шыныда жағынды жасайды, қышқыл н/се сілтімен өңдейді, сұйық ортада өсіреді. 7-10 күннен кейін Циль-Нильсен әдісі бойынша боялады. Микроскоп арқылы өрілген шаш тәрізді жабысқан микобактериялар анықталады.
Агресиндер – фагоцитозды тежейді, аяқталмаған фагоцитозбен сипатталады.
Токсигендігі – экзо- және эндотоксиндер бөлмейді. Туберкулез таяқшасының ақуыздары миколды қышқылмен қосылып токсигендік қасиет көрсетеді ж/е тіннің некрозын туғызуы мүмкін. Туберкулопротеин жоғары аллергиялық әсерге ие, сезімталдықтың баяу түрі байқалады. Алғаш рет Кох бөліп алған ж/е тубекулин деп атаған. Оны Манту аллергиялық сынағы үшін қолданады.