Тукибаева куралай базарбековна



бет34/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

H3. Инновациялық орта туристік саладағы R&D&I-ды нығайтуға оң әсер етеді. Біріншіден, инновациялық орта сала субъектілерінің инновацияларды құруға және енгізуіне, инновациялық процестерді жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Екіншіден, инновациялық орта − инновациялық процестің барлық негізгі қатысушыларының мүдделерін біріктіретін тізбек, интеллектуалды және ғылымды қажет ететін өнімдер нарығы, инновациялық бизнесті венчурлық қаржыландыру саласы, технологияларды трансферттеу және коммерцияландыру саласы, жаңа білім генерациялау орталығы. Туристік саладағы R&D&I-ды нығайтудағы инновациялық ортаны дамытудың негізгі бағыттары келесідей: ғылым, технология, өндіріс, бизнес және мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайту, тәжірибе және білім алмасу үшін экономиканың әр түрлі салаларынан мықты мамандарды тарту. Инновациялық ортаның функциясы − инновациялық өнімдерді немесе қызметтерді құру, тарату және пайдалану үшін инновациялық процестің субъектілері мен қатысушыларының тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Н4. Туристік саланың инновациялық дамуын басқару мен туристік саладағы R&D&I-ды нығайту арасындағы байланыс инновациялық саясат және стратегия арқылы жүзеге асады. Инновациялық саясатты әзірлеу және оны қолданысқа енгізу – туристік саладағы инновациялық қызметті жүзеге асыру мен R&D&I-ға инвестициялау үшін мықты іргетас болып табылады. Инновациялық саясаттың болмауы − зерттеу сапасының төмендігі, қымбат бизнес орта, зерттеу нәтижелерін тестілеуге арналған инфрақұрылымның жоқтығы, инновацияны жеткіліксіз қаржыландыру сияқты бірқатар проблемаларға әкелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясындағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатына ерекше назар аударылған. Туристік саладағы инновациялық саясат инновациялық қызметті үздіксіз жүзеге асыруға қолайлы болатындай етіп қалыптастырылуы тиіс. Сондай-ақ, инновациялардың дамуы мен жүзеге асырылуының ең тиімді жолы – ұзақ мерзімді болжауға негізделген инновациялық стратегия көмегімен анықталады. Инновациялық стратегияның негізгі элементтеріне жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін инновацияларды құру; стратегиялық бейінді инвесторларды тарту, стратегиялық серіктестермен кері байланыс орнату жатады [162-163].
H5. Инновациялық стратегия мен инновациялық саясат туристік саланың бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді
H5.1 Инновациялық стратегия туристік саланың бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Туристік саланың инновациялық дамуы туристік бағыттардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық стратегия арқылы жүзеге асырылады. Инновациялық стратегия сұраныстың маусымдық параметрлерін, яғни, қызметтердің бағыттары мен түрлері бойынша қызығушылықтардың өзгеру динамикасын анықтауға және болжауға, туристік бағыт пен турөнімді таңдау кезінде ынталандыруды мұқият зерделеуге көмектеседі. Инновациялық стратегия динамикалық, икемді және тез жаңартылатын болуы керек, өйткені кез келген ұзақ мерзімді стратегия кәсіпорынға, жалпы салаға зиян келтіруі мүмкін. Инновациялық стратегияның нәтижесі – ұлттық туристік өнімнің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі болып табылады [163, с. 79-80].
H5.2 Инновациялық саясат туристік саланың бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Туристік саланы дамытудың ойластырылған инновациялық саясатын әзірлеу туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда басты рөл атқарады. Сондықтан саланың инновациялық дамуы мен оның қолайлы инновациялық ортасын қалыптастыру үшін ең алдымен, мақсатты түрде туристік саланы дамытуға бағдарланған инновациялық саясат қажет және бұл ретте оның нақты тиімділігіне баса назар аудару керек. Инновациялық саясатта инновациялық экожүйенің орны ерекше, себебі, ол тұтастай алғанда экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады, сондай-ақ, дамыған және аз дамыған аймақтар арасындағы алшақтықты азайту құралы ретінде қарастырылады [164-165].
H6. Туристік саладағы R&D&I-ды нығайту туристік саланың бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Туристік саладағы R&D&I-ды нығайту саладағы орын алып жатқан өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, жаңа технологияларды қолдану есебінен туристер ағымын ұлғайтуға, қоршаған ортаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, инновациялық турөнімдер, қызметтер мен процестердің пайда болуына едәуір ықпал етеді және туристік саланың қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды шарты болып табылады. Алайда, туристік сала субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мен дамыту проблемаларының бірі – туристік саладағы R&D&I-дың төмен деңгейде болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл процеске билік органдарының, туристік қызметті басқару органдарының және әр түрлі қоғамдық ұйымдардың шешімдері әсер етеді [18, с. 40; 23, р. 20; 67, с. 114].
Туристік саланың инновациялық дамуы бойынша зерттеудің тұжырымдамалық моделін сынақтан өткізу мақсатында туристік саладағы сарапшылар арасында екінші сауалнама жүргізілді (41-кесте).

Кесте 41 − Респонденттер саны





Респонденттерге жіберілді

Респонденттерден жауап алынды

Жауап берген респонденттердің %

329

175

53%

175 респонденттің 37,7%-ы ерлер, 62,3%-ы әйелдер, жас құрылымы бойынша респонденттер 18-24 (47,4%), 25-34 (16,6%), 35-44 (21,1%), 45-54 (9,7%), 55+ (5,1%) жас шамасында болды. Респонденттердің 62,3%-ы жоғары білімді, 29,7%-ы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, 4%-ы орта-арнайы және 4%-ы орта білімді, 45,7% респонденттің табысы- 224 000 ₸ аз, 40% -~₸ 225 000-449 000,12,6% –~₸450 000-899 000 және1,7% -900 000 ₸ және одан жоғары. Бұл ретте респонденттердің 21,7%-ы ҚР Туризм индустриясы комитетінің, «Қазақтуризм» ҰК АҚ,«Convention Bureau», «Туристік Қамқор» КҚ, «Атамекен» ҰКП және 45,7%-ы туроператорлар мен туристік агенттіктер, 12,6%-ы-қонақ үйлер мен санаторийлер, 15,4%-ы университет өкілдері, респонденттердің ең аз бөлігі туристік саладағы ассоциацияларға тиесілі-4,6%. Сауалнама нәтижелерін https://drive.google.com/drive/folders/ 1lw7NPR0pxCyHHaYlYlWgAQ3E4Pzk_DC6?usp=sharing сілтемесі бойынша көруге болады.


Модельді сынауда әр құрылымның өлшенген элементтерінің тұрақтылығы мен сәйкестігін бағалау үшін сенімділік талдауы маңызды болып табылады. Элементті жою туралы шешім қабылдауда қолданылатын басты критерийге Альфа-Кронбах коэффициенті жатады. Жалпы, 0,30-дан төмен түзетілген корреляция элементтері алынып тасталды. Сенімділік талдауы альфа-Кронбах коэффициенттерін есептеу арқылы екі кезеңде жүргізілді (42-кесте).

Кесте 42 − Кронбах Альфа коэффициенті





Айнымалылар

Альфа Кронбах коэффициенті

Туристік саланың инновациялық дамуын басқару

0.89

Туристік саладағы R&D&I-ды нығайту

0.75

Инновациялық орта

0.80

Инновациялық саясат

0.81

Инновациялық стратегия

0.77

Туристік саланың бәсекеге қабілеттілігі

0.83

Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

Жоғарыда келтірілген 42-кестеде Nunnally және Bernstein ұсыныстарына сәйкес Кронбахтың альфа коэффициенттері 0,70-тен асты. Сондай-ақ, CFI, SRMR и RMSEA коэффициенттері есепке алынды (43-кесте).


Кесте 43 – Модельдің сенімділігі мен нәтижелері үшін коэффициенттер шегінің өлшемдері





Модельдің сенімділік коэффициенттері

Қысқарту

Қолайлы шек

Модель нәтижесі

Сәйкестіктің салыстырмалы индексі

CFI

≥ .95

0.936

Такер-Льюис Индексі

TLI

≥ .95

0.926

Орташа квадраттық жуықтау қатесі

RMSEA

< .06 - .08

0.06

Стандартталған орташа квадраттық қалдық

SRMR

≤ .08

0.121

Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

43-кестедегі модельдің нәтижесі коэффициенттер қажетті шектен асып кеткенін көрсетті және бұл Андерсон мен Гербинг теориясына сәйкес модельдің дұрыстығын растайды. Гипотезаларды тексеру үшін айнымалылардың дисперсиясы (R2), жол ауытқуының коэффициенті (β), олардың маңыздылық деңгейлері (t-мәні) өлшенді. Мұндағы жол ауытқуының коэффициенті (β) – айнымалылар арасындағы қатынасты көрсетеді, коэффициент жоғары болса, байланыс та жоғары болады, (R2) белгілі бір тәуелді айнымалы үшін тәуелсіз айнымалылармен түсіндірілетін вариация шамасын көрсетеді, t-мәні таңдамалы деректердің өзгеруіне қатысты айырмашылықтың өлшемін өлшейді (44-кесте).


Кесте 44 − Гипотезаларды тестілеу нәтижелері







β0

Коэффициент β

Стандартты ауытқу

t-статистика*

P -коэффициент

Нәтиже

Н1

2.245

0.790

0.375

5.444

0.000

Расталды

Н2

2.245

0.790

0.375

5.444

0.000

Расталды

H3

2.581

0.906

0.239

5.937

0.000

Расталды

Н4

2.297

0.680

0.061

6.239

0.000

Расталды

Н5.1

2.325

0.692

0.374

5.465

0.000

Расталды

Н5.2

2.423

0.851

0.191

6.561

0.000

Расталды

Н6

2.480

0.857

0.601

6.069

0.000

Расталды

Ескерту − Бағдарлама көмегімен құрастырылған

44-кестеден көрініп тұрғандай, 6 гипотеза расталып, зерттеудің тұжырымдамалық моделінің эксперименттік тестілеу нәтижелері 26-суретте көрсетілген.



Сурет 28 − Туристік саланың инновациялық дамуы бойынша зерттеудің тұжырымдамалық моделін эксперименттік тестілеу


Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [18, с. 58; 23, р. 38; 67, с. 114; 119, p.15; 120, p.53; 121, p. 84; 163, с. 79; 164, с. 182; 165, с. 54,]


Осылайша, зерттеу моделінің нәтижелеріне сүйене отырып, келесі тұжырымдар жасалды: біріншіден, қазіргі уақытта Астана қаласы мен Ақмола облысында туристік сала инновациялық бағытта дамымаған. Сондықтан, туристік саладағы инновациялық жобалардың санын көбейту және осы процеске туристік сала субъектілерін тікелей тарту қажет. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру, инфрақұрылым және білім мен ақпаратты қамтитын 3 негізгі шарт қажет (45-кесте).


Кесте 45 − Туристік саладағы инновациялық жобаларды әзірлеуді қолдау





Ақпарат, білім

Қаржыландыру

Инфрақұрылым

Интернет портал, конкурстар, жариялау

Венчурлік қаржыландыру

Технопарктердегі бизнес-инкубациялау

Басқару
технологияларын енгізу

Жобалық қаржыландыру

Коммерцияландыру орталықтары

Талдамалық орталығы

Инновациялық гранттар

Туристік инновациялық орталықтар, лабораториялар, бөлімшелер

Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [95-117]

45-кестеде туристік саладағы инновациялық жоба бойынша «білім» бөлігіндегі жұмыс талдау орталығының, интернет-порталдың, конкурстардың жұмыс істеуін, қажет болған жағдайда басқару технологияларын енгізуді, жобаны жария етуді қамтиды; «қаржыландыру» бөлігі венчурлік, жобалық қаржыландыруды, технологиялық сараптаманы қажет етеді; бұл ретте инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін маңызды рөл «инфрақұрылымға» беріледі, яғни оған коммерцияландыру орталықтары мен технопарктердегі бизнес-инкубациялау, туристік инновациялық орталықтар, лабораториялар, бөлімшелер жатады.
Екіншіден, туристік саладағы инновациялық менеджментте туристік сала субъектілерінің инновациялық қызметін қамтамасыз ете алатын инновациялық ортаны қалыптастыру өте маңызды, ол интеллектуалдық және материалдық активтерді практикалық қызметке трансформациялаудың, қарқынды өнімділік пен көрсетілетін қызметтердің жаңа құнын жасау және бәсекеге қабілеттілікті арттыру іргетасы болып табылады.
Үшіншіден, саланың тартымдылық деңгейі мен субъектілердің инновациялық белсенділігін қамтамасыз ететін инновациялық инфрақұрылымның болуы шарт. Бүгінде туристік сала субъектілерінің табысы ұсынылатын қызметтің немесе туристік өнімнің инновациялық тартымдылығына тікелей байланысты, ол үшін a) туристік саладағы инновациялар тұтынушылардың қажеттілігін анықтап, қанағаттандыруы тиіс; ә) туристік саланың инновациялық дамуын басқару өңірлік инфрақұрылым мен ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылуы қажет; б) туристік сала субъектілерінің инновациялық белсенділігін қалыптастыру және дамыту шаралары негізделуі керек; в) инновациялық жобалар бір жағынан, туристік саланы тұрақты дамыту талаптарына сай келіп, екінші жағынан, туристер үшін қауіпсіздік пен қоршаған ортаны сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Төртіншіден, Қазақстандағы инновациялық менеджмент мәдениеті эксперименттер мен қателіктерді ынталандырмайды және мемлекеттік сектор стартаптардың мүмкіндіктеріне сенімсіздікпен қарайды. Оған қоса, туристік саладағы стартаптардың ұлттық компаниялармен, туристік нарық өкілдерімен, мемлекеттік мекемелермен кездесіп, өз шешімдерін ұсынатын алаң қарастырылмаған. Мемлекеттік компаниялар стартаптармен, инновациялық орталықтармен тікелей байланыста жұмыс жасайтын «Chief Innovation Officer» лауазымын енгізсе бірқатар көрсеткіштер жақсаратын еді.
Туристік саланың инновациялық дамуын басқаруда оның 3 деңгейін бөліп қарастыруға болады (29-сурет).

Сурет 29 – Туристік саланың инновациялық дамуының 3 кезеңі


Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [71, р. 736]


Жоғарыдағы 29-суретке сәйкес, туристік сала кәсіпорындарының инновациялық дамуы оларды тиімді әзірлеуге және пайдалануға бағдарлануы тиіс, яғни, бұл зияткерлік және материалдық активтердің барлық түрлерін ұйымның практикалық қызметіне айналдыруды, неғұрлым қарқынды өнімділік пен жоғары тиімділікке қол жеткізуді, өнімнің (қызметтің) жаңа құнын құру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қажет етеді. Жүйелі талдау тұрғысынан туристік сала субъектілерінің инновациялық дамуы 4 параметрмен айқындалады:



  1. Ұйымның инновациялық бейімділігі.

  2. Ресурстық қамтамасыз етілуі.

  3. Нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілердің болуы.

  4. Инновациялық қызметтің нәтижелілігі.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласында жоғарыда аталған инновациялық даму параметрлерінің ешқайсысы қамтылмаған. Төмендегі 46-кестеде туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың механизмдерін ұсынамыз.

Кесте 46 – Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың механизмдері





Әдістер

Тікелей әсер ету

Жанама әсер ету




1

2

3






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет