Туберкулездіњ клиникалыќ классификациясы


Емдеудің жалпы принциптері



бет18/30
Дата31.01.2023
өлшемі496 Kb.
#63977
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЕМІ

Емдеудің жалпы принциптері

Туберкулез науқасын емдеудің басты мақсаты - науқасты туберкулезден жазып шығару, яғни аурудың клиникалық белгілерін толық жойып, бактерия бөлуді тұрақты тоқтатып және зақымдалған ағзада туберкулез өзгерістерін тұрақты орнына келтіріп, науқас организмінің бұзылған қызметін барынша орнына келтіру; туберкулезден болатын өлімді және басқа жағымсыз болжамның алдын алу; рецидивті болдырмау және инфекцияның бір адамнан екіншісіне жұғуын азайту мүмкін болса тоқтату болып табылады. Бұл үшін науқасты емдеу барысында міндетті түрде емдеудің жалпы принциптерін орындау керек. Туберкулез ауруларын емдеудің жалпы принциптері:


  1. Туберкулез ауруының емі дер кезінде ерте басталуы керек. Ол үшін туберкулез ерте кезеңінде анықталуы тиісті. Бұл қағида өкпе мен басқа мүшелерде кері қайтпайтын морфологиялық өзгерістер пайда болмай тұрып, туберкулезді дер кезінде, кешіктірмей табу керек екендігін көрсетеді. Себебі туберкулездің жаңа басталған кезеңінде қолданған емнің нәтижесі, туберкулездің асқынған, емдеу мезгілі өтіп кеткен, консервативті емді жүргізгенде жазылмайтын фиброзды-каверналы, циррозды туберкулезбен салыстырғанда әлдеқайда нәтижелі.

  2. Туберкулез ауруының емі ұзақ уақыт жүргізілуі тиісті, себебі осы күнге дейін туберкулезді қысқа мерзімде жазып шығатын әдіс табылмаған. Туберкулезге қарсы жүргізілетін емнің мерзімі оның анықталу кезеңімен тікелей байланысты. Туберкулезбен ауыратын науқасты емдеудің нәтижелігі емнің ұзақтығына байланысты. Емді ерте, мезгілінен бұрын тоқтату туберкулездің өршуіне, ауру процесінің қайталануына әкеліп соғады. Емдеу уақытының қолайлы ұзақтығы туберкулездің түріне, емнің нәтижелігіне байланысты, ол 6-18 айға (орташа 1 жыл) созылады. Дер кезінде анықталмаған, туберкулездің аса созылмалы түрлерімен ауыратын науқастарға химиотерапия бірнеше жыл бойы табанды түрде жүргізіледі.

Бірақ сырқаттың жазылу уақыты туберкулездің ерте немесе кеш анықталуына байланысты. Туберкулезден емделіп жазылу мезгілін неғұрлым қысқарту бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып табылады. Осы салада біраз зерттеулер жүргізіліп, әр түрлі емдеу әдістері жасалады. Туберкулезден жазылу мезгілін екі есеге қысқартуға мүмкін екені туралы тұжырымдар айтылады.

  1. Туберкулез ауруының емі кешеңді болу керек және туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер, патогенетикалық, және симптоматикалық дәрілер, керек жағдайларда коллапсотерапия мен хирургиялық емдеу әдістері репаративті процесстерді жылдамдатуға науқас ағзасының бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған болуы қажет.

  2. Туберкулез ауруының ұзақ мерзімді емі стационарда басталып, санаторий емімен жалғасып, амбулаториялық емханада аяқталуы тиіс. Ем осы көрсетілген кезеңдерде бір жоспармен жүргізіліп, алдыңғы кезеңде басталған ем соңғы кезеңдерде жалғасады. Қазіргі кезде туберкулез ауруларын емдеудің бағасын азайту мақсатында науқастарды стационарда қарқынды ем жүргізіліп емнің көп уақыты амбулатория жағдайында жүргізіледі. Себебі емге бөлінген қаржының 60 пайызы стационарлық емге жұмсалады. Сабақтаса жүргізілген ем химиотерапияның негізгі қағидаларының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет