Тукибаева куралай базарбековна



бет32/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Компоненттер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Туристік салада инновациялар құру жөніндегі коллаборациялар







0.831







0.321
















36-кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Кедергілер

0.570







0.669

-0.398



















Мемлекеттік қолдау

0.581

0.339

0.378

-0.469






















Инновацияларды жүзеге асырудың табыстылығы

0.706













-0.575
















Инновацияның дамуын шектейтін компания ішіндегі ұйымдастырушы-лық қиындықтар

0.726










0.319

0.320

0.441













Шектеу факторлары

0.801



















-0.482










Құн факторы

0.725




-0.306




-0.367



















Білім факторы

0.802
















-.306













Туристік саладағы әлсіз иннова- циялық белсенділік тің негізгі себептері

0.819































Жаңа идеялар мен тұжырымдамаларға ашықтық




0.815







0.331



















Инновацияларға ұмтылу




0.804

-0.352

























Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

36-кестенің нәтижелері бойынша бір айнымалы бірнеше факторлармен корреляцияланады. Егер айнымалының факторлық жүктемесі 1-ден асса, ол айқас жүктеме деп аталады және бұл жағдайда факторларды интерпретециялау қиынға түседі, сондықтан, бұл мәселенің шешімі ретінде ротацияны қолдануға болады, яғни, факторлық жүктемелер факторлар бойынша қайта бөлінеді. Бұл талдауда біз Varimax (Variable maximization – айнымалыларды максимизациялау) айналу әдісін қолданамыз, оның мақсаты интерпретацияланатын жүктеме матрицасына қол жеткізу болып табылады, яғни кейбір айнымалылар үшін жоғары жүктемелермен және басқалар үшін төмен жүктемелермен нақты белгіленген факторларды анықтау қажет [86, р. 158; 87] (37-кесте).


Кесте 37 – Айналдырылған компонент матрицасы





Факторлар

Компоненттер


































1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Туристік салада иннова- циялар енгізу













0.980






















37-кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

бойынша кол- лаборациялар


































Кедергілер

0.942































Мемлекеттік
қолдау







0.918

























Инновациялар ды жүзеге асырудың табыстылығы










0.900






















Инновацияның дамуын шектей тін компания ішіндегі ұйым дастырушылық қиындықтар




0.898




























Шектеу факторлары

























0.835







Құн факторы






















0.865










Білім факторы




























0.826




Туристік саладағы әлсіз инновациялық белсенділіктің негізгі себептері































0.813

Жаңа идеялар мен тұжырым- дамаларға ашықтық
















0.941

0.304













Инновациялар- ға ұмтылу
















0.311

0.936













Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

37-кестедегі барлық компоненттерді интерпретациялаудан кейін біз келесі қорытындыға келдік: 1-ші компонент «кедергілер» факторын, 2-ші компонент «ұйымдастырушылық қиындықтар» факторын және 3-ші компонент «мемлекеттік қолдау» факторына сәйкес келеді, яғни, жоғарыда баяндалған мәліметтерге сәйкес туристік саланың инновациялық дамуын басқаруға ұйымдастырушылық қиындықтар, инновациялық дамудың мемлекеттік қолдауы мен кедергілері әсер етеді:



  1. Кедергілер жаңа идеяларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін жеткілікті дағдылардың, білімнің, техникалық жабдықтар мен технологиялық шешімдердің болмауын, жаңа идеяларды әзірлеу мен оларды жүзеге асыруға қолдаудың болмауын, қаржы ресурстарының жетіспеушілігін қамтиды.

  2. Инновацияның дамуын шектейтін компания ішіндегі ұйымдастырушылық қиындықтарға қызметкерлер мен басшылықтың көзқарастары, компанияның басқару құрылымы жатады.

  3. Туристік саланың инновациялық дамуына мемлекеттік қолдаудың болмауы факторына оқыту, тәлімгерлік, субсидиялар, гранттар, салықтық жеңілдіктер, инфрақұрылымдық және техникалық қолдау, туристік саладағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, жобаларды қаржыландыру кіреді.

Сонымен қатар, қызмет көрсету саудасы жөніндегі Бас келісімнің (ГАТС), OECD & eurostat (2005) Oslo Manual: Guidelines for collecting & Interpreting Innovation Data, А.М. Хьялагер, В.А. Молчанова, С.В. Валеева, В. Абернати мен К. Кларк ұсынған инновация типологияларына сәйкес Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласындағы инновацияның басым түрлерін анықтау мақсатында эксперттік сауалнама жүргізілді және ол үшін келесі инновация түрлері негізге алынды [157-159]:

  • өнімдік инновациялар (туристік нарықтың жаңа сегменттерін игеру, туристік өнімді әртараптандыру, электрондық гид-жол көрсеткіш, виртуалды турлар және т.б.);

  • процестік инновациялар (жаһандық тарату жүйелері, брондаудың автоматтандырылған жүйелері, блокчейн технологиялары, CRM бағдарламалары);

  • ұйымдастырушылық инновациялар (туристік саланы ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер, жаңа туристік-рекреациялық аймақтарды құру);

  • маркетингтік инновациялар (тұрақты тұтынушылар үшін жеңілдікті баға белгілеу, «барлығы қосылған» сату жүйесі);

  • басқарушылық инновациялар (басқару жүйесінде бұрын шешілмеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, қалыптасқан практикадан айтарлықтай ерекшеленетін және салада, ұйымда алғаш пайдаланылатын басқару жүйесі, рәсімі немесе әдісі);

  • ресурстық инновациялар (ресурстардың жаңа түрлерін туристік процеске тарту немесе алдын ала белгіленген қасиеттері және жаңа мақсатты функциясы бар ресурстар құру (Үлкен панда қаласы, Динозаврлар паркі);

  • тұжырымдамалық инновациялар (туристік саланың, туристік қызметтердің жаңа тұжырымдамаларын құру және оларды қызмет көрсетудің жаңа форматтарында жүзеге асыру, мысалы, Ice Hotel сияқты тақырыптық қонақ үйлер);

  • бизнес-модельдердің инновациялары (тұтынушы үшін оның құны мен құндылығын арттыратын бизнесті жүргізудің жаңа тәсілдері; мысалы, e-tourism, қонақ үйлердің геймеризациясы);

  • туризм логистикасындағы инновациялар (туристік өнімді туристерге жедел және сапалы жеткізу бойынша шығындар мен уақытты азайту).

Сауалнама нәтижелерін https://drive.google.com/drive/folders/1lw7 NPR0pxCyHHaYlYlWgAQ3E4Pzk_DC6?usp=sharing сілтемесі бойынша көруге болады. Бұл талдауда жоғарыда сипатталған РСА әдісі қолданылды, компоненттердің жалпы дисперсиясының нәтижелері 38-кестеде көрсетілген.

Кесте 38 – Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласындағы инновациялардың басым түрлерін анықтау бойынша компоненттердің жалпы дисперсиясының нәтижелері





Ком
по
нент тер

Бастапқы меншікті мәндер

Жүктеме квадраттарын алу сомасы

Жүктеме квадраттарының айналу сомасы

барлығы

ауытқу %-ы

жиын тық %

барлы ғы

ауытқу %-ы

жиынтық %

барлы ғы

ауытқу %-ы

жиынтық %

1

5.655

62.838

62.838

5.655

62.838

62.838

1.123

12.482

12.482

2

0.854

9.488

72.326

0.854

9.488

72.326

1.115

12.385

24.867

3

0.535

5.944

78.270

0.535

5.944

78.270

1.044

11.605

36.472

4

0.488

5.428

83.698

0.488

5.428

83.698

1.014

11.267

47.739

5

0.392

4.351

88.048

0.392

4.351

88.048

1.005

11.167

58.906

6

0.339

3.766

91.814

0.339

3.766

91.814

0.999

11.102

70.008

7

0.304

3.376

95.190

0.304

3.376

95.190

0.982

10.912

80.920

8

0.242

2.683

97.874

0.242

2.683

97.874

0.875

9.721

90.641

9

0.191

2.126

100.000

0.191

2.126

100.000

0.842

9.359

100.000

Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

38-кестеге сәйкес, бірінші компонент 1-ден үлкен меншікті мәнге ие және ол 27-суретте көрсетілген.





Сурет 27 − Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саладағы инновациялардың басым түрлерін анықтау бойынша негізгі компоненттерді талдаудың сызықтық диаграммасы


Компоненттер матрицасы бір компоненттің бірнеше айнымалылармен корреляциясын көрсетеді, сондықтан Varimax ротациясы орындалды (39-кесте).


Кесте 39 − Компоненттік матрица



Факторлар

Компоненттер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Өнімдік инновациялар

.864



















.333




Процесстік инновациялар

.847






















.319

Ұйымдастырушылық инновациялар

.825










-.346













Маркетингтік инновациялар

.816










.396













Басқарушылық инновациялар 

.813




-.302



















Ресурстық инновациялар

.812







-.308
















Тұжырымдамалық инновациялар

.754

.404




-.342
















Бизнес-модель инновациялары

.739




.578



















Туризм логистикасындағы инновациялар

.643

.677






















Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

Бұл талдауда біз түсінікті жүктеме матрицасына қол жеткізу үшін тағы да варимакс (Varimax) айналу әдісін қолдандық (40-кесте).


Кесте 40 − Айналдырылған компонент матрицасы





Факторлар

Компоненттер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Өнімдік инновациялар

0.914

























Процесстік инновациялар




0.882






















Ұйымдастыру-шылық инновациялар







0.822



















Маркетингтік инновациялар










0.847
















Басқарушылық инновациялар  













0.820













Ресурстық инновациялар
















0.819










Тұжырым дамалық инновациялар



















0.806







Бизнес-модель инновациялары







0.329













0.755




Туризм логисти-касындағы инновациялар

























0.745

Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

40-кестедегі ротация нәтижелері 1-ші компонент өнім инновациясымен байланысты екенін көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды, Астана қаласы мен Ақмола облысындағы туристік сала субъектілері үшін инновацияның басым түрі ретінде өнімдік инновация бірінші орында тұрады, өйткені, ол, туристік нарықта бәсекелестік артықшылық береді, мұндай инновациялардың жаңалығы өндірушілерге, жеткізушілерге, тұтынушыларға және бәсекелестерге айқын болып келеді, мысалы, туристік нарықтың жаңа сегменттерін дамыту, туристік өнімді әртараптандыру, электронды гид, виртуалды турлар және т.б. Алайда, туристік нарық қатысушылары арасында бизнес-модель инновациялары мен туризм логистикасындағы инновациялар, процестік, ұйымдастырушылық, маркетингтік, басқарушылық, ресурстық, тұжырымдамалық сияқты өзге инновация түрлеріне көңіл бөлінбейді, сәйкесінше зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларда бұл инновация түрлері ескеріле бермейді.


Қорытындылай келе, зерттеу нәтижелері туристік саланың инновациялық даму деңгейі төмен екендігін көрсетті, оның инновациялық дамуын басқаруға қаржылық мәселелер, білімге және технологиялық шешімдерге байланысты кедергілер мен компания ішіндегі ұйымдастырушылық қиындықтар қатты әсер ететіндігін анықтады, сондай-ақ, туристік саланың инновациялық дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі айқындалды. Сарапшылар туристік саладағы инновация түрлерінің ішінен тек өнім инновацияларына басымдық берді, бұл туристік саладағы өзге инновация түрлерінің дамымау себебін түсіндіреді. Сәйкесінше, осы олқылықтарды жою үшін біріншіден, туристік саласының инновациялық дамуын басқару механизмін жүзеге асыру маңызды мәселе болып табылады. Екіншіден, тиісті инфрақұрылымды, басқару жүйелерін, инновациялармен жұмыс істеу құралдарын жүйелі дамытуды көздейтін инновациялық стратегияны қалыптастыру қажет. Үшіншіден, инновацияларды дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімшелер құру. Төртіншіден, қызметкерлерге негізгі жұмыс уақытында инновациялық жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бесіншіден, қызметкерлерді инновациялық қызметті дамытуға ынталандыру:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет