“АТАНЫ Ң БАЛАСЬІ” (6-сынып)
Осы сөз болған күннің кешінде Абай Қарқаралы қаласын
ж апа-ж алғыз аралап кетті. Кейде бір іші пысып, жүдеу
тартса немесе бір нәрсеге ы рза болып, көңілі ©рбісе,
осылайша жалғыз кетіп қалуш ы еді...
Күн кешкіргенмен, әлі батқан ж оқ екен. Қала желке-
сіндегі әсем таудың қарағайлы жотасында қызыл арай сәуле
бар. Тау басында жел түрды білем. Тоғайсыз ашық жондарда
9 7
сырғақ көрінеді. Ж аяу борасындап, үйтқи түсіп қызғылт
қүйын үшқындайды.
Қала ішінде желсіз шыңылтыр аяз білінеді. Жайсыз суық
емес. Бойды ширықтырып, жинақы үстататын жеңіл мезгіл.
Таудың қалаға қараған бетін кеш көлеңкесі басқан. Ж ақын
ж ердегі ж ақп ар тастардың өзі де қазір көкш іл көлеңке
ішінде кегілдірленіп, алыстай түсіп, түнге бейімдеп барады.
Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше үзап кетіп еді... Бір
уақы тта пүш пақ айналып, даурыға сөйлеп келе ж атқан
ж аяу топты көрді... Көп адам болса да, ішінен Абайға таныс
кісі білінбеді. Күлісіп, дабырласып сөйлеп келе жатқан ылғи
жүпыны киімді жатақтар... Ж аяу жүрістерінен де қаладағы
қаракет адамдары екені танылып түр.
Б ү гін А бай кө ң іл і д үни енің бар көрінісінен бітім,
жарастық іздеген бір мейірімділік халінде. Жас, кәрісі аралас
тегіс қүрдастай күлісіп келе ж атқан топ Абайга қызықты,
ж арасты қты көрінді.
Себепсіз ж ы мия күліп, осы топты Абай көше ортасында
аңырып, тосып қалды. Бірақ топ ішінен мүны байқап, елеген
бір ж ан да ж оқ. А яқтары ш ыны қарды ш ақы р-ш үқы р
басып, жақындап қалды. Абай енді байқады. Бар топтың
ентелеп қамағаны — үлкен ақ сақалды, келісті қарт екен...
Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе ж атқан сол.
Бір тосын, ғажап нәрсе: шалды екі жағынан қолтықтасып
келеді. Ш ал өзі басын тік үстап, ілгері басып келе жатқаны
болмаса, ешқандай бет бүрмайды. Сөйлегенде де ешкімге
қарамай, тура бет алдына қарай сөйлеп келеді...
Абай мынадай озгеше шалды бірталай аңырап, қайран
қап түрып зорға аңғарды. Қарт соқыр екен...
Топтың мүны байқамағаны тіпті жақсы болды... Қасынан
өте бергенде, Абай да қосылып, ере жүрді. Осы көше бойында
ж алгы з Абай емес, қақпа алдында отырған, қарсы келе
ж атқан кісінің бәрі де ш ал тобына қызығып, ілесе келеді...
Кейінірек келе ж атқан бір бурыл сақалдыдан Абай:
— Бүл кісі кім, аға?... — деп еді. Анау таңданып:
— Е, білмеушімең Ш ежікеңді?... О не дегенің?... Бүл —
Ш еже ақын емес пе? — деді.
Ш еженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы. Атын
ести сала ол бурыл сақалдан сытыла жөнеліп, топтың
алдыңғы қатарына ілесіп, Ш өжені ж ақсылап қарап, сөзін
тыңдай бастады.
— Ш өжіке, бізге жүр!.. Біздің үйге келдік, міне, айтып
түрған мына мен, Бекбергенмін, — деді бір қырма сақал
ж аяу...
9 8
— Ж о, бізге барады...
— Уа, қойыңдар, мен өзім алыстан ертіп келемін!..
— Ой, не дейсіңдер? Ш өжікеңнің түскен үйі біздікі!.. Аты
біздікінде түр! — деп, тағы біреу үн берді.
Осындай керіс үстінде топ тегіс иіріліп, тоқырап калды.
Әрлі-берлі өткен жүргінш ілер тағы кеп косылып жатыр.
Ж аңағы даурықтардың бәрін естіп, тоқыраған Шөженің өзі.
Ол катты, аш ық дауыспен қарқылдап сүйсіне күліп:
— Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба? — деді. Ж үрт
тегіс қадірлі қарттың аузынан ш ы ққан лебізін күтіп:
— Айт, айт... Шөжіке!.. Уа, төресін өзің айт!
— Уа, қайда қонасың, өзің таңда! — десіп, анталай бастады.
Ш өженің даусы бүл дабырдың бәрін басқандай зор екен.
— Уау, осы жегізбегің — асың, жаймағың — төсегің ғой...
Дән ырзамын, ағайын... бірақ ырзамын деп қана қоймаймын,
осы жаңағы “маған-маған” деп даурыққаныңның бәріңе де
барам... Бәріңнің де асыңды ішем... Ш өженің көмейіне тас
тығылып қала қоймас енді бүл бес-он күнде... Сол сарайым
сау болса, ж аңағы үн бергеніңді тегіс мүрныңнан тізіп
түрып, бір күн түстік, бір күн қонақасы жеймін... Ал, қазір
болса, күн ызғырық тартты. Кешкірді білем. Менің кәрі
сіңірімді соза бермей, осы ең ж ақ ы н қақп аны ң біріне
бүрамысың, әкелер?.. — деді. Бастан бергі сөзінің барлығын
күле тыңдап түрған ж үрт еріксіз тоқырады... Ең ж ақы н үй
осы қақпасының алдында ж иы н түрған үй еді.
Қора иесі қалбалақтап, ішке қарай жүгіріп кетті. Ж иын
тарқай алмай, Шөжені қимай түр.
Қонақасы жайынан тоқтам тапқан ел енді Шөженің бірер
ауыз сөзін естімей кете алатын емес.
Шөженің қасында түрған бір қартаң кісі ақынға қозғау
салғысы келді білем:
— Уа, Ш өж іке, д уан ға ж аң а келд ің ғой, м үндағы
дақбыртты естіп жатырмысың? — деп еді, Шөже:
— Е, е, айт! Не дейді? Не деп ж атыр дуаның? — деді.
Ж аңағы қартаң кісі қала жаңалығынан хабардар екен.
“Қүнанбай салған мешіт бітті. Алшынбай, Қүнанбай соны
той етпек және аға сүлтан Қүнанбай ағайынымен бітісетін
бопты. Үлықпен Алшынбайлар табыстыратын бопты!” —
деді.
Абай мына сөзге аса қайран болды. Оз әкесінің атын дәл
мына жерден естимін деген ж оқ еді. “Мешіт бір сәрі, тіпті
оның араз-қүразы да иен ж үртқа мәлім екен-ау!” — деп
таңданды.
9 9
— Е-е, араздасам деп, үлыктығынан айырылып қалмасын
дейді ғой.
— Қүнанбайдың қамқоры Алшынбай бопты ғой.
— Өрине, бәр-бәрін жалғастырып, септестіріп жүрген сол
Алшынбайлар...
Тобықтыға абырой әперіп, үлы қ қып, үске шығарып
қойған да сол өздері.
— Енді, міне, Тобықтының ж емпаздары қасаптың да
семізін, лапкенің де қы зар ған ы н қ үрты п барады. Осы
маңдағы қос атаулының да қысыр тайы мен ту биелерін
түгел жемей кететін емес... — деседі.
Ш оже осы жайларды күле тыңдап түрып, бір кезде оп-
оңай өлеңдете қоя берді. А ш ы қ даусы саңқылдап:
Болыпты бір ақсақ тазы және соқыр,
Қүранды мысық сопы молдаң оқыр,
Болғанда ақсақ дария, соқыр қарға,
Ортасын дарияның қарға шоқыр, —
деді. Ж үрт тегіс ду етіп күліп жіберді... Шапшаңдығына,
айтқыштығына қайран боп, таңдай қаққандар да бар.
— А қсақ тазы — Алшынбай...
— Соқыры — Қүнанбай.
— Не қыл дейсің? Ал, қайтпас кәрің жалғыз ауыз өлеңмен
ж ай р атты да салды! — деп ж ү р т ж ап ы ры лы п сөйлеп
жатыр... Абай бүл сөздерден қатты үялы п қысылды да,
шеттей берді.
Осы кезде үй иесі шығып, Ш өжені ерте беріп еді... Ж иын
тарамастан бүрын Абай ж алғыз бөлініп, өз үйлеріне қарай
асыға жөнелді.
Төмен қарап келе ж атқан Абайдың қүлағынан жаңағы
бір ауыз өлең әлі айыққан жоқ. Бар сөзі есінде... Ішінен
қайта-қайта айтады. Ж аттап апты.
Мынау жалғыз ауыз өлең бағана, күні бойы күмбездей
боп үлкен көрініп отырған екі рудың екі шоқысын соғып,
жермен-жексен етті. Тайпитып кеткен сияқты көрінді.
“А лш еке, А лш еке” дегендері — “ақсақ таз” аталды.
Алшынбай сылти басады, ақсақ екені рас. Ал “аға сүлтан”,
“м ы р за ” атан ған өз әкесі — “қ а р ғ а !” Қ андай қ ар ға?
Қарқаралының ен байлық, ел дариясының ж алғыз еркесі.
Ж ақсы жайлысын ж апа-ж алғы з қызықтап, шоқып жеп
отырған қарға!..
1 0 0
Әлемде сөзден күш ті не бар екен? “Сөз өңменіңнен өтеді
ғой” деген Қаратайдың тағы бір тапқыр сөзі есіне түсті.
Осындай өз ойымен өзі боп, ішінен аса қатты теңселткен
бір күш ті сезген Абай көшені де, көшедегі ж үргінш іні де
аңғармай, көрмей келе ж атыр.
Бір пүш паққа жақындап қалған екен. Дәл бүрыштан
бүрылып, бүған қарсы ш ы ққан үш аттыға көзі түсті.
Аңырып түра қалды да, тез таныды. Келе жатқан Бөжей,
Байсал, Байдалы екен. Ортадағы түлкі тымақты, күрең төбел
атты — Бөжей. А қ сүр ж үзі жабыңқы. Қоңырқай мүрты
менен сақалына кеш кі аяз қы лау салыпты.
Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың
алдына жүмысы бар кісідей көлденең кеп, тосып түрды.
Аттылар мүның қозғалысын оқыс көрді ме, немесе таныды
ма, аттарын баяу бастыра бастап еді, жақындап, түстас келді.
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықш а бір
тағзыммен төсін басып, қатты дауыспен:
— Ассалаумағалайкүм!.. — деп сәлем берді.
Медреседе жүргенде: “көшеде хазіретті көрсең, осылайша
тағзым ету керек” деп халфелер үйретуші еді.
Абай көптен бері ешкімге бүйтіп сәлем беріп кәрген жоқ.
Қ арқаралы ға келгелі Бөж ейді көргені осы. Ш ешесінің
жүрердегі созі есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл-күйіне
сай келді ме?.. Қалайша бүйтіп әдеп шығарғанын Абайдың
өзі де байқамай қалған-ды.
Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпа-
йылыққа Бөжей оң назарын салды білем... атының басын
тежей беріп:
— Уағалайкүмәссәләм, балам!.. — деп тоқырай қалды.
Байсал Абайды жаңа таныған еді. Ж ақтырмай, мүрнын
тыржитып:
— Ой, мынау екен ғой, жә, жүрші! — деп, атын қозғай
беріп еді, Бөжей:
— Тоқташы! — деді.
— Ей, сол антүрғанның баласының сәлемін алушы ма ем?..
— деп Байсал Абайға қабағын түйе қарады.
Абайдың екі беті ду етті. Оқыс ж алын беті емес, ішін де
шарпып өткендей. Кінәлап, ренжіген жазықсыз баланың
отты көздері ж арқ етіп, Байсалға қадала қарады.
Бөжей Абай күйін жақсы таныған сияқты еді. Байыптап
қарап алып:
— Балам, жоніңді айтшы, бізді көрсең, сәлем бер деп әкең
айтып па еді, жоқ ездігіңмен істедің бе? — деді.
— Божіке, әкем емес, озім беріп түрған сәлемім сізге!..
101
Абай болса күндізгі өзін көңілдендірген күйін үмытпаған
болатын. Қаркаралының кейбір көше қазағы естіген татулық
ж айын Божей, Байсалдар әлі естіген жоқ-ты. Ж аңа, кешке
ж ақы н ғана Алшынбай бүл үшеуіне кісі жіберіп, өз пәтеріне
асқа ш ақырған екен. Не сөз барын білмесе де, соған аттанып
бара ж атқан беті осы еді.
Абай жауабын естіген соң, Бөжей ықыласпен қарай түсіп,
жақындады да:
— Әкең айтпай, озің білген болсаң, батамды берейін.
Козіңнен жақсы ж анар көрдім ғой, шырағым!.. — деді.
Байсал бүл сөзді де ж ақты рм ай сырт қарай беріп еді,
Бөжей оның қозғалысын танып:
— Ей, Байсал, сен бата бермегенмен, мынау болайын деп
түрған бала ғой,— деді де, Абайға бүрылып:
— Ендігінің ж үгі сенде қалар, балам! Ж олың болсын!..
Ж алғы з-ақ өзгені берсе де, әкеңнің қаттылығын бермесін!
— деп бетін сипады.
Аттылар ж үріп кетті. Байдалы бағанадан үндемеген еді.
Енді ғана Бөжейге қарап:
— Екі козі сексеуілдің шоғындай жайнап түр екен өзінің...
— деді.
Абай түрып-түрып барып қана қозғалды.
Ш ы н ба? Ш ын ай тт ы м а? Ж о қ , Б ай с а л д ы ң әлде
қаттылық, аямастық мінезі балаға ауыр тимесін деп, жаны
ашығаннан айтты ма? Бөжей не мәнмен мүндай жақсы бата
берді! Ойда жоқтан, оп-оңайдан, осындай таудай үлкен сый
бола ма?.. М ырзалық па? Ж о қ әлде Абайды аз білсе де, тез
танығаны ма? Үлкендер көреген, танығыш, сыншы ғой!
Ш ынымен-ақ танып айтқаны ма?..
Олай болса, Абай ж аман кісі емес, жақсы кісі болмақ
қой!... Бүл жайды ойлаған сайын балалық өзімшілігі қатты
ырза болды. Абайдың іші ала қызып, біртүрлі қуана серпіліп,
тез-тез қ ү л аш серм егісі келгендей. Әлде қан дай өріс
іздегендей.
Достарыңызбен бөлісу: |