Туындыларын



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

Ү лгі
Қүнанбай
Абай
Үш  мін
Үш  қасиет
1.  Жайдаксың.  Ж айдақ 
суды ит те, қүс та жалайды.
2.  Дос  пен  қасты  сарап- 
тамайсың.
3.  О рысш ылсың.  Д ін, 
мүсылман  ж ат  санайты- 
нын  ескермейсің.
1.... Шыңыраудагы су болғанша, күралды, 
қ үралсы з,  кәрі,  ж аска  түгел   пайдасы 
тиер жайдақ су  болганды артық санаймын.
2.  ... Ел бір заманда қой сияқты болған... 
Бертін  келе  ел  түйе  сияқты  болды.  Ендігі 
ел  жылқы  сияқты  болады...  Ж ан  ашыры 
бар,  жақсылык  пайдасы  бар  кісі  ғана 
бағады...
3.  ...  Х алы к  үш ін   д е,  ө зім   ү ш ін   де 
дүниенің ең асылы — білім-өнер. Сол енер 
орыста.  Жатырқап,  қашықтауым  надандык 
болса  болар,  бірақ  қасиет  болмас...
Бүл  —  үлгі-тапсырманың  толық  түрі.  Мүғалім  тақтаға 
осыны іліп, көрнекілік ретінде пайдалануына болады. Сондай- 
ақ, әр жүптың алдына толық емес үлгіні үсынып, толтырту 
да тиімді. Оқушылар алдымен Қүнанбайдың үш мшін табады, 
содан кейін Абай жауабын да нақты, қысқа түрде келтіреді. 
Тапсырма ең алдымен ауызша, сонан соң дәптерге жазбаша
3 7


орындалады.  Накты  бір  түж ы ры мға  келу  үшін,  жүптағы 
балалар  кезектесіп  орындап,  соңынан  бір  қорытындыға 
келеді.  Әрине,  мүғалім   бүл  жүм ы ста  кеңесші,  ақылш ы 
ретінде көмекке келіп отырады.
Тапсырма  мазмүндау  тәсілімен  емес,  мәтіннен  нақты 
үзінділер ала  отырып орындалады.  Үйге  осы түжырымды 
сауал-жауапты жаттауға, рөлге бөліп айтуға беру де тиімді.
8-сынып. “Исаның ерлігі” (“Кекжолында” бөлімі,  77-85- 
беттер. “Кцздің қысқарган куні”...  дегенжерденбасталады).
Тақырыптың негізгі ерекшелігі: нақты оқиға болғанымен, 
табиғат  суреті,  қасқырлармен  айқас  баяндалатын  түстар 
бірден  есте  сақтауға,  қайта  мазмүндап  беруге  қиынырақ 
тиеді. Сабақты өту барысында осы мәселелер ескеріліп, әдіс- 
тәсілдердің ең тиімді деген түрлерін сүрыптап алған жөн.
Ең алдымен төмендегідей нүсқау-көмек үсына отырып, 
оқуш ы ларды ң  өз беттерімен оқып,  ж үмыс істеуін үйым- 
дасты ру керек:
1.  Күз  айы.  Таудай  қара  бүлт  қаптап  келе  ж атқан 
ауыл көрінісі.  Ж елдің дауылға айналуы.
2. Әзімбай, Тәкежандардың мал үшін арпалысы.
3. Малшы Иса мен оның анасы — Иіс. Иістің қарғысы. 
Қара лаш ық керінісі. А уру келін,  аш бала.
4. Исаның жайы. Әзімбайдың бүйрығы. Малға шығу.
5. Әзімбай, Тәкежанмен қақтығыс. “Ж азықсыз малға 
деген жан аш ырлықпен” оның артынан қуа жөнелу.
6.  Қатты  дауылдың  себелеген  жауынға,  жауынның 
қарға үласуы.  Қойды қуып жету.  Ж аурау.
7.  Қойға  ш апқан  қасқы рлар.  Қасқырлардың  есуас 
қомағайлығы.
8.  Қ асқ ы рларм ен  ай қасты ң  басталуы .  А лғаш қ ы  
жеңістер.
9. Тайдай қасқырдың Исаға қарсы шабуы. Ж анталас 
сәттер.  И саны ң  қ асқы р д ы   ал қ ы м ы н ан   қос  қолдап 
сығымдап түрып қалуы.
10.  Көмектің  жетуі.  Қаңбақтың  қасқырды  өлтіруі. 
Қойды ауылға айдау.
11.  Иса  ерлігінің  аңы з  болып  тарауы .  Т әкеж ан, 
Әзімбайларға деген халы қ ашуы.
12.  Исаның  қатты  науқастануы.  Ж айсыз  үйі,  ауыр 
түрмысы.
13.  Үй ішінің мүсәпір халі.  Исаның зары.
14.  Ауыр  дерттің  меңдеуі.  Талықсу.  Қасқырлардың 
Әзімбайлар болып кезге елестеуі.
15.  Аянышты  қаза.  Сорлы  ана,  бейшара  жетімдер 
зары.
3 8


Сабақтың  кіріспесінде  мұғалім  Тәкеж ан,  Әзімбайлар 
туралы түсінік бередь Ары карай үсынылған жсюпар бойынша 
әңгімені мазмүндау жүмысы жүргізіледі. Мазмүндаудан соң, 
ең негізгі, басты мәселелерді мүғалім өзі түсіндіреді. Әсіресе 
табиғат  көрінісі,  қойдың  ығуы,  арландармен  айқас  сипат- 
талатын  жерлерден  үзінділер  окиды,  түсіндірмелі  окуды 
пайдаланады. Мысалы, Исаның өлер алдындағы: “Айналайын 
апатай-ай,  көрдің-ау!  Босағада  ш іріп  кеттің-ау,  енді  не 
боларсың! Өттең... арманда кетем бе... Тым қүрыса, сендерді 
айуан  емес,  адам  дерлік  біреудің  босағасында  да  қалдыр- 
мадым-ау!”  —  деген  сөзінің  мәнін  жете  түсіндіру  керек. 
Алып күш иесі Исаның осындай бейшара тірлігі, ажалының 
себебі  неде  екенін  аш у  —  бүкіл  осы  бөлімнің  негізгі  ойын 
ашу болып табылады.
Табиғат  сыйлаған  алып  күш ті  Исаның  Әзімбайларға 
жүмсай алмауының сыры неде деген сүраққа да ж ауап беру 
керек.
Мүғалім  түсінігінен  кейін  сарамандық  тапсырмаларға 
негізделген  үжымдық  жүмыс  ж үргізуге  болады.  Сүрақ- 
тапсы рм алар м азм үны  төмендегідей болуы мүмкін:
I. 
Әңгімедегі табиғат көрінісін тауып, оқыңдар. Оның 
әңгіме оқиғасына қатысы бар ма, ж оқ па деген сауалдар 
айналасында ойланыңдар.
П. Ыққан қой баяндалатын көріністі оқып, мазмүндаңцар.
III. Қасқырлардың қойға шабуылы көрінісін оқыңдар. 
Ж азуш ы тіліне назар аударыңдар.
IV.  Қасқырлармен  айқас.  Ш ағын  эпизодтарға  бөліп, 
мына үлгіде баяндаңдар:
1 -а й қ а с .  А қ ш ы л   бөрі  топ  анасы   —  Қ ан ш ы қ  
қасқыр. Оның қойларды қыру тәсілі. Иса оны қандай 
амалмен өлтіреді?
2-айқас.  Арттан  ағындап  жеткен  күш ік  бөрінің 
өлімі. Төрт қасқырдың қырғыны.
3-айқас.  Үшінші  қасқырмен  айқас  суретін  оқу, 
мазмүндау.  Исаның өлтіру тәсілін саралау.
4-айқас.  Тайдай  арланмен  ж екпе-ж екті  зер  сала 
оқу.  И саны ң  ал ы п   к ү ш і,  қ а й р а т ы ,  а ш у -ы засы  
баяндалатын түстарды оқып, мазмүндау.
V.  Иса  үйінің  көрінісі.  Исаның  соңғы  зарын  оқып, 
мәнін түсіндіру.
VI.  Х алықтың  Исаны  марапаттауы,  Әзімбайларды 
қаралауы. Олар қандай сөздермен берілген, саралап ала 
отырып, түсінік беру.
3 9


VII.  Исаның  қатты   күйзеліс  кезіндегі  көз  алдына 
келген елестерді тауып оку. Қаскырлар неге Әзімбайлар 
болып елестейді? Автор не айтпак болған?
VIII. Исаға, Әзімбайларға дәйектемелі шағьш мінездеме 
беруге  талаптану.
Тапсырма  төмендегі үлгілердегідей  орындалуы  мүмкін 
(эпопеядагы халықтың және оқушыньщ ойлары беріледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет