Неміс ғалым, микробиолог. Туберкулез қоздырғышын ашқан ғалым. Нобель сыйлығының лауреаты.
24 НАУРЫЗ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
24 наурыз – бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні деп жарияланды. Өйткені Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кохтың туберкулез қоздырушы таяқшасын тапқанын себеп етіп, 24 наурызды «жаман ауруға» қарсы күн ретінде жариялады.
1993 жылы туберкулез ауруы – бүкілхалықтық қасірет деп табылып, әлем бойынша дабыл қағылды.
МОРФОЛОГИЯСЫ Ж/Е ТИНКТОРИАЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.
M. tuberculosis - ұзын, жіңішке, аздап иілген таяқшалар. Тек адам үшін патогенді. Сезімтал биологиялық үлгі – теңіз шошқасы.
M. bovis – қысқа, жуан дәнді таяқшалар. Сезімтал биологиялық үлгі – қояндар мен теңіз шошқасы. Ірі-қара мал үшін патогенді.
M. africanum – жұқа, ұзын, жіпше тәрізді таяқшалар. Сезімтал биологиялық үлгі – қояндар. Адам мен құстар үшін патогенді.
Барлық микобактериялар бояуларды нашар қабылдайды. Циль-Нильсен әдісімен қызыл түске боялады, грам оң, қозғалмайды, спора ж/е капсула түзбейтін, талшықтары жоқ таяқшалар.
Mycobacterium tuberculosis
қақырықта (қызыл таяқшалар) в мокроте.
Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу
Mycobacterium tuberculosis өкпе жасушасының (клеткаларының) ішінде
Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу.
Дақылдық және биохимиялық қасиеті
Микобактериялар баяу көбейеді (18-20 сағ). Дақыл өте ұзақ өседі (4-6 апта). Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейін әжімді қабық түзеді, ал тығыз ортада сүйел тәрізді құрғақ крем түсті колониялар түзеді. Қоректік орталарға талғамды аэробтар. Өсіру үшін қолайлы қоректік орта – Левенштейн-Иенсен ортасы.
Сонымен қатар Сатон, Петров, Петроньяни қоректік орталарын қолданады.
Биохимиялық белсенділігі төмен. Ниоцинді сынақ қолданады.
Левенштейн-Йенсен ортасы және онда микобактериялардың өсуі.