Туындыларын



Pdf көрінісі
бет33/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

5-391
6 5


емес сөйлеу дағдысын қалыптастыруға әсер етеді. Әуезовше 
сөйлеуге  дағды ланды рады .  М үғалім   кез  келген  әдеби 
шығарма бойынша билер тартысы сабағын өткізіп отырған, 
ал  оқуш ы лар  кез-келген  көркем  ш ығарма  негізінде  тіл 
дамыту  еңбегіне  ат  салысып  ж атқан  ж оқ,  олар  Абайдан 
кейінгі  қазақ  әдеби  тілінің  баюына  ғаж айы п  үлес  қосқан 
Әуезов шығармаларының негізінде жүмыс жүргізіп жатыр. 
Оқушылардың  көркем  тілін дамытуда  пікір  қорғау,  әдеби 
айтыс сабақтарының да орны ерекше. Ауызша сөйлеу тілінде 
әдеби таласқа түсетін балалар сылдыр сөзбен емес, өз ойларьш 
дәлелді түрде жеткізу үшін, ғылыми материалдармен, әңгіме 
болып ж атқан көркем шығарманың өзінен нақты мысалдар 
алып, үзінді дәйектемеге сүйене отырып сөйлеулері керек. 
Мысалы,  пікірталас “Абай ж олы ” эпопеясындағы өйелдер 
бейнесі, соның ішінде “Үлжан бақытты ана ма?” деген сүрақ 
айналасында  жүрсе,  оқуш ылардың  Үлжанның  мына  бір 
сөздерін  қолдануына  болады:  “Балам-ай,  күндестің  аты  — 
күндес те!  Қу жараны ж алап ж азған боламыз да.  Әйтпесе, 
менің де қай сырымды біліпсің! Балам, үлкендер бірде тату, 
бірде араз бола беретін,  “Күндестің күлі де күндес” дегенді 
сен білмей-ақ қой.  Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді бер. 
Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақүл? Қайдан 
білдің? Әкең дүшпан десе, сен әділ бол!”.
Бүл үзінділер, біріншіден, Үлж ан бейнесін ашуға көмек 
жасаса, екіншіден, “күндестің аты — күндес”, “күндестің күлі 
де күндес” деген сияқты бүгінде қолдануда сирек кездесетін 
сөздерді  оқуш ыларға  таныстырады.  Тоғжан,  Әйгерім,  т.б. 
әйелдер  бейнесі  туралы  сөз  қозғағанда,  олардың  жоғары- 
дағыдай  тек  сөйлеу  тілі  емес,  портреті,  іс-әрекеттерін 
сипаттайтьш жерлерден де мысал алу тиімді Себебі М.Әуезовтің 
көркем, сүлу тілі әйелдер бейнесіне ерекше үйіліп-төгілген. 
Ж оғары да  айтылып  кеткендей,  тіл  үстартудың  көркем 
шығарма тілінің негізінде жүргізілуінің бір тәсілі — осындай 
мәтінмен жүмыстар.
Эпопеядағы  әйелдер  бейнесін  оқы туға  сарам анды қ 
ж үмыстар  ж үргізе  отырып,  оқушылардың  көркем  тілін 
дамыту  айналасында  еңбектенуге  болады.  Сарамандық 
жүмыс  жазуш ының  әйелдер  бейнесін  жасаудағы  эстети- 
калық табысы айналасында орындалады. Портреттер бойынша 
теңеу,  эпитеттерді  анықтату  сияқты  жүмыстар  істелінеді. 
Сондай-ақ эпопеяның “Ж айлауда” бөлімі (324—334-беттер) 
бойынша  жазушының  тіл  көркемдігіне  талдау  жасату  — 
аса  тиімді.  Осы  он  ш ақты  бетте  Әуезов  Біржан,  Оралбай, 
Керімбала,  Әйгерім,  Үмітей,  Байбала,  Б азаралы ларды ң 
кескін-келбетін шебер, небір айшықты сөздермен кестелейді.
6 6


Осының алдындағы оқиғалардан жүдеу тартқан сезім  осы 
беттерді оқығанда, көктем гүліндей қүлпырады, ғаж ап бір 
нүрлы  ж айлауға тап болғандай болады.  Әуезов  ж ырлаған 
қуарған  сахарадан  бір  сәт  кәусар  суын  ішіп,  сүлулы қ 
жүмағына  кіргендей сезінесің де,  дүние  әп-сәтте үж м аққа 
айналып ж үре береді.  Мысалы,  Әйгерім әні,  оның Абайға, 
айналасына  әсері  былай  суреттелінеді.  “Ал,  бибай,  саған 
айтам игайымды”...
Арғы сөзі Абайдың қүлағы на кірген жоқ.  Барды айтып 
жатқан сөз емес, әуен мен үн... Көп күміс қоңырау сән түзеп, 
бір  үн сала  ма?  Әлде  нендей  ғайып  текті ақ  қанатты  асыл 
зат  кок  жүзінде  күнге  шағылыса  ма!  Күміс  сыбдыр  нүр 
шаіпып,  сырлы аспанға, мәлімсіз сапарға, серікке ш ақыра 
ма?! “Берші сараң, сырдаң бойынды. Түшліп қалған жүрегің, 
тартынып  қалған,  аш ы лм ай  тығы лған  ж ан   сырың  бар. 
Ашшы  сырыңды!  Өрге,  онерге  ш ақырайын  бар  үніммен. 
Иықтан басқан зілден, мынау дел-сал күйден өтші! Сонда... 
сонда осы толқынды торғын желек астындағы ж ас сүлудай, 
жаныңдағы  жарыңдай,  соның  нәркес  коз,  бүлбүл  нақыс 
үніндей, онер тогілер еді озіңнен! Шықшы іркілмей, бүқпашы 
баяу?  Мені  де  иіктір,  езің  де  өрлеп,  ж елікш і,  желпінші. 
Мынау нәзік қоңыр сәулелі колеңке сияқты қорғалық, асыл 
өнеріңді ашшы!” дейді. Ж үртқа қарап ш ырқаса да, Абайға 
арнап наз тілек тастап отыр”.  Ал осындағы  бірде-бір  созді 
озгертуге болмайды. Немесе, Абай қаншама Тоғжан бейне- 
сінде  қабылдасын,  қанш а  Тоғж анға  үқсатсын,  Өйгерім 
п о ртретін е  Т о ғж ан   п о р тр етін ен   бір  сез  а у ы с ты р у ғ а  
болмайды.  Ж азуш ы   шеберлігі де,  қүдіреттілігі  де,  тілінің 
көркемдігі де  осында  жатса  керек.  Оқушылардың  коркем 
тілін дамыту, ең алдымен, сол озі оқып ж атқан шығармасын 
үлгі  етуден  басталуы  керек.  Сабақ  түрлері  коп.  Баланың 
тілін оның түрлері дамытпайды, сондағы түрлі жүмыстар, 
яғни тіл үстартуға арналған әр түрлі жүмыстар дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет