Туындыларын



Pdf көрінісі
бет19/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

Ү лгі
Эпизодтар
Жоспар
Тезис
1.  “Қызыл арай сәуле” 
(Қарқаралы табигаты) .
2.  “Ак сақалды келісті 
карт”  (Шөжемен кезде■ 
су).
—  Абайдың  Қарқа- 
ралыны  аралауы.
—  А байға  кеңілді 
топтың  кезігуі.
— Қала ішіндегі жаяу 
борасын.
—  Даурыға  сөйлеген 
топпен  кезігуі.
—  Топ  ішіндегі  ерек- 
ше  қарт.
Ескерту.  Бағаналарды  ары  карай  окуш ылардың  өзі  толтырады, 
тек  үлгі  беріледі.
Ж үптық жүмыстың алғашқы кезеңінде олар эпизодтарды 
біріге отырып анықтайды, ат қояды. Жоспар-тезис жасайды. 
Екінші кезеңінде жеке-жеке жүмыс жүргізеді. Эпизодтарды 
боліп  алып,  тезистер  бойынша  мазмүндауға  әзірленеді. 
Үшінші кезеңінде әр бала өз эпизодтарын бір-біріне мазмүн- 
дайды, әңгімелейді.
Ж үптық жүмыстан соң мүғалім кітаппен жүмыс, сүрақ- 
ж ауап арқылы әңгімені ары қарай талдайды. Ж азуш ы  ше- 
берлігін,  әңгіменің коркем тілін таныту — бүл кезеңнің ең 
басты мақсаты болмақ.
31


С үрақ-тапсы рм алар үлгісі:
— Әңгімеден  Қ арқаралы   табигаты,  оның  көрінісін 
тауып  оқып,  жазуш ыны ң  тіліне  назар  аудару.  Қандай 
бейнелі  сөздер  арқы лы   табигат  көрінісін  берген,  соны 
теріп алу. Мысалы: оқушының “қы зы л арай”, “қызгылт 
қүйы н”,  “ш ыңылтыр  а я з ”,  “көкш іл  көлеңке”  сияқты 
бейнелі суреттерді табуына ықпал жасау.
— Абайга қарсы келе жатқан топ қалай сипатталады? 
Әңгімеден тауып оқу.
— Шөженің кескіндемесі (портреті) қалай берілген?
— Ш өже өлеңін оқыту,  “ақсақ тазы ”,  “мысық сопы”, 
“ақсақ дария”, “соқыр қарга” деген сөздердің мәніне назар 
аудару, оны оқушылармен бірге талдау. (АбайдыңШөже 
өлеңіне іштей берген тусініктемесіне иек арту керек).
— Бөжей бастаган топтың суреттемесіне көңіл аудару. 
Бөжей кескіндемесі қандай сөздермен берілген?
— Бөжей батасы. Оның мәні. Байдалының мақтау сөзі. 
Әңгімеден тауып оқып, түсіндіру.
—  Батадан  кейінгі  Абай  монологын  оқу.  Сүрақты 
сөйлемдердің молдыгына, оның себебіне назар аудару.
Талқылау кезінде  оқуш ыларга  өздері қалаған сүрақта- 
рына  ж ауап  беруге  мүмкіндік  туғызуға  болады.  Әлбетте, 
оқушы  өзі ж ақсы білетін,  өзіне  үнаған сүрақтарын айтуға 
талаптанады.  Басқа окуш ылар оларды тыңдап, сөз жоқ, өз 
білімдерін толықтырады. Бүл тәсіл бір-біріне білім беру, бір- 
бірін  оқытуда  тиімді  болып  келеді.  Ж азуш ы   шеберлігін 
таныту  айналасындағы  сарамандық  жүмыстарда  мүғалім 
көмекке келіп, оқушылар білімін толықтырып отырады.
Сабақтың  қорытындысында  ж оғары дағы   сызбадағы 
бағаналармен  жүмыс  істеу  жүзеге  асады.  Оны  ары  қарай 
толтыруды үйге де тапсыруға болады.  Сондай-ақ,  суретте- 
мелерді,  Бөж ейдің  батасын,  Абай  монологын  ж аттату 
сияқты  тапсырмаларды  берудің  маңызы  зор.  Тіл  үстарту 
мақсатында дифференциалдап оқытуды негізге ала отырып, 
“қы зы л  арай ”,  “қы зғы лт  қүйы н”,  т.б.  сөздердің  өзге  де 
баламаларын тапқызып, Қарқаралы табиғатының көрінісін 
жазғызуға болады. Абай портретін өз қиялдарына ерік бере 
отырып жазғызу да сабақ мақсатынан алшақтатпайды.
Тақырыпты  байыту  мақсатында,  әсіресе  Ш өженің  кім 
екенін айта кету, оның өткір жырларын оқушыларға таныс- 
тыру да артықтық етпейді. Сабақтың барысында Алшынбай, 
Қ үнанбайлар  туралы   әңгіме  қозғап  (оқуиіылардъщ жас
3 2


ерекіиелігіне сай),  олардың өмірде кім болғанынан хабардар 
ету, өткен тарихымыз бен ардақты бабаларымыз туралы ой- 
өрістерін кеңейту де тиімді болар еді.
7-сынып. “Шыңга шыққан жас шынар” («Қияда” бөлімі, 
279 284- беттер).
Алдыңғы  сыныптарда  бала  Абай,  ол  өскен  орта,  оның 
толысып, жетіліп келе ж атқан жолы туралы сөз етілсе, бүл 
үзіндіде  қияға  кадам  басып,  оң  мен  солын  толык  танып, 
халыққа, елге араласа бастаған жігіт Абай таныстырылады. 
«Абай  жолындай»  дария  еңбектің  ішінен  оқуға,  талдауға 
үсынылып  отырған  бүл  үзінділер  А байдың  кемелдену 
жолдарынан окушыны жүйелі түрде хабардар етіп, эпопеяға 
деген  ынтасы  мен  сезімін  ояту  максатында  беріледі.  Бүл 
үзіндінің  өзіндік  ерекш елігі  —  шешендік  оралымдар  мен 
пәлсапалық  ойлардың,  толғау  сипатындағы  жауаптасу- 
лардың  кезігуінде.  Өткір  сауалдар  мен  ойлы  ж ауаптар 
даулы қақтығыстардың, тақырыптың маңызын, күрделілігін 
көрсетеді.
Үзінділерді мына мәселелер айналасында қарастырып, 
талдауға болады:
— Ақбас адвокаттың ақылы. Абайдың шешімі. Ділдәнің 
өтініші.
—  Үлжан  ананың  Абайға  Зере  әжесінің  берген  батасы 
мен тілегін еске түсіруі.  Ол тілектің терең мәні.

  Үлжанның жол болсыны. Ол тілек, ©тініштің астарында 
ж атқан терең ой.
— Тойғүлы ауылы. Қүнанбай — Қаратайлар арасындағы 
замана және сол заманның оның адамы туралы пікірлер.
— Әңгімеге Абайдың араласуы. Өткір де әділ создері, ой 
тастауы. Үлкендермен сөз қақтығысы.  Үлкендердің сөзден 
тоқталып қалуы.
— Қүнанбайдың кіналауы. Үш сауалы.
— Абайдың өтімді, откір, ойлы жауабы. Ж ауап негізіндегі 
шындық.
— Ата мен бала арасындағы дау негізінде жатқан шешендік 
оралымдар, тапқыр сөздер.
— Ақшоқының жүдеу көрінісі мен айықпас мүң басқан 
Абай көңілі. Үміт, ілім-білімге деген ынта.
—  Ш ы ңга  ш ы қ қан   ж ас  ш ы нар  сипаты .  А вто р лы қ 
баяндау,  суреттеу.  Оның негізінде  жатқан  пәлсапалық  ой, 
меңзеу, бейнелеу.
Тақырыптың  күрделілігін  айттық.  Бүл  үзіндіде  қызық 
оқиғалар жоқ, әйтсе де терең ой мен шешендік оралымдарға 
негізделген сүраулар,  пікірталасулар жатыр.  Ең алдымен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет