Туындыларын



Pdf көрінісі
бет47/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
8-391
1 0 5


—  Орайы  келгенде,  ай тар м ы н   деп  ж ү р   едім.  Сенің 
басыңнан үш  түрлі мін көремін.  Соны тыңда! — деді.
Абай:
— Айтыңыз,  әке!  — деп,  Қүнанбай  жүзіне  тура  қарады 
да, тосып қалды.
— Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. 
Өзіңдегі  барыңды  арзан  үстайсың.  Бүлдай  білмейсің.  Көп 
күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың.  Ж айдақ- 
сың!  Ж айдақ  суды  ит  те,  қүс та  жалайды.  Екінші,  дос пен 
қасты  сараптамайсың.  Досқа  досша,  қасқа  қасша  қырың 
жоқ. Ішіңде жатқан сыр үшыгы жоқ. Ж үрт бастайтын адам 
ондай  болмайды.  Басыңа  ел  үйірілмейді.  Үшінші,  орыс- 
шылсың.  Солай қарай ден қойып барасың.  Дін,  мүсылман 
ж ат санайтынын ескермейсің, — деді.  Намыскер  жүректің 
ызалы  толқыны  білінді.  Ж аңа  үйде  отырған ш ақта,  пайда 
болған шабыт, қызу қайта келген еді. Бүл түста әкесін аяп 
қала алмайды.  Сөйлеп кетті:
—  Осы  үш  айтқаныңыздың  үшеуіне  де  дау  айтам,  әке. 
Өзімдікі дүрыс деп айтам. Ең әуелі, ж айдақ суға теңердіңіз. 
Қолында қүралы бар жалғыз-ж арымға ғана пайдасы тиетін 
шыңыраудағы су болғанша, қүралды, қүралсыз, кәрі, жасқа 
түгел пайдасы тиетін ж айдақ су болғанды артық санаймын. 
Екінші,  ел  алатын  тәсілді  айттыңыз.  Ел  билейтіндердің 
мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты 
болған.  Бір  қора  қойды  ж алғы з  қойшы  “ай”  десе,  өргізіп, 
“ш айт” десе, жусататын болған. Бертін келе ел түйе сияқты 
болды.  Алдына тас лақтырып “шөк” десең,  аңырып барып 
қана  бүрылады.  Ал,  қазіргі  ел  бүрынғы  көрбалалықтан, 
нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді.  Ендігі ел 
ж ы лқы  сияқты болады. А яз бен боранда, жауын-шашында 
топ  не  көрсе,  соны  көруге  шыдаған,  жанын  аямаған,  қар 
төсеніп, мүз жастанған, етегін төсек, жеңін ж астық қылған 
бақташ ы  ғана  баға  алады...  Ж анаш ы ры   бар,  ж ақсылы қ 
пайдасы  бар  ғана  кісі  бағады.  Үшінші,  орысты  айттыңыз. 
Халық  үшін  де,  өзім  үшін  де  дүниенің  ең  асылы  —  білім- 
өнер.  Сол өнер  орыста.  Мен барлық тірліктен ала алмаған 
асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма?.. 
Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет 
болмас... — деді.
Қүнанбай тыңдап болды да, күрсініп қойды. Шарасыздық 
аж ары  білінді. Бірақ үн қатқан жоқ. Сөз осымен біткен еді. 
Абай қоштасты да, ж үріп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет