Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын инновациялық дамытуды басқарудың факторларын бағалау
Бүгінгі таңда туристік саланың бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен жаһандық нарықтағы жағдайы саланың инновациялық дамуын басқаруға тікелей байланысты. Ұзақ мерзімді перспективада туристік саладағы инновациялық қызмет болмаса, қарқынды даму жолында одан әрі экономикалық өсу мүмкін емес. Сондықтан, Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласының инновациялық дамуын басқаруға кедергі келтіретін және оның инновациялық белсенділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды бағалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін факторларды анықтау керек. Осы мақсатта туристік саладағы сарапшылар қатысқан эксперттік сауалнама жүргізілді. Бірінші кезеңде дельфи әдісі таңдалып, сауалнама құрастырылды және сарапшылармен келісілді. Екінші кезеңде сауалнама екі раундта өткізіліп, сарапшыларға жіберілді. Бірінші раундтан кейін ең аз ұпай жинаған сұрақтар алынып тасталды. Осылайша, жаңа сауалнама бірінші раундқа қатысқан сарапшылар тобына қайта жіберілді (33-кесте).
Кесте 33 − Респонденттер саны
Раунд
|
Респонденттерге жіберілді
|
Респонденттерден жауап алынды
|
Жауап берген респонденттердің %
|
Алдын ала
|
50
|
37
|
74
|
1 раунд
|
220
|
148
|
67,2
|
2 раунд
|
148
|
94
|
63,5
|
Ескерту − Автор құрастырған
|
94 респонденттің 22,3% - ер адамдар, 77,7%-ы әйелдер, жас құрылымы бойынша респонденттер 18-24 (4,3%), 25-34 (44,7%), 35-44 (33%), 45-54 (10,6%), 55+ (7,4%) шамасында болды. Олардың 41,5%-ы жоғары білімді, 56,4%-ы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, 2,1%-ы орта білімі бар азаматтар. Респонденттердің 36,2%-ының табысы~ 210 000 ₸ аз құрайды, 52,1% -ының табысы ~₸ 210 000-420 000 теңгені, 11,7%-да ~₸420 000-840 000 теңгені құрады. Бұл ретте респонденттердің 11,7%-ы ҚР Туризм индустриясы комитетінің, «Қазақтуризм» ҰК АҚ, «Convention Bureau», «Туристік Қамқор» КҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері болса, 45,7%-ы туроператорлар мен туристік агенттіктер, 39,4%-ы университеттер өкілдері, респонденттердің ең аз бөлігі туристік саладағы қауымдастықтарға тиесілі - 3,2%. Сауалнама нәтижелерін https://drive.google.com/drive/folders/1lw7NPR0pxCyHHaYlYlWgAQ3E4Pzk_DC6?usp=sharing сілтемесі бойынша көруге болады.
Екі раундтың негізінде дәйектілікке қол жеткізіліп, негізгі компоненттер әдісімен факторлық талдау үшін 48 сұрақ анықталды, бұл туристік саланың инновациялық дамуы бойынша қазіргі жағдайды дәл сипаттауға мүмкіндік береді. Сауалнама үшін құрастырылған 48 сұрақ «Oslo Manual. Guidelines for collecting and interpreting innovation data» сияқты OECD халықаралық ұйымының зерттеулері мен 1-ші бөлімдегі теориялық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған факторлардың 11 тобын құрайды (34-кесте).
Кесте 34 − Туристік саласының инновациялық дамуын басқаруға әсер ететін факторлар топтары
Факторлар
|
Субфакторлар
|
1
|
2
|
1. Туристік саладағы инновациялар құру жөнін- дегі коллаборациялар
|
Қатысушылар арасында тәуекелді бөлу
|
Зерттеулер мен әзірлемелерге бірлесіп қол жеткізу
|
Инновация үшін серіктестер табудағы қиындық
|
2. Кедергілер
|
Инновациялық шығындардың тым жоғары болуы
|
Жаңа идеяларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін жеткілікті дағдылардың, білімнің болмауы
|
Жаңа идеяларды әзірлеу мен жүзеге асыруды қолдау үшін техникалық жабдықтардың/технологиялық шешімдердің болмауы
|
Жаңа идеяларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарының жетіспеушілігі
|
Сыртқы қаржыландыру көздерінен қаражат тапшылығы
|
Инновациялық қызметтерге сұраныстың белгісіздігі
|
3. Мемлекеттік қолдау
|
Оқыту, менторинг
|
Субсидиялар, гранттар
|
Салықтық жеңілдіктер
|
Инфрақұрылым бойынша қолдау, техникалық қолдау
|
Туристік саладағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, жобаларды қаржыландыру
|
4. Инновацияларды жүзеге асырудың табыстылығы
|
Күшті басқарушылық көзқарас (strong vision)
|
Инновацияға бағытталған ұйымның мәдениеті
|
Жаңа сынақтарға (челлендж) және тәуекелге ұмтылу
|
Креативтілік
|
Компаниядағы жаңа инновацияларға қажеттілікті анықтау
|
Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру тәсілдерін білу
|
Жаңа технологияларды қолдану
|
Күшті қаржылық стратегия құру
|
5. Инновацияның дамуын шектейтін компания ішіндегі ұйымдастырушылық қиындықтар
|
Қызметкерлердің өзгерістерге деген көзқарасы мен қатынасы
|
Басшылықтың өзгерістерге деген көзқарасы мен қатынасы
|
Компанияны басқару құрылымы
|
6. Шектеу факторлары
|
Құн факторы
|
Білім факторы
|
Нарық факторы
|
Институционалды фактор
|
7. Құн факторы
|
Шамадан тыс болжанатын тәуекелдер (мысалы, капитал тәуекелі)
|
Жоғары құн
|
Меншікті капитал ресурстарының жетіспеушілігі
|
Сыртқы көздерден қаржыландырудың болмауы
|
8. Білім факторы
|
Инновациялар үшін әлсіз әлеует (R&D&I, дизайн және т. б.)
|
Компания ішінде де, еңбек нарығында да құзыретті кадрлардың жетіспеушілігі
|
Технология туралы ақпараттың болмауы
|
34-кестенің жалғасы
|
Туристік нарық туралы ақпараттың жеткіліксіздігі (талдамалық деректер, маркетингтік зерттеулер, статистикалық деректердің толық болмауы)
|
Ынтымақтастық үшін серіктестер табудағы қиындық
|
9. Туристік саладағы әлсіз инновациялық белсенділіктің негізгі себептері
|
Туристік бизнес өкілдерінің әлсіз қызығушылығы
|
Туристік бизнес тарапынан инновацияларды енгізу және қолдану мотивациясының болмауы
|
Инновацияларды әзірлеуге жұмсалатын шығындардың жоғары деңгейі
|
Туристік саланың шетелдік инновациялық технологиялық әзірлемелерге тәуелділігі
|
Туристік қаржылық қолдаудың әлсіздігі
|
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жобалар үлесінің төмендігі
|
Туристік саладағы жобалар үшін шектің үлкен болуы
|
10. Жаңа идеялар мен тұжырымдамаларға ашықтық
|
Сіздің компанияңыз/ұйымыңыз жаңа идеялар мен инновацияларға ашық па?
|
11.Инновацияларға ұмтылу
|
Біз инновацияларды бағалаймыз, жаңа идеялар мен көзқарастарды тани аламыз және оларды тез енгізе аламыз.
|
Инновация — біздің басымдықтарымыздың бірі. Біз жаңа идеялар мен көзқарастарды қалыптастыра аламыз.
|
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [159; 160, 161]
|
Жоғарыда аталған 11 фактор 33-кестеде 11 айнымалыға сәйкес келеді, сондықтан бұл 11 айнымалы 11 компонентке тең. Әр компоненттің меншіктік мән деп аталатын сапа көрсеткіші болады, тек жоғары мәні бар компоненттер нақты негізгі фактор деп есептеледі. Меншікті мәндер – дисперсияның жалпы мөлшерін білдіреді және оны осы негізгі компонентпен түсіндіруге болады, мәселен, 1-ден үлкен мәнге ие меншікті мәндер белгілі бір фактордың жоғары салмағын көрсетеді. Факторлардың жалпы дисперсиясының нәтижелері 35-кестеде көрсетілген.
Кесте 35 − Экстракция әдісі: негізгі компоненттерді талдау, факторлардың жалпы дисперсиясының нәтижелері
Компо
ненттер
|
Бастапқы меншікті мәндер
|
Жүктеме квадраттарын алу сомасы
|
Жүктеме квадраттарының айналу сомасы
|
барлығы
|
ауытқу %-ы
|
жиынтық %
|
барлығы
|
ауытқу %-ы
|
жиынтық %
|
барлығы
|
ауытқу %-ы
|
жиынтық %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
4.354
|
39.581
|
39.581
|
4.354
|
39.581
|
39.581
|
1.062
|
9.654
|
9.654
|
2
|
1.634
|
14.854
|
54.434
|
1.634
|
14.854
|
54.434
|
1.054
|
9.585
|
19.239
|
3
|
1.135
|
10.320
|
64.754
|
1.135
|
10.320
|
64.754
|
1.042
|
9.473
|
28.711
|
4
|
0.930
|
8.457
|
73.211
|
0.930
|
8.457
|
73.211
|
1.029
|
9.350
|
38.062
|
5
|
0.678
|
6.163
|
79.374
|
0.678
|
6.163
|
79.374
|
1.021
|
9.283
|
47.344
|
6
|
0.619
|
5.628
|
85.003
|
0.619
|
5.628
|
85.003
|
1.013
|
9.208
|
56.552
|
7
|
0.425
|
3.861
|
88.864
|
0.425
|
3.861
|
88.864
|
1.010
|
9.180
|
65.732
|
35-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
8
|
0.364
|
3.313
|
92.177
|
0.364
|
3.313
|
92.177
|
1.008
|
9.160
|
74.892
|
9
|
0.353
|
3.209
|
95.385
|
0.353
|
3.209
|
95.385
|
0.941
|
8.551
|
83.442
|
10
|
0.268
|
2.440
|
97.825
|
0.268
|
2.440
|
97.825
|
0.919
|
8.359
|
91.801
|
11
|
0.239
|
2.175
|
100.000
|
0.239
|
2.175
|
100.000
|
0.902
|
8.199
|
100.000
|
Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған
|
Меншікті мән ережесіне сәйкес меншікті мәні 1-ден кем емес компоненттер 3 факторды құрады, сапа көрсеткіштері төмен өзге компоненттер есепке алынбайды (26-сурет).
Сурет 26 − Туристік саланың инновациялық дамуын басқаруға әсер ететін факторларды анықтау бойынша негізгі компоненттерді талдаудың сызықтық диаграммасы
Графикте компоненттер Х осінде – Component number, ал меншікті мән Y осінде – Eigenvalueдеп көрсетілген. Графикке сәйкес қызыл сызықтан жоғары мықты факторлар (Strong factors), қызыл сызықтан төмен әлсіз факторлар (Weak factors) көрсетілген, яғни, алғашқы 3 компоненттің меншікті мәні 1-ден жоғары, сондықтан, біз оларды «мықты факторлар» деп қарастыратын боламыз, әрі қарай, 26-сурет компоненттердің меншіктік мәндері бірден түсіп кеткенін көрсетіп тұр. Компоненттердің матрицасы – элементтер мен компоненттер арасындағы Пирсон корреляциясын көрсетеді және ол корреляциялар факторлық жүктемелер деп аталады (36-кесте).
Кесте 36 − Компоненттік матрица
Достарыңызбен бөлісу: |