Егуге реакция БЦЖ вакцинасы жіберілген орында өзіне тән ортасында кішкене бөртпесі бар және шешек тәрізді қабық түзілген диаметрі 5-10 мм инфильтрат сияқты реакция пайда болады, бірқатар жағдайларда пустуляция байқалады. Кейде инфильтрат ортасында кішкене шірік (некроз) пайда болады.
Жаңа туылған кезде егілген балаларда, егу реакциясы 4-6 аптадан соң жергілікті егу пайда болады, қайта егуден соң жергілікті егу реакциясы енді 1-ші аптадан-ақ байқалады. Мұндай реакциялар қалыпты деп есептеледі де, ешқандай емдеусіз-ақ кері дамуға ұшырайды. Суға шомылу кезінде егу орнын жарақаттаудан аулақ болған жөн.
Егу орнында кері даму өзгерістері 2-4 ай ішінде, ал кей балаларда одан көп мерзімде жүреді де, оның орнында беткейлік тыртық (2-10 мм диаметрі) қалады.
Егілген және қайта егілген балаларға бақылауды дәрігер мен медициналық бикелер жүргізеді. Олар егу немесе қайта егу кейін 1, 3, 6, 12 айдан соң егу реакциясының жергілікті өзгеру сипатын және өлшемін тіркеулері керек. Бұл мәліметтер №63/у, 112/у және 26у формаларында тіркелуі тиіс.
Асқынулар Асқынуларға жататындар:
Тері асты суық абсцесі;
Беткейлік жара;
Перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті;
Келлоидты тыртықтар;
Остит.
БЦЖ егу және қайта егуден соң асқыну жергілікті сипатта болып келеді де, олар сирек кездеседі (0,02%-ке жуық).
Асқынуларға жататындар: тері асты суық абсцесі,диаметрі 10 мм-ден үлкен теріге жіберілген БЦЖ егу орнындағы жара инфильтрациясы, абсцесс түзу және кальцинация кезеңінде бездердің 1,5 см-ге дейін және одан көп үлғаюы кезіндегі перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті (қолтық, мойын, бұғана үсті, бұғана асты бездері), келлоидты тыртықтар.
Тері асты суық абцесстері. Жергілікті температуралық реакциясы болмайтын абсцесстің пайда болуымен сипатталады. Суық абсцесстің дамуы БЦЖ вакцинасын егу техникасы бұзылып және оның тері астына кетуіне, сол сияқты егілетін заттың сапалығына және оның мөлшеріне байланысты. Ол ісік тәрізді, пальпация жасағанда ауырмайды, ортасында флюктуация анықталады, кейбір жағдайда қолтық лимфа бездері ұлғаяды, егуден кейін 1-8 ай ішінде пайда болуы мүмкін.
2-3 ай ішінде өздігінен жайылып кетуі немесе флюктуация пайда болып жұмсаруы мүмкін, кейбір жағдайда иіссіз ірің ағатын өзек пайда болуы мүмкін. Суық абсцесс орнында терең жара қалады. Жазалған кезде орнында жұлдызша тәрізді тыртық түзіледі.
Емі. Ішке 2-4 ай аралағында изониазид (5 мг/кг) тағайындалады.
Жергілікті – рифампицин (0,45 г) мен 10-20%-ті димексид ертіндісінің апликациясы жасалады.
Флюктуация пайда болған жағдайда әр 2-3 күн сайын шприцпен казеозды затты шприцпен сорып, суық абсцесс аймағына стрептомицин (15 мг/кг) ерітіндісін жібереді. Суық абсцесс орнындағы жараны изониазид ұнтағын себу жолымен емдеген жөн. Егер суық абсцесс 2-3 ай ішінде жергілікті емдеуге бағынбаса, сыртқы қабығымен хирургиялық жолмен сылынып тасталады. Хирургиялық емнен кейін химиотерапия изониазид дәрісімен 1 ай аралығында жалғастырылады.
Беткейлік жара. БЦЖ вакцинасын енгізген жердегі тері және теріасты-май клетсаткасының дефектісі. Жараның пайда болуы көп жағдайда егілетін заттың жоғары реактогендігіне немесе мөлшерін көп енгізуге байланысты болады. Беткейлік жараның диаметрі 10-30 мм болады. Беткейлік жара ревакцинациядан кейін 3-4 аптадан кейін пайда болады. Ол терінің жоғарғы қабатының беткейлік жарақаттануымен сипатталады.
Жараны емдеу үшін изониазид ұнтағын, ал екіншілік инфекцияның алдын алу үшін жара айналасына бактерияға қарсы майлар жағады.