Тукибаева куралай базарбековна



бет35/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Экономикалық

  • бюджеттік қаржыландыру;

  • субсидиялар;

  • пайызсыз несиелер;

  • мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз ету

  • жеңілдікпен салық салу және несие беру;

  • туристік салада инновациялық қызметпен айналысатын кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қаржылық қамтамасыз ету;

  • туристік салада инновациялық қызметпен айналысатын қызметкерлерді мүліктік қолдау;

  • тәуекелдерді сақтандыру




Ұйымдастыру-шылық

  • инновациялық қызметке қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтама- сыз ететін маманданды- рылған құрылымдар құру

  • инновациялық әзірлемелер мен жаңа жобалардың көрме-тұсаукесерлерін ұйымдастыру;

  • өңірдің туристік салада инновация- лық қызметті дамыту мәселелері бойын- ша конференциялар мен семинарлар өткізу




Жоспарлы, құқықтық, әкімшілік

  • инновациялық жобаларды жүзеге асыру, сараптау, мони-торингілеу процесін әзірлеу;

  • туристік салаға бейімдел- ген инновациялық саясатты қалыптастыру;

  • туристік салада иннова- циялық стратегия әзірлеу;

  • - туристік салада иннова циялық қызметті дамытудың стратегиялық жоспарын құру

  • нормативтік-құқықтық базаны жетіл- діру туристік саланың инновациялық дамуын басқару үшін қолайлы құқықтық өріс қалыптастыру мақсатында




Ақпараттық, әлеуметтік

  • туристік саладағы инно- вациялық қызметтің дамуы на жүйелі талдау және болжам жасау;

  • - моральдық көтермелеу

  • консалтингтік қызметтер көрсету жүйесін қалыптастыру;

  • инновациялық жобалардың деректер базасын қалыптастыру




Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [166]

46-кестеден көрініп тұрғандай, басқару субъектілері туристік саланың инновациялық дамуына тікелей және жанама әсер ете алады. Тікелей әсер ететін әдістер мен құралдар жиынтығына мыналар кіреді:



  • туристік саладағы инновациялық қызметті қаржылық қолдауға бағытталған экономикалық әдістер мен құралдар;

  • инновациялық қызметке қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды және инновациялық қызметті жүзеге асыратын туристік сала кәсіпорындарына (қаржылық, кадрлық, өндірістік және ақпараттық) кешенді қолдау көрсететін мамандандырылған құрылымдарды қалыптастыруға бағытталған ұйымдастыру әдістері мен құралдары;

  • туристік саладағы инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы институционалдық орта құруға бағытталған жоспарлы, құқықтық және әкімшілік әдістер мен құралдар;

  • туристік кәсіпорындарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге және олардың қызметкерлерінің инновациялық қызметін ынталандыратын мотивациялық шешімдерді қалыптастыруға байланысты ақпараттық және әлеуметтік әдістер мен құралдар;

Жанама әсер ету әдістері мен құралдарын пайдалану туристік сала кәсіпорындарының инновациялық қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті алғышарттарды жасауға және осы негізде олардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Құралдарды әр жағдайларда пайдалану олардың тиімділігіне әсер етеді. Мысалы, инновациялық қызметтің бастапқы кезеңінде (іргелі, іздестіру және қолданбалы зерттеулер жүргізу) тікелей әсер етудің экономикалық, әкімшілік, нормативтік-құқықтық әдістері мен құралдарын қолдану орынды болып табылады. Алайда, инновациялық қызметтің келесі сатыларында (ғылыми-эксперименттік және игеру сатысында) тікелей әсер ету әдістері жеткілікті түрде тиімді болмауы мүмкін, бұл жанама әсер ету құралдарын пайдаланудың басымдылығын негіздейді. Бұл туристік саладағы инновациялық қызметтің әр кезеңдегі мақсаттарын, міндеттерін, басқару әдістері мен құралдарын ескеру қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты инновацияларды құру және енгізу процесінің әрбір кезеңі үшін туристік саладағы инновациялық қызметті жандандыруға ықпал ететін басқарушылық ықпал етудің мақсаттары мен міндеттері негізделді (47-кесте).

Кесте 47 – Туристік саланың инновациялық дамуын басқару механизмінің мақсаттары мен міндеттері





Инновациялық цикл кезеңі

Мақсаты

Міндеттері

Ғылыми-теориялық

Жаңа идеялар мен техноло- гиялық әзірлемелерді генера- циялау үшін жағдайлар жасау

  1. Ғылым мен білімге инвестиция салу.

  2. Инновациялық қызметпен айналы- сатын кәсіпорындардың білім деңгейін арттыру

Ғылыми-эксперименттік

Перспективалық идеялар мен әзірлемелерді қолдау

  1. Инноваторларды ресурстық қолдау.

  2. Инновацияларды ілгерілетуді ынталандыру

Игеру кезеңі

Инновацияларды енгізу және тарату үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру

  1. Инновациялық белсенділікті ынта- ландыру.

  2. Инновациялық жобаларды жаңғыр- туға жәрдемдесу.

Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [166, с.99]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет