Инновациялық әлеует – нарық субъектілерінің инновациялық қызметін жүзеге асыруды және инновациялық өнімді құруды қамтамасыз ететін инновациялық ресурстардың (материалдық, қаржылық, ақпараттық, зияткерлік, технологиялық және ғылыми-техникалық) жиынтығы.
Инновациялық стратегия –бұл нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін өнімдерді, технологияларды, басқару нысандары мен әдістерін жаңарту бойынша таңдалған бағыттарының жиынтығы.
Инновациялық саясат –бұл ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін кәсіпкерлік қызметке енгізуді қамтамасыз ететін басқарушылық, ұйымдастырушылық, экономикалық және технологиялық шешімдердің, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Туристік саланың бәсекеге қабілеттілігі –бұл туристік қызметтердің қосымша құнын құру, ресурстық базаны және бәсекелестер арасында жоғары нарықтық позицияларды сақтау қабілеті болып табылады және ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған динамикалық процесс.
R&D&I процестері – бұл R&D&I менеджменті жүйесін басқару мақсатында, қызметіне бөтен кәсіпорындардан мамандар тартылатын және қызметі R&D&I менеджменті бөлімшесімен орындалатын, жаңа ой-пікірлерді іздеу, білімдер мен тәжірибелерді жинау, жаңаларды құру және бар технологифяларды жетілдіру үшін тапсырма берілген R&D&I жобаларын орындау мақсатында R&D&I бірліктерімен орындалатын қызмет.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР ИИДМБ
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы