Туындыларын


САБАҚТАРДА  ПАЙДАЛАНЫ ЛАТЬІН  НЕГІЗГІ  ҚОСЬІМША



Pdf көрінісі
бет44/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

САБАҚТАРДА  ПАЙДАЛАНЫ ЛАТЬІН  НЕГІЗГІ  ҚОСЬІМША 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. М.Қаратаев. “М.Әуезов”, Алматы, “Ж азуш ы ”,  1967.
2. Р.Бердібаев. “Қазақ тарихи романы”, Алматы, “Ж азу- 
ш ы”,  1979.
3.  “Біздің  М үқаң”  (естеліктер),  Алматы,  “Ж азуш ы ”, 
1980.
4. “Мүхтар Өуезов тағылымы”, Алматы, “Ж азуш ы”, 1987.
8 5


ОҚУҒА ҮСЫНЫЛҒ АН ҚОСЫМША МӘТШДЕР
“ҚАНДЫ   ҮКІМ”  (5-сынып)
Қараш оқы  Қодар  кыстауынан  алыс  емес.  Шыңгыстың 
үлкен  биігінің  бірі.  Соның  бауыры  әдемі,  тоғайлы  өзен 
болатын.  Тал-терегі болсын және тау қайыңы — қисықша 
қызыл қайың болсын, барлығы да көктеп, жайнап түр. Бүл 
ара  —  бір  қүйқалы,  ж ақсы   кыстау.  Бөкенші,  Борсақ  ерте 
кеп, осында орнап қап, әлі бауыр басып келеді.
Ы рғызбай  ішінен,  әсіресе,  қосымша  осы  Қарашоқыға 
қы зы ғуш ы лар  көп  болатын.  Бүнда  отырған  ауылдар  — 
Борсақ, Жексен аулы. Ол Борсаққа әлдеқандай көрінгенмен, 
өзге жүрттың келесінде бүта қүрым болатын.
Ж и ы н   осында  екен.  Ж ексен  аулы ,  төрт  үй.  Өзенге 
мінбелеп, төніп түрған бір тіп-тік жартастың түбіне қоныпты. 
Осы араға Қодар мен Қамқаны алып келе жатты. Тыста:
— Келе жатыр. Алып келе жатыр... Өне, Қодар... — деген 
үндер  естілген  соң,  Ж ексен  үйінде  оты рған  Қүнанбай 
бастаған  топтың  бәрі  тысқа  шықты.  Түмсық  асып  келе 
ж атқан Қамысбайлар келгенше, мүндағы барлық жиын бір 
араға  қарай  екшеліп,  ауылдың  сыртына  барып  топтанды. 
Сол  арада  қазы ққа  бүйдалап  байлап,  шөгеріп  қойған  бір 
үлкен,  биік  қар а  атан  ж аты р.  Беліне  шом  салып,  екі 
өркешінің  арасын  жоталап  биіктетіпті  де,  соның  үстінен 
бастыра  бір  ашамайды  орнатып,  мықтап  шандып,  таңып 
тастапты.
Қамқа жиыннан шошып кетті. Ж олшыбай сүрамаса да, 
енді ауылға тақала бергенде Қамысбайдан:
— Ж аным-ау, адам баласысың ғой...  Осы айыбымыз не? 
Не қылмақсыңдар? Айтып өлтірсеңші? — деген.
Бүған  шейін  “ләм”  деп  жауаптаспай  келген  Қамысбай 
енді ғана тіл қатты. Бірақ тілі зәрдей еді:
— Анау атаңмен — Қодармен жақын болғаның үпгін, қазір 
екеуің де  жайрайсың!  — деді.  Ол  осыны айтып,  “Қамқа  не 
дер  екен?”  деп  еді,  байқаса,  Қамқада  үн  ж оқ.  Бір  ғана 
ыңыранды да, сылқ етіп, аттан қүлап барады. Қамысбай өзі 
де  аттан  жығылып  қала  жаздады.  Қамқаны  қүш ақтап, 
қысып алды да, желіп отырып, жиынның алдына келді.
8 6


Алдыңғылар Қодарды түсіріп ж атыр екен.  Бү да келіп, 
Қамқаны сүйемелдей үстап түрып, өзі бүрын түсіп, артынан 
келіншекті  түсірді.  Қамқа  түскен  жоқ.  Бы лқ  етіп  қүлап 
жығылды да, талған бойында жерде сүлық жатып қалды.
Қодардың  алдында  ж үз  қаралы   жиын  түр.  Ортасында 
Қүнанбай,  Бөжей,  Байсал,  Қаратай,  Сүйіндік,  Майбасар — 
бәрі  бар.  Алдағы  осылар  да,  артында  ентелеп  түрған  — 
ақсақал, қарасақал. Әр рудың, көп рудың адамдары.  Ылғи 
атқамінері ғана.  Ішінде жүпыны киінген біреуі жоқ.
Қодар  сәлем бермеді,  өзі таңулы.  Ішінде удай қайнаган 
ыза мен ашу бар.
Ж иы н  ортасында  ж алғы з  көзі  бүған  оқтай  қадалы п 
түрған  Қүнанбайды  танып,  соған  қарап  түйіліп,  қатты  
ақырып:
— Уай,  Қүнанбай мені қүдайдың  жылатқаны  аз  ба  еді? 
Бү не қырсығың?... — дей бергенде, Майбасар бастаған әулекі 
жуандар:
— Тарт тіліңді!
— Қысқарт!
— Ж ап аузыңды! — деп арс-арс етті. Қүнанбайға жаңағы 
Қодарша зекіп сөйлеген қарсылық сөздерді олар естіген емес.
Қодар аз үндемей түрып, аналар басыла бергенде:
— Ел жүртқа масқара етіп, қор етіп, анау соқыр көзіңнің 
қүнын менен алайын деп пе едің! — дегенде Қүнанбай:
—  Ш ығартпа  үнін!  Ж оғалт  көзін!  —  деді.  Майбасар  да 
ілесе:
—  Өй,  қуарған  көктөбет!  —  деп,  қамшы  үйіріп  кеп  қап 
еді. Қодар саспастан түрып, қарсы ақырды.
—  Иә,  мен  көк  ит  болсам,  сендер  көп  итсіңдер.  Ж абы- 
ларсың,  таларсың  да,  жерсің,  —  дегенде,  Қамысбай  мен 
бағанағы төрт жігіт Қодарды сүйрей жөнелді. Сүйретіле бара 
жатып, Қодар бар дауыспен барынша шырқырап:
—  А қ,  қарам ды   тексермедің  бе,  өңшең  қан  ж ү тқ ан  
қарабет? — деп, қанталаған көзімен Қүнанбайға бүрылып, 
атып жіберердей қарады.
Бірақ осы кезде мойнына шылбыр түсіп қалып еді. Төрт 
ж ігіт  ж етектеп,  ж ы лдам   тарты п,  анадай  ж атқ ан   қ ар а 
атанның  оң жағына апарды.  Басына қап сияқты бірдеңені 
жаба  салды.  Бес-алты  жігіт  тапжылтпай,  түйенің  қабыр- 
ғасына  басып,  жығып  үстап  түрды.  Қодар  тағы  лағынет 
айтып, айқайлай беріп еді, сыртынан қатты бір күш тарпып, 
серпіп  жібергендей  болды.  Түрып  бара  ж атқан  түйенің 
қабырғасы қаққан екен.  Осыдан әрі мойнынан “лы қ” етіп,
8 7


темірдей кысып, жанын суьфып әкетіп бара жатқандай ауыр 
күш   басты.  Ж ал ған   ж апы ры лы п,  үстіне  кеп  қүлады ... 
Көзінің  оты  ж арқ  етті  де,  сөніп  бара  жатты.  Ж иында  үн 
ж оқ.  Түйенің  ар  ж ағы на  Қодармен  тең  қып  асқан  Қамқа 
түйе түрысымен, бір сәтте үзіліп кетті.  Оны бәрі көріп түр. 
Қодар бір жиьфылып, бір созылып, тез өле алмады... Батырға 
біткен  зор  денесі  созылған  уақытында  бүрынғысынан  да 
үзарып, нар түйенің бойына теңелгендей, аяғы жерге тиер- 
тиместей болды. Түйені түрғызып, бірталай үстап түрғанда, 
ж иын  әлі  үн  қатпады.  Екі  жанның  өлім  азабын  өз  үстіне 
арқалап түрған түйе де үнсіз.
Дәті  шыдамаған  Байсал  кейін  бүрылып,  шетке  шығып 
кетті. Сөйлегендер болса, сыбырмен ғана сөйлейді. Қаратай 
Бөжейге күбір етіп:
— Өле алмай қиналды-ау бақыр.  Бейшара, ж аңа білдім, 
арыс екен ғой, — деді.
Бөжей мүның бетіне қатты сүрланған жүзбен, ажырайып 
қарады да:
— Арысынды, ендеше, арыстан жеді, — деп сырт айналып 
кетті.
Ж үрт сыбырлап: — Өлген жоқ,  әлі өлген ж о қ ,... — десе 
берді.
Қодардың денесі, шынында, әлі тітіркенгендей дірілдеп 
қап, кейде тартыла түсіп қояды.
Қүнанбай  жүрттың  күбірі  көбейіп  бара  ж атқанын  енді 
сезді.  Өлтіргеннен  де  қинау  бататын  тәрізді.  Оң  қолымен 
қатты иш арат қып, түйені шөгер деп бүйырды.
Түйе  шөккенде,  Қ ам қа  серейіп  сүлқ  түсті  де,  Қодар 
өлмеген  екен,  бүктеліп  түсті.  Сол  арада  ж үртты ң  есін 
жиғызбастан, Қүнанбай қасындағы қүзды көрсетіп:
—  Ш ық  алы п  мы наны ң  басына!  Қ үлаты ңдар  содан 
кәпірді! Бітсін сонымен! — деді.
Бағанағы  Қамысбай  мен  сол  ж ігіттер  үнсіз  Қодарды 
түйенің үстіне  көлденең  салып,  арқанмен  байлады  да,  тау 
басына тарта  жөнелді.
Бүл  қүздың арғы  сырты  жазаң.  Көлбей  біткен  бетегелі 
ж азаң болатын. Тосып түрған жүрттың ішінен бірен-саран 
дәті шыдамағаны сусып, кетейін деп еді, Қүнанбай:
— Ей,  тарқама  түге!  Тоқта  былай!  — деп саңқ етіп,  зілді 
бүйрық берді. Ж үрт қайта иірілді.
Аздан соң қүздың басына  ереуілдеген ж аяулар  шықты 
да, ойдағы жиьгаға қарады. Қүнанбай түрегеліп, оқшауырақ 
шығып,  қолын  төмен  сілікті,  “таста”  дегені.  Ж оғарыдағы


төрт жігіт Қодар денесін қаумалап, ілгері-кейінді толкытып 
түрып, бір кезде тастап жіберді Бүл тас бауьф жағы ойылгандай 
шүкшиған тас еді.
Азап пен корлык шеккен, онсыз да өлі дене, жолш ыбай 
бір таска соқпастан түп-тура ағып кеп, ауыр салмақпен күрс 
етіп бір-ақ түсті.  Қазір де ш октай жиылып қалған топтың 
қақ қасына кеп күлады. Шетірек түрған кісілерге естілгендей 
боп, ақырын ғана сүйек-сүйегі сына түскендей болды.
Дәл  осы  кезде  Ж ексен  аулынан  төменгі  тоғай  ішінен 
шығып, қатты жүріп кеп, екі салт атты түсіп еді. Денелері 
ықшам, біреуі бала денелі. Олар аттарын шеткі үйге байлай 
сала,  ж ы лдам   басып  келе  ж атқ ан   Абай  мен  Ж иренш е 
болатын.
Аттан  түсе  бере,  бүлар  тас  басына  тегі  аңырап,  қарап 
түрған  жиынды  көріп,  өздері де  солай  қадалды.  Бір  кезде 
шекпенінің етегі қанаттай боп ш алқи шашылып, қүлап келе 
ж атқан  дене  көрінді.  Ж иренш е  атты  байлай  сала  топқа 
жүгіргенде, Абай көзін басып отыра кетті...  Бітті, өлді...
Мезгілімен жетсе, әкесіне өмірінде бірінші рет жалынса, 
аяғын қүшса да, өлтіртпей алып қалмақ еді. Кешігіп қалды. 
Енді топтың ішін көрмек емес.  Атына қайта  ж үре  берейін 
деп еді. Бірақ осы кезде, үнсіз түрған жиын ж ақтан жапыр- 
жүпыр дауыстар естіліп қалды.
— Сен ал!
— Е, сен ше?
—  Ал  өзің?  —  десіп  қау-қауласып  түрған  ж үрт  қолды- 
қолына бір-бір кесек тас кетеріп алыпты.  “Төбелес” пе деп 
еді.  Солай  басты.  Бүл  төбелес  емес-ті.  Қодар  қүласымен 
Қүнанбай:
— Әлі ш ыққан  жоқ.  Енді анау  кәпірден өз жанымызды 
ақтап, аулақ әкету үшін, қы ры қ рудың қы ры қ кісісі кесек 
атсын.  Ал осы жиындағы әр атаның баласынан бір-бір кісі 
кесек алыңдар қолдарыңа! — деген.
Өзі алдымен алды да, Бөжей мен Байсалға қарап жердегі 
тасты  нүсқап:  “Алыңдар!»  —  деді.  Бүйыра  айтты.  А налар 
бағынды да, тас алды.
—  Міне,  шариғат  бүйрығы.  Атыңдар  кесектеріңмен!  — 
деп,  алдымен  әзі  лақты ры п,  Қодардың  ж онынан  үрды. 
Бөж ейлер  алған  кезде,  тасты  біреу  алып,  біреу  алм ай 
тарты ны ң қы   еді.  Ж аң ағы   д аб ы рлаған   дауы с  сол  тас 
алдырып, үрғызудың бүйрықтары екен.
Абай  жеткенше  ж үрт  бірінің  артынан  бірі  тас  жіберіп 
үрып  жаты р.  Топтың  ш етіне  келе  бергенде,  Ж иренш е 
қолынан үстай алып, бетіне бетін тақап:

7-391
 
8 9
I


— Ананы қара! Мынау үрғалы ж атқан шалды қара! Осы 
Қодардың  жақыны.  Өзі  шал.  Өзі  Борсақ.  Жексен!..  Бүған 
не ж оқ екен, көк төбетке!? — деді.
Абайға нағыз өлтіруші осы сияқтанды. Ентелей үмтылып, 
Жексеннің желке жағьша тақай берғенде, Жексен Қодардың 
өлігіне қарап:
— Кет, бәлекет, ж үзі қара! Кет! — деп үлкен тасты жіберіп 
қалды.  Қодардың  денесін  Абай  ж аңа  көріп  еді.  Бас  сүйеғі 
мылжа-мылжа болыпты. Ж үрегіне қан төгілгендей қайнап 
кеп:
—  Өй,  кәпір  малғүн!  — деп,  Ж ексенді  желкеден  қойып 
жіберді.
Ж ексен  Қодарды  үрған  біреудің  топшысы  тиді  ме  деп 
сырт айналып қарағанда:
—  Не  деген  имансыз  едің,  кәрі  төбет?!  —  деп  түрған 
Қүнанбайдың баласын көрді. Абай сырт айналып кете беріп 
еді, Ж ексен бүған зекіп:
— Өй, бала!.. Ой сен өзің!.. — деп түрып, дауыстап: — Мен 
бе екен?..  Ер болсаң, әне... әкең! — дей берді.
Ж үрт:  “О  не,  о  не?”  десіп  жатты.  Абай  жылдам  басып 
атына  жетті.
Белдеуден  атын  шешіп  жатып,  осы  үй  ішінде  ж ылап 
отырған көп жанның үндерін есітті. Әйелдер көрінеді.  Бірі 
солқылдап, бірі ыңырсып, бірі сыбырлап сөйлей жылайды. 
Дауыстарын шығара алмай, қыстығып ж ылаған қатындар.
Еркектер бүл ауылдың бар әйелдері мен баласын осы үйге 
ерте бастан қаматып қойған.  Солар екен.  Қатты қорқытып 
қ о й ған   болуы   к е р е к ,  д а у ы стар ы   ж ан ш ы л ы п ,  егіл іп  
жылайды. Бү да Абайға оқтай тиді. Тыңдауға дәті шыдамай 
атына міне берді.
Осы кезде Қүнанбайға Ж ексен інаққан болу керек, әкесі 
Абайға айқайлап:
—  Ей,  қүдай  үрған,  түра  түр!  Көрермін,  бәлем!  —  деді. 
“Үстаңдар,  алып  келіңдер”  деп  айта  алмай  қалды.  Абай 
атына міне сала, ауылға қарай шаба жөнелді.
Артынан қуып жеткен Жиренше:
— Әй, Текебай тентек... Текебай тентек! — деп ат қойыпты. 
Бүлар ойга қарай жосытып кете барды.
Ж иын болып, кісі өлтіріп, ел ортасында қүлақ естіп, көз 
көрмеген сүмдықты өз қолдарымен істеп ш ыққан топ атқа 
міне сала ж ан-ж аққа шашырай тарады.  Үнсіз, жым-жырт 
айырылысты.
9 0


Ж ал ғы з-ак  Бөж ей  ғана  Сүйіндік,  Қ аратайм ен  бірге 
үшеуден-үшеу боп окшау кетіп бара.жатып,  күрсініп:
— Ер өлтіргенге күн сүраушы ең. Енді қүн сүрамақ түгіл, 
өкпе-кінә қылар да мүршаң жоқ. Өлтірген — өзіңсің. Қырық 
рудың адамы кесек атып, өзің өлтіріп отырсың, не бетіңмен 
үн шығарасың? — деді.
Қ аратай  танып  келеді,  Бөж ейдің  түп  есебінің  көбін 
Қүнанбай бүзып кетті.  Бөжейге, әсіресе, Қүнанбайдың осы 
айласы батқан секілді. Қаратай соны ескеріп:
—  Ш ариғаттың  түп  бәлесін  түпке  сақтапты  ғой.  Бүл 
ш ариғат  та  айлаға  күры қ  бере  беретін  болды  ғой.  О  да 
Қүнанбайдың қойны-қонышында десейші, — деді.
Сүйіндік басылып, шошып қалғандай екен:
—  Қүрсын!  Тек  бәле  осымен  бітсін,  тынсын  десеңші!  — 
деді.
Бөжей, коп арбасқандықтан, Қүнанбай тәсілін түпкірлей 
танушы еді:
— Біту, тыну ма? — деп күрсінді де: — Бөкенші, Борсақ, 
қаш ан  айттың  деме,  шылбырды  Қодар  мойнына  салған 
жоқсың. Бүйырса, осыменен өз мойныңа да салған боларсың, 
жазған! — деді.
Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді. Үндемей салбырап 
кете барысты.
А бай  мен  Ж и р ен ш ен ің   бүгін  бүл  п әлен ің   үстінен 
шығамыз деген ойы ж оқ болатын. Үлкендер, тегі, көпшілік 
қүлақтанбасы н  деп,  бүркеп  үстаған  болу  керек.  Ешбір 
ауылда бүндай сыбыс айтып, сыр берген ж ан білінген емес.
Жиренше  таңертең Қүнанбай аулына  бір  әдемі  тарғыл 
тазы ертіп келді.
Келуі  ауылды  азан-қазан  қып,  бала-ш ағаның  көбісін 
еріксіз шығарған.  Бүл шудың басы тентек Оспан болған.
Ж и р ен ш е  тазы сы м ен  қ о н ақ   үйдің  сы рты н а  т ақ ай  
бергенде, Оспан анадайдан коріп қалып:
— Айтақ, айтақ, жеңдер. Ойбай, жеңдер, әне, Жиреншенің 
тазысын!  Жолда5щ,  Бөрібасар,  Бөрібасар!  — деп Қүнанбай 
үйінің  көп  сары  аласы н  үран  ш ақы рған д ай   ғып,  өре 
түрғызған.
Ж иренше Оспанның бүлдіретінін алыстан біліп:
— Өй, Оспан! Айналайын! Қалқатайым... қой! Қоя ғой! — 
деп сонша тоқтатпақ болып еді, Оспан:
— Бөрібасар... Кайт! — деп сақылдап күліп, секіріп ырғып, 
бар  итін тарғыл тазыға қарай қаптатқан болатын.
91


Осы кезде қонақ үйге жетіп калған Жиренше атьш тастай 
беріп,  тазы  итін мойнынан  үстап түра  қалган.  Бірақ  жеті- 
сегіз  сары  ала  әрбір  үйдің  ы ғы нан  қүлш ы ны п  қүты ра 
шығып, “гүр-гүр” етіп кеп, қорш ап алды. Үйге де кіргізбей, 
табан аудырмай да қойған еді. Оспан Ж иренш е “қой” деген 
сайын сақ-сақ күліп, иттерін өшіктіріп:
— Ар...р...! — деп, өзі тап-тап беретін. Бірақ өңшең кексе 
тар т қ ан   иттер  Оспанның  күнде  осындай  сан  рет  ж оқ 
ш атаққа бастай бергенінен мезі болған ба, тазыны жүлмады. 
Қүр ырылдауы мен арсылдауын ғана молайтып түр.
Үлкен  үйде  отырып,  осы  шуды  естіген  Үлжан  бәйбіше 
таңертеңгі асын ішіп отырған Абайға:
—  ИІықшы,  Абайжан!  Қушы  анау  иті қүрғырды!  Тағы 
бүлдіріп жүрген әлгі жынды неме ғой! — деп, Абайды тысқа 
ш ығарып  және  үйге  кірген  бір  ж ас  әйелді  де  жүмсаған. 
Абай  Ж иренш ені  айырып  алып,  тазысымен  екеуін  қонақ 
үйге қарай алып жүрген.  Бүлар сонда кіре бергенде, жаңа 
тапқан қызығы шүғыл біткенге наразы болып қалған Оспан 
арттарынан  бүғып  кеп,  дәл  үйге  кіре  берерде  Ж иреншені 
қылтадан  қатты  шымшып,  сога-моға  қонақ  үйдің  төріне 
барып бір-ақ шыққан.  Оспан оған да сақылдап күліп:
— О, қорқақ, қорқақ, — деп мазақ еткен.
Мойнында  салдырмақ  қарғысы  бар,  қара  ауыз,  тарғыл 
қанш ы қ  Абайға  бір  түрлі  сүлу  көрінді.  Ж үты ны п  түр, 
ж ылмаң қағады.
— Аты не? — деді Жиреншеге.
— Ж елқүйын.
— Аты да әдемі екен.
—  А ты   емес-ау,  өзі  де  қоян  дегеніңді  тап  қүйы ндай 
үйытқытып соғады! — деді.
Бүл Ж елқүйын туралы өз аулындағы бір үлкен аңшының 
айтқан сөзі еді. Ж иренше осыны үнемі айта жүретін.
Абайды сол сөз бен Ж елқүйынның жаланып түрған түрі 
қатты қызықтырды.
— Қоянға шығамысың? — деді.
— Ж үр, атың бар ма? Мен сол қоянға шығып барам.
Осымен екеуі, Абайдың қүла бестісі ерттелгенше қымыз
ішіп  алды  да,  күнбатыс  ж ақтағы   Қызылшоқы  деген  үсақ 
адырға қарай желе жортып, тартып кеткен.
Бүлар Қызылшоқыға  кіре бере, алғаш  келген екпінмен 
бір  қоянды  бездіре  қуып  еді.  Алыстан  қаш қан  қоян  оңай 
ж еткізбей,  екі-үш   қы рқ ад ан   асқанда  ғана  Ж ел қү й ы н  
талдырып  жетіп,  еріксіз  алған-ды.  Осыдан  басқа  қоян  тез
9 2


көрінбеген.  Соны іздеп табамыз деп екеуі Қызылшоқының 
Ш ыңғыс  ж аққа  қараған  ш еткі  түмсығына  шейін  барып 
қалыпты.
Осы  араға  келгенде,  Ш ыңғыстың  Қараш оқы  түсынан 
шығып келе ж атқан бір салт атты кездескен. Ол Майбасар- 
дың тағы бір атшабары Жүтмағүл болатын.
Сол Жиреншеге қарап:
— Сендер одан да ана Қарашоқыға барыңцар. Бүгін сонда 
Қодарға бір сын болады. Ж үрт жиналып жатыр! — деген.
Ж иренше қатты ентелеп:
— Е, немене, Қодар мен келіні қайда? — дегенде:
— Ж аңа, Қамысбай бар, бес жігіт боп үстап әкелгелі кетті. 
Ж иын Ж ексен аулында, — деді. Ж үм агүл атын қамшылап, 
асыға шауып кетті. Ж иренш е осыны естіген соң Абайға:
—  Б арайы қ ,  көрейік!  Ж үр!  Ал  ж үр!  —  деп,  ойлан- 
дырмастан еліктіріп, алып кеткен.
Көргені әлгі. Енді қайта беттеп, тоғайлы өзенді қүлдилап 
желе шауып келеді. Абайдың іші мүздап, ж үрек қаны, ж ан 
тамыры дір-дір қағып қалтырап үріккендей. Кімнен, неден 
үркеді? Әсіресе әке... әке істеген мінез, әке қолындағы қаннан 
үркеді. Өз әкесі... қатал, кәрлі әкесі!..
Абай Жиренше сөздеріне жауап та айтпады. Өзенді бойлап 
бөктер  таудың  ішінен  ж уы қта  шыға  алмады.  Ж ол  болса, 
ж алғы з  аяқ.  Екеуі  қатар  жүре  алмайды.  Абай  алға  түсіп, 
желе-жортып келеді. Әлі қалмай жүрген Желқүйын екеуінің 
алдында. Жолдың ыңғайсыздығы әңгімені тыятын жөні бар 
еді.  Бірақ  Ж иренш е  Абайдың  артынан  өкшелеп  қалм ай 
отырып, сөйлей берді.
Ол  жаңағы  Ж ексен  аулында  бір-екі  кісімен  тіл  қатып, 
оны-мүны  естіп  алған.  Соны  айтады.  А уы рған  адамдай 
қалтырап, жүрегі қатты қобалжып келе жатқан Абай Жирен- 
шенің бар сөзін үқпаса да, бір-екі жерін анық аңғарды.
Тегі жиын ішінДе  бүгін екі сөз ауыздан-ауызға  көшкен 
тәрізді.  Екеуі де  Қодар  сөзі деп айтылған.  Біреуі — бүрып 
алған  сөз  де,  біреуі  —  дәл  өз  сөзі.  Соның  алғаш қысы  — 
Қодарды кіналаушы сөз. Бүгінгі қатал жазаның дәлелі, тірегі.
Ол:  “Қүдай  маган  қылса,  мен  қүдайға  қылам!”  —  депті 
деп,  өлтірудің қайта-қайта айтатын сөзі.
Екіншісі аз  айтылған.  Бірақ  о да  жиынға  тегіс  жеткен. 
Тегіс іште, есте қалған сөз. “Мен көк ит болсам, сендер көп 
ит... Таларсың да жерсің!” деген сөзі.
Абайды  қатты  толқытқан  осы  сөз  болды.  Ол  ж аңағы 
қатындардың жасырын зарын да еске түсірді. Ж иреншенің 
алдында келе жатып еңіреп қоя берді.
9 3


А ртта  келе  жатса  да  Ж иренш е  Абайдың  жылағанын 
байқап калып:
—  Өй,  өй,  Текебай  тентек!  Сен  не  ғып  келесің!  —  деп 
катарласкысы келді. Абай ж аска толы көзімен Жиреншенің 
торы  касқа  атының  басы  мұның  үзеңгілік  түсына  келіп 
қалғанын көрді де, тебініп қап шаба жөнелді.
Б үл  уақытта  екеуі  де  бөктер  таудан  қүтылып  шығып, 
ж азы ққа  түсіп  еді.  Абай  Қүлабестінің  басын  Көлқайнар 
ж аққ а бүра бере қамш ы басты.
Жиреншеге көз жасын көрсетпегісі келді. Анау да шапты. 
Б ірақ  Абай  жеткізетін  емес.  Ол  оқ  бойы  үзап  кетіп  бара 
жатып, өз-өзіне ерік беріп, өксіп-өксіп ж ы лап келе жатыр.
Көп жылдан бері Абай ж ы лаған емес еді. Тоқтай алмай 
егіліп  жылады.  Ағындап  үшып  келе  ж атқан  бестінің  екі 
ж ағы нда  көделі,  бетегелі  кок  дала  тасқын  судай  зулап 
ж өнеліп  артқа  қарай  қүлды рап  ағып  кетіп  ж аты р.  Екі 
қүлағы н  бітіргендей  боп,  дыңылдап  соққан  екпін  ж елі 
Абайдың  көзінен  ақ қ ан   ж астарды ,  қат-қат  тамш ыдай, 
жаңағы көде мен бетегеге үш ырып түсіріп келеді.
А бай  бүрынғы  ж ас  бала  күнінде  мүндайды  аңғарып 
сезінген де, таныған да емес. Енді байқады. Көздің жасында 
адамды  барлық  өне  бойымен  өзіне  қарай  қүлата  тартқан 
бір өзгеше ыстық күш  бар екен.  Үлкен қүз биіктің басына 
шыққанда, бір сәт ойға қарай қүлап кеткің келетін сияқты, 
озіне  тартқыш ,  үғымсыз  күш.  Бала  жүрегінде  бүл  шақта 
көп сезімінің алай-түлей қүйыны соққандай.
Бүнда  қорлықпен  өлгендерге  барынша  жаны  ашыған 
мейірбандық та бар.  Өлтіргендерге ыза мен қарғыс та бар. 
Сонымен бірге,  әсіресе бір-бірімен шарпысқан сезім:  “әке” 
деп жамандыққа қимау бар да, және сол “әкеден” шошып, 
үрку  бар.
Барлы қ ішін теңселте сіліккен,  бала жанын ойран етіп, 
сескенте тітіреткен сезім.
Ж ы лап  егілуі,  бір  сәтте,  медресе,  дін  халфелер  айтуы 
бойынша — айыптылардың күнасына өтесін сияқты, соның 
кешірімін тілеген сияқты жалбарынудың жасы ма деп еді. 
Бірақ одан тез түңіліп кетті.
— Ол емес!
Өйткені  олар  дін  атынан,  әсіресе,  имам  берген  фатуа 
бойынша  істеп  отыр  ғой.  Кімге  ш ақпақ?  Қүлазығандай 
ж апа-ж алғы з!  Өзін  бір  ең  панасыз,  ең  сорлы  жетімдей 
сезінді.  Іштен  тағы  да  бір  үлкен,  ауыр  толқын  бүктеліп, 
булығып  кеп,  бала  жүрегін  жаныш а  үрғанда,  ол  бүрын- 
ғысынан да қатты, аса қатты бір өксікпен, солқылдап жылап 
жіберді.
9 4


Дауыстап жылады. Ж иреншеге білдірмеймін деп, әлі де 
ағызып шауып келе жатқан.
Сол  шабыс  қосылды  ма,  болмаса  өзінің  бала  көңілінің 
сенделуі сондай ма, Абай бір уақытта жылау үстінде лоқсып- 
лоқсы п  булыгып  кеп  қүсы п -қүсы п  ж іберді.  А ш   өзегі 
ақтарылғандай.  Ж аны  да,  дене  де  қатарынан  қатты  азап 
шекті.
Бірақ сонда да тоқтаған жоқ. Аттың жалын қүшып алып, 
тек қана қүлап қалмасты ойлап, шаба берді.
Ж иренш еге  жеткізбеген  күйінде  Көлқайнарға  жетіп, 
шешесінің үйіне келіп түсті.
Үлжан тыста түр екен. Баласы үйге тақай бергенде, өңіне 
көзін  салып,  тіксініп  қалды.  Абайдың  түсі  қүп-қу,  қатты 
өзгерген. Тіпті Абай сияқты емес. Үлжан: “Көзім бүлдырап 
түр ма?” деп кірпігін ж иі қағып, қайта қарады. Абай. Бірақ 
тіпті ж ат реңці. Баласы атын байлап қасына келгенде, ж аңа 
байқады.  Көзі де қып-қызыл боп ісіп кетіпті.
—  Өй,  Абайжан,  қарағым  не  болды?  Біреу  тиген  бе?  — 
деп,  ішінен:  “Өкесі үрды  ма?” деп те  ойлап қап еді.  Далада 
өзге кісі ж оқ екен, Абай үндемей, шешесін қүш ақтай алды 
да, бауырына кіріп, өзінің ып-ыстық басын анасының төсіне 
басып,  жабысып  түрып  қалды.  Ж етімдіктен  қүтқарардай 
анасы бар екен!  Ж ы лау артынан ы қылық атқандай, денесі 
дірілдеп,  солқ-солқ  етті.  Бірақ  бүл  кезде  Абайдың көзінде 
ж ас жоқ-ты.  Бәрін ж ылап тауысқан.  Енді жыламасқа,  көз 
жасын  ешкімге  көрсетпеске  бекініп,  іштен  қатты  түйініп 
алған.
— Жөніңді айтшы, қарағым, не болды? Әкең үрды ма?
—  Ж оқ,  ешкім  де  үрган  жоқ,  кейін  айтам...  Апа,  төсек 
сап  берші,  ж атқызш ы!  —  деп  Абай  шешесін  қүш ақтап 
қысқан бойда, үйге қарай аяңдады.
Сабырлы Үлжан осыдан әрі еш нәрсе сүрап тақымдаған 
жоқ.  Үйде  әжесін де,  өзгені де үркіткен жоқ.  Абай жайын 
бір  жанга  білдірмеді.  Үлкен  ақ  үйдің  оң  жағы на  әкеліп, 
әжесінің жер төсегін жайлап берді де, шешіндіріп жатқызып, 
өзінің мол пүшпақ ішігімен қымтап қойды.
Әжесі:
—  Немене,  қарағым?  Үшындың  ба  әлде,  —  деп  бірдеңе 
білгісі келіп еді, Үлжан:
— Үшынған ғой. Тимейік. Ж атып үйықтап түрсын, — деп, 
малшы қатын Қатшаны шақырып ап:
—  Түңлікті  жауып,  есікті  түріп  қойшы!  А байға  күн 
түспесін!  — деп ақырын ғана айтты.
9 5


Әжесі іргеге  карап ж атқан Абайдың сыртына қадалып 
отырып,  қабағын түйіп тамсанып қойды.  Ернін  үнсіз  ғана 
қыбырлатып сиына бастады.
Таңертең Абайды ертіп кеткен Жиреншенің қайда екенін 
Үлж ан білмеп еді.  Тыста бағанағыдай тағы да  ит  шулаған 
соң,  “тазысымен  келген  сол  болар  ма?” деп үйден  шықты. 
Ж иренш е қонақ үйдің сыртына түсіп, атын байлап жатыр 
еді.  Ү лж ан  үлкен  үйдің  ж анында  түрып,  Ж иренш ені  өз 
қасына ш ақырып алды да, жөн сүрады.
Ж иренш е  таңертеңгі  қоян  қуғаннан  бастап  Ж ексен 
аулында көргенін де, жолшыбай не болганын да тегіс айтып 
болып:
—  Абай  қайда  өзі?  —  деп  еді,  Үлжан  Абайдың  жатып 
қалғанын айтып, Ж иренш еге біраз наразы салқын жүзбен 
қарады.
— Шырағым, сен бала емессің, естиярсың. Өзің барсаң бір 
сәрі. Ондай жаман, сүмдық жерге Абайды несіне апардың?
— деп, “ж ам ан”, “сүмдық” дегенді шынымен баса айтып: — 
Бала емес пе? Ш ошынар деп ойласаң нетті? — деді.
Ж иренш е сөз таба алмай үялып, қысылып қалды:
— Үят болды.  Өзім де өкіндім.  Бірақ қүдай ақына өлігін 
көрерміз деп ойлаған ж оқ ем!
— Ж арықтығым,  ендігәрі Абайды бүндай жерге бастай 
көрме!  Тіпті  басың  жас,  үлкеннің  ондай  бәлесінен  өзің  де 
аулақ ж үр? Өзімен кетсін! Көріп-біліп нетесің? — деді.
Т алай  үлкеннің  ішінде  сөзін  осындай  байсалды  қып 
айтқан, сондай өтімді, салмақты қып айтқан кісіні Жиренше 
бүрын көрмегендей болды.
Үлжанның  жай,  салқын  айтқан  сезі  бүған  үрысқаннан 
да, үрғаннан да жеңіл тиген жоқ.
Қысылғанынан,  біраз  ж ер  ш үқы п  түрып,  қонақ  үйге 
қ ар ай   бүрылды.  Ү лж ан  да  өз  үйіне  беттеді.  Ж иренш е 
ешнәрсеге бөгелместен атына мініп, тазысын жетектеп алып, 
кетіп қалды.
Бүл түс ауып бара ж атқан кез еді.
Абай кешкі қозының жамырауынан оянды. Бүгін қойды 
кеш  сауып  болған  ба,  немене,  ымырт  жамылып  қалыпты. 
Дүние у-шу,  ызың-ызың...  Бірақ соны көмескі,  бүлдыр бір 
түс араластай болжайды. Басы мең-зең. Еті лапылдап, күйіп 
түрған сияқты. Аузы қүрғап, ерні қатты кезеріп қапты. Қүр 
тамсанады. Қасында шешесі мен әжесі отыр. Үлжан мүның 
маңдайына алақанын қойып, төмен қарап отыр екен.
9 6


— Апа... Әже... Немене, мен аурумын ба осы? — деп, көзі 
жасаурап шешелеріне қарай аунап түсті.
— Иә, етің ыстық. Ауырған жерің бар ма?... — деп, Үлжан 
сүрады. Абайдың аунап түскенде, екі шекесі қатты шаншып, 
қысып ауырғандай болатын.  Соны айтты  :
Ү лж ан  енесіне  бағана,  Абай  үйы қтап  ж атқанда,  бір 
жайды айтқан:
Екеуі де:
— Шошынған ғой,  содан үшынған ғой!  — деп байлаған- 
ды.  Ж иренш еге  де,  үлкендерге  де  қатты   үрсып,  ж ерге 
түкірген.
Абай шешелерінің күндізгі жайды білгенін байқады да:
— Әкем... Әкем..! — деп әкесін еске алып, күрсініп, кеудесін 
сипап, шешелеріне қүпия қып ш аққандай боп:
—  Не  деген  қатал,  не  деген  қатты   еді!  —  деді.  Әкесі 
турасындағы іште жүретін көмескі, жүмбақ ауыр сезімдерін 
омірінде сыртқа шығарып, ең алғаш адам баласына айтқаны 
осы. Әжесі ш ала есітті. Үлжан үн қатпай, Абайға ж ауап та 
айтпады.  Бірақ  енесі  бүған  қадалып,  тізесінен  түртіп,  “не 
дегенін  айт”  дегендей  иш арат  еткен  соң,  ернін  Зеренің 
қүлағына тақап:
— Әкесін айтады. Қатал екен, неге аямады дейді, — деді.
Әжесі  үқты   да,  күрсініп,  Абайдың  бетіне  таман  кеп
маңдайынан үзақ иіскеп отырды.
— Айналдым, қарашығым, қоңыр қозым! — деп алып:
— Аямайды, аямайды ол! — деп келіп, көзін жүмыңқырап, 
басын жоғары көтере берді.
— Я, қүдая,  зар тілегім босын.  Бейуақтағы тілегім.  Осы 
қ а р а ш ы ғ ы м а   ә к е с ін ің   осы  ит  м ін езін   бере  к ө рм е!.. 
Тасбауырлығын бере көрме!..  Я,  жасаған!  — деп қүрысқан 
әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді. 
Үлжан да  ішінен “аумин” деп бата қылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет