Туындыларын



Pdf көрінісі
бет20/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

3-З‘Л
3 3


оқушылардың  ынтасын  ояту  әрі  мәтінді  меңгерту  мақса- 
тында Абай — Қүнанбай арасындағы сауал-жауапты таспа 
арқылы тыңдату, шағын көрініс қою тиімді болмак. Ж оғары 
сынып оқушылары осы мәселеде көмекке келсе, тіпті жақсы. 
Қабілетті оқушылардан іріктелген белсенді топ қарттар мен 
Абай,  А бай  мен  Қ үнанбайлар  арасы ндағы   сөз  ш арпы- 
сулардан көрініс дайындап, үзіндінің соңындағы авторлық 
баяндау,  суреттеулерді,  Абай монологын мәнерлеп  оқыса, 
оқуш ылар  қызығуш ы лы ғы н  арттырып,  нақты   талдауға 
ж ол аш ар еді.
Әдебиет — сөз өнері. Сабақтың басым бөлігінде сөздік әдісі 
белсенді жетекшілік етеді. Әдебиет сөз өнері болса да әсіресе, 
о р та  буы н  о қ у ш ы л а р ы н   тез  ж а л ы қ т ы р а т ы н ы   әрб ір 
мүғалімге белгілі. Сол себептен де оны көрнекілік әдісімен, 
сабақты  түрлендіріп  өтумен  үш тасты рып  отырған  жөн. 
Төменде көрініс қою үлгісін үсынып отымыз:
I көрініс
Ақбас 
—  Сен ж ас болсаң да, ақылды адамсың. Халқыңа 
адвокат: 
жаның ашиды екен. Оның зор қасиет. Бірақ сол 
елің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім 
жарығына үмтыл! Оқу ізде!
Абай: 
—  Оқуға  ж ан ы м  қүм ар.  Б ір ақ  қай тіп  оқимын.
Школға түсуге үлғайып кеттім... Басқа оқудың 
жолы бар ма? А қыл айтыңызшы!
БастаушъЕ —  Адвокат көп мәслихат бердь Ең әу елі үлкейгендік 
бөгет емес екенін айтты. Ж асы қы ры ққа келіп 
те білім іздеп, өз-өзінен ізденіп, ғалым болып 
ш ы ққан кісілер бар екен. Солардың аттарын 
атады және оқуды школға түспей оқуға бола- 
тынын да айтты.
Абай тез уақы тта қайта келмекке уәде берді. 
Адвокат частный оқытатын учитель тауып бер- 
мек болды. Сонда бүған білім есігі оңай ашыла- 
тынын айтты.
Ү лжан: 
— Қарағым, әжең марқүм сені жалғызым деуші еді.
Айналасындағы өзге өрен-жараны бір төбе бол- 
ғанда, сен оған бір төбе едің. Есінде бар ма, жоқ па? 
Сырқаттанып жатқан шағында, зауал уақытында 
бір тілек айтып еді.  Сол сөзді айтқан анаң да 
кетті!..
Заман сенікі, майдан сенікі. Солардың балуаны 
бол. Қай жолмен жүрсең, мүратың орындалады. 
Аяғыңа оралғы боламыз ба? Ж олың болсын!
3 4


П көрініс
Бастаушы:
Абай:
Бастаушы:
Абай:
Құнанбай:
Қүнанбай касындагы ылғи қарт серіктері, бас- 
тығы Қаратай, жорға Жүмабай, Ж ақы п сияқ- 
тылар. Тойғүлының үш тамы лық толы жиын. 
К үлкі, қы зу дырду көп.  А байлар Қүнанбай 
отырған үйғе кіріп, үндемей әңгіме тыңдады. 
Сөздің көбін Қ аратай бастап отыр.  Қ аратай 
өздерінің жас кезін айтып, әкелер заманьш еске 
алып кеп, бүғінғі заманның азғанын, бүгінгі 
адамның қүнарсыз боп, ж үтаң тартып бара 
ж атқанын  айтты.
Бүрынғы заманның жақсылығы со ма, қатар 
отырған бір туысқан елдер бірін-бірі шауып, 
жаншып, сойқаннан айырылмаушы еді. 
Кемпір-шал, қатын-бала тыныштықпен үйқы 
үйықтап, түгелімен асын іше алмауш ы еді. 
Осы тұрған Сыбан мен Тобықты арасында, 
Тобықты мен Семей арасында жалғыз-жарым 
қатынаса алмаушы еді. Алып кетеді, ж ұлып 
кетеді деп, ылғи ғана жасанып жүрупгі едіңдер... 
Сол заман да жақсы ма екен?
Қарттар көнген жоқ.  Ол күндерден әр түрлі 
қасиеттер тауып: барлықты, байлықты да са- 
нады. Бүрынғы адамның бітімді келетінін, ірі- 
лігін де айтты.
Көшітіліктің сөзіне Қүнанбай қосылып кеп, тағы 
бір салмақты дәлел тастады.
Дәурен үзаған сайын, акыр заман белгісі айқьш- 
дала бермек. Адам қүлқы  өзгеріп, азғындай 
түседі. Біздің заманымыз өзгені қойғанда, Пай- 
ғамбар заманына жақынырақ. Бір табан жа- 
қын болса, бәлкім, артық та болар!... 
Ж ақ сы л ы қ  пен игілікке ал ы с-ж ақы н ж оқ. 
Алатаудың басы күнге жақын. Бірақ басында 
мәңгі кетпес мүз жатады. Ал бауырында неше 
түрлі гүл, жеміс, неше алуан нәубеттер ©седі. 
Ж ан-жануарлардың баршасы содан қуат ала- 
ды.  Сіздер Пайғамбарға Абуталыптан  ақын 
емессіздер. Ол әкесі еді. Бірақ Абуталып кәігір 
болатын!
Ж ә, тоқтат! Сен оқыдың да, білім алдың, үстаз 
көрдің. Біз надан өстік. Бірақ сол білімің ж үрт 
алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған?
3 5


Көп көзінше таласып кеп, әкеңді сүрінткенде, 
не м үратқа жетпексің?
Абай: 
— Ол кінәңыз орынды. Айып менде екені рас. Ғафу 
етіңіз!
Қүнанбай: — Орайы келгенде, айтармын деп ж үр едім. Сенің 
басыңнан үш  түрлі мін көремін.  Соны тыңда.
— Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айыр- 
майсьщ. Өзіңдегі барынды арзан үстайсьщ. Бүл- 
дай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке 
асылынды шашасьщ. Жайдақсың! Ж айдақ су- 
ды ит те, қүс та жалайды. Екінші дос пен қасты 
сарап тамайсың. Досқа досша, қасқақасша қы- 
рың жоқ. Тнгінде жатқан сыр үшығы жоқ. Ж үрт 
бастайтын адам ондай болмайды. Басыңа ел 
үйірілмейді. Үшінші, орысшылсың. Солайқа- 
рай ден қойып барасың. Дін, мүсылман ж ат са- 
най санайтынын ескермейсің.
Абай: 
— Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, 
Өке. Өзімдікі дүрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдақ 
суға теңгердіңіз. Қолында қүралы бар жалғыз- 
ж ары м ға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы 
су болғанша, қүралды, қүралсыз, кәрі, жасқа 
түгел пайдасы тиетін ж айдақ су болғанды ар- 
тық санаймын. Екінттті, ел алатын тәсілді айтты- 
ңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Ме- 
нің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. 
Бір қора қойды жалғыз қойшы “ай” десе, өргі- 
зіп, “ш айт” десе, жусататын болған. Бертін ке- 
ле, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақты- 
рып “шөк” десең, аңырып барып қана бүрылады. 
Ал, қазіргі ел бүрынғы көрбалалықтан, нашар, 
момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі 
ел жылқы сияқты болады. Аяз бен боранда, жа- 
уьш-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, 
ж аны н аям аған, қар төсеніп, мүз жастанып, 
етегін төсек, жеңін ж астық қылған бақташы 
ғана баға алады... Ж ан ашыры бар, жақсылық 
пайдасы бар ғана кісі бағады. Үшінші, орысты 
айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің 
ең асылы — білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен 
барлық тірліктен ала алмаған асылды содан ала- 
тын болсам, ондай ж ер жатым бола ма?... 
Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, 
бірақ қасиет болмас...
3 6


Бүл  сабақта  да  ж үпты қ  жүмыстың  маңы зы  ерекше. 
М үғалім  түсіндірмелі  оқу  ар кы л ы   әңгіменің  ең  негізгі 
бөлімдерін, яғни Абай мен Қаратайлар, Абай мен Қүнанбай 
араларындағы сауалдар, сөз қақтығыстарын қайталап оқып, 
олардың  негізінде  ж атқан  ойды  түсіндіреді,  “пайғамбар”, 
Абуталып жайында қысқаш а түсінік береді.
Ал ж үптық ж үмыс жүргізу үшін төмендегідей мазмүн- 
дағы  сүрақ-тапсы рм алар беруге болады:
— Қалай ойлайсыңдар,  “ақыр  заман” туралы аталар 
пікірін  неге  Абай  А латауды ң  баурайындағы  байлық 
арқылы жоққа шығарады? (АбайменҚаратай, Қ^нанбайлар 
арасындагы диалогтерге назар аударыңдар.  Оқып шыгып, 
жауапты мәтіннің узіндісінен оқып беріңдер.)
— Қүнанбайдың жеңілгенін үзіндіден  мысал  келтіре 
отырып дәлелдеңдер.
—  Қүнанбайдың  Абай  бойынан  тапқан  үш   кінәсын 
қайта оқып, өз түсініктеріңмен мазмүндаңдар.
— Абайдың жауабына, яғни өзімдікі дүрыс деп айтқан 
сауалына назар аударыңдар. Оңгімені қайталап оқындар, 
әрқайсысын түжырымды түрде айта біліңдер.
Үжымдық жүмыс арқылы бекіту, қорытындылауда бүкіл 
сынып оқушыларымен мынадай жүмыс жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет