Туберкулезбен ауырєан науќастардаєы ґкпелік ќан кету


Әр түрлі жас топтарындағы науқастардың дене массасына байланысты қан жоғалтудың (мл бойынша) көлемі



бет3/9
Дата27.09.2023
өлшемі44,52 Kb.
#110622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Айсанова А өкпелен қан кету

Әр түрлі жас топтарындағы науқастардың дене массасына байланысты қан жоғалтудың (мл бойынша) көлемі

Жасы

Орта дене салмағы кг

Қан жоғалтудың көлемі, %

100

10

14

20

Жаңа туылған нәресте

3

260

26

36

52

6 апта

4

300

30

42

60

6 ай

7

525

53

74

105

5 жас

20

1440

144

202

288

12 жас

32

2300

230

323

460

Үлкендер

70

5000

500

700

1000

ІІ дәрежеде сыртқы қан жоғалту 5%-тен 15%Доцк дейін және біркелкі, қайталамалы, күнделікті, қан кету түрінде болады. Олар АҚҚ және гемоглабиннің 10-20% төмендеуімен жүреді.


ІІІ дәрежеде профузды қан жоғалту 15% Доцк-дан жоғары қан «фонтан» секілді ауыздан және мұрыннан кетеді және бір келкі, қайталанбалы, толқыгн тәрізді (өлім қаупі бар) болып бөледі және АҚҚ, гемоглобиннің гемотокриттің және эритроцит санының 20%-ға төмендеуімен көрінеді.
ОҚК-ның тәжрібесінде қарапайым және тиімді классификациясы: Қан жоғалтудың көлеміне байланысты 3 топка бөлінеді: кіші 100мл дейін, орта 500мл дейін, үлкен 500мл дан жоғары.
Өкпе туберкулезімен ауырған науқастарда ОҚК ның жиілігі жоғары диапазонда өзгереді және ең бірінші процестың түріне және кезеңіне байланысты болады.
Тәжірибеде өкпе туберкулезінің барлық түрінде ОҚК болуы мүмкін. Жиірек өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезінің (6,5-15 %) және казеозды пневмонияның (10-20 %) асқынуы болады және 6,5-31 % науқастарда өлімге әкеп соқтырады.
Өкпенің өрістеуші деструкциясында токсикалық және гипераллергиялық әсері тиген капиллярларлар мен майда қан тамырлар қабырғасының перикавитарлы қалыптасуы болады. Кавернаның айналасындағы майда бронхиалды артериялар дәнекертін түзілуі әсерінен деформацияланады.
Өкпе туберкулезімен ауырған науқастарда ӨҚК патомеханизмінде гемостоздың функционалдық өзгерісіне алып келетін органдардың патоморфологиялық өзгерістері үлкен роль атқарады.Туберкулезбен ауыратын науқастарда өкпеден қан кету кезінде гемостаз жүйесінің маңызы зор, біріншіден айналымдағы қанның сұйық көлемін сақтау,екіншіден қан кету барысында зақымданған қан тамыр қабырғасында тромб түзу.Тромбоцитарлы-фибринді ұйынды түзілуі 3 сатыға бөлінеді: тромбоциттердің индукциясы және трансмиссия, тромбоциттердің вдгезия және агрегациясы, тромбоцитарлы сынаманың консолидациясы мен ретракциясы. Үлкен қан тамырлар зақымданғанда тығыз фибринозды ұйынды түзілуі нәтижесінде қан кету тоқтайды.Туберкулез ауруларында өкпнден қан кету кезінде науқастарда қан ұю және фибринолиз жүйесін бағалай отырып қан кетуді тоқтатамыз.Мұндай науқастардың қанында гиперкоагуляция және фибриноздың белсенділігі байқалады.Өкпеден қан кетуде қан сарысуының фибринолитикалық белсенділігі 2-10 есе жоғарылауы фибринді үйіндінің тығыздалуына кедергі келтіріп,қан кетудің қайталануына алып келеді.Туберкулезбен сырқат науқастарда қан кетуді тоқтату үшін фибринолиз ингибиторларын қолданады.Науқастың ауыз қуысынан қан кеткенде ең алдымен қан кету орнын анықтауымыз керек: мұрыннан, ауыздан, асқазаннан, өңештен трахеядан,бронхтардан немесе өкпеден.
Өкпеден қан кетуді анықтауда өкпе тінінің екі жақты зақымдануы немесе кеуде ішілік лимфа түйіндерінің ауруларында қиындықтар туындайды.Өкпеден көлемді және қайталамалы қан кетуде дереу диагностика жасау керек.Мұндай жағдайда тыныстық бронхоскоппен наркоз беріп трахеобронхоскопия жасалады. Сонымен қатар гемостазды лаваж немесе бронхтардың окклюзиясы,өкпеден қан кету аймағын дренаждау арқылы гемостазды реттейміз.Егер трахея немесе үлкен бронхтардың кілегей қабатынан қан кеткенде гемостазды коагуляциялау әдісі қан кеткен аймақты концентрацияланған трихлоуксус қышқылы,30% ляпис қышқылы, 3% сутегінің асқын тотығы, 0,5% аминакапрон қышқылы қолданылады. Сонымен қатар өкпеде қан кетудің сегменттік бронхтар деңгейінде және қан кету орнын анықтау үшін бағытталған рентгендік зерттеу жүргізе аламыз.ТАБЛИЦА-2 Қан кету диагностикасы

Клинико-рентгено-лабороторлы көрсеткіштер

Қан кету

Өкпе

Өңеш және асқазан

Мұрын қуысы

Анамнез

өкпе аурулары

АІЖ аурулары

өкпе және асқазан ауруларының жайлы мәлімет жоқ

Қан кету сипаты

Қан аралас жөтелу (исключеия: қан құсық кезінде тыныс алу жолдарына тірелу)

Қан құсу кезінде бөлінеді (иск: массивті ӨҚК)

Қанның жөтелсіз және құсықсыз пайда болу

Қанның түрі

Ала, көпіршікті: тұтығы аз, қақырық аралас. Өкпе инфаркті кезінде қою-қызыл түсті

Кофе түстес – қою – қызылтүстес артерия жыртылысы кезінде ашық-қызыл түсті

Қою-қызыл, тұйыықтылығы жоғары

Реакция Рһ

Сілтілі

Қышқыл

Сілтілі

Тамақ қалдықтарының араласуы

Болмайды (құсықпен бірге болған жағдайда)

Жиі (өңештен қан кету және аш қарында болмайды)

Болмайды

Қан кетуден кейінгі нәжісі

Қалыпты (ұзақ уақыт өкпеден қан жасырын қанға тексеру өң мәнді болады)

Қара түсті қара май тәрізді нәжіс

Қалыпты нәжісті жасырын тексергенле оң мәнді

Қан кетудің динамикасы

Қан аралас жөтел

Қан аралас жөтел болмайды

Болмайды

Объективті клиникалық зерттеулер

өкпедегі ылғалды
сырылдар, жүрек
патологиясы

АІЖ аурулары бауыр портальды гипертензия аурулары

Мұрын-жұтқыншақ аймағында өзгерістер анықталады

Рентгенологиялық зерттеулер

Кеуде қуысының органдарының патологиялық өзгерістері

өңеш, асқазан, 12 елі ішек, патология. Портальді гипертензия кезінде – спленопоротография

өзгеріс болмайды

Эндоскопиялық зерттеулер риноскопия, ларингоскопия, бронхоскопия, гастроскопия

Көмейде, трахеяда және бронхтара қанның ұйындағы эрозиялар және жаралар, гранулин және ісіктер, қанның бөліктік және сегментарлы транхтарға және т.б. құнды

Варикозды венаның қан құйылған қан тамырларының көбеюі кілегей қабаттың эроззиялары және жаралары т.б.

Қан құйылған аймақтары жиі мұрын аралық аймағында, грануляция және ісіктер және т.б.

Тыныс алу мүшелерін стандартты рентгенологиялық және эндоскопиялық тексеру тәсілдері ӨҚК көзін табуға мүмкіндік жасайды. Өкпесінен қан кеткен әрбір науқасты жедел түрде мүмкіндігінше мамандарылған ауруханаға жатқызу қажет, аурухананың бронхоскопия жасайтын және бронх артерияларына контрасты заттар жіберіп, рентгенологиялық тексерістер жүргізе алатын және өкпе ауруларына хирургиялық ем қолданатын мүмкіндігі болуы керек. Сонымен қатар ошақты және инфилтративті туберкулездің ыдырау қуыстарын, ковернозды және фиброзды – кавернозды туберкулездағы және диаметрі 1 см -ге дейін цирротикалық өзгерістерді көкірек ішілік лимфа түйіндерінің патологиясын да анықтайды. Егер ӨҚК-ге күмән туылған жағдайда компьютерлі томография көмек беретін негізгі көзі болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет