Ғылым: жоғары оқу орындары, R&D&I, ғылыми-зерттеу институттары, сондай-ақ шығармашылық, зияткерлік, инновациялық кеңістіктермен (коворкинг орталықтары, лофт-кеңістіктер, бизнес-кеңістіктер) ұсынылған «идеяларды қалыптастыру нүктелері» және т.б. Мұнда білім береді, инновациялық экожүйені сапалы адам ресурстарымен байыта отырып, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді.
Бизнес-бірліктер: холдингтер, кәсіпорындар, қаржылық және өндірістік топтар, банктер, инвестициялық қорлар және т.б. Құрылымдық бөлімшелердің тізімін жасау кезінде алдағы интеграцияның бағыттарын ескеру қажет, экожүйедегі нақты құрылымдық бөлімшелер үшін жауапкершілік салаларын анықтау маңызды болып табылады;
Әлеуметтік орта аймақта инновациялық ойлауды қалыптастыруды, халықтың экожүйеге деген қажетті адалдығын, өнімдер мен қызметтерге сұранысты және т.б. қамтамасыз етеді.
Венчурлық инвестициялар нарығы. Инновациялық экожүйеде пайда болатын және дамып келе жатқан инновациялық жобалар, әдетте, жоғары тәуекелмен сипатталады, оларды венчурлық қаржыландыру нарығының қатысушылары қаржыландырады. Венчурлік капитал нарығы екі сектордан тұрады: венчурлік қорлар және бизнес-періштелер.
Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Материалдық емес инфрақұрылымға келесілер жатады: консалтинг, жоба экспертизасы, сыртқы нарықтарға шығуға көмек, сондай-ақ технологиялар трансфері саласындағы қызметтер, зияткерлік меншікті қорғауға және бағалауға көмек, компаниялардың инновациялық қызметін сүйемелдейтін инновациялық қызмет түрлерінің аутсорсингі, веб-сайттар мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді, мобильді қосымшаларды әзірлеу және жобалау; нарыққа жаңа өнімдерді жылжыту саласындағы қызметтер және басқалар.
Экожүйенің қалыптасуы инновациялық ортаның дамуымен байланысты [78, с. 32]. Инновациялық экожүйенің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарттарының бірі – инновацияларды басқару әдістерін қолдану. Сюзан Дёрст бойынша табысты инновациялық экожүйені дамытудың негізгі нүктелері келесідей [82] (4-кесте).
Кесте 4 – Табысты инновациялық экожүйенің негізгі параметрлері
Параметрлер
Шағын топтар
1
2
Ресурстар
Ресурстарды басқару
Ресурстарды орналастыру
Ресурстардың қолжетімділігі
Әр түрлі ақша қорларына қол жеткізу (мемлекеттік, жеке)
Басқару
Инфрақұрылымға ұзақ мерзімді инвестициялар
Ақпаратты мұқият талдау арқылы шешім қабылдау
4-кестенің жалғасы
1
2
Жүйенің барлық мүшелеріне қатысты сауатты тайм-менеджмент
Тәуекелдерді жүйелі бағалау
Серіктестер арасындағы өзара әрекеттесуді қолдау үшін интернет қосымшаларын пайдалану