Тукибаева куралай базарбековна


АНЫҚТАМАЛАР Диссертациялық жұмыста төмендегідей анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылды: Инновация –



бет4/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

АНЫҚТАМАЛАР

Диссертациялық жұмыста төмендегідей анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылды:


Инновация – инновациялық қызметтiң жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм, жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процесс түрiнде iске асырылған нәтижесi, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлi саласында өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына прогрессивтi ықпал ететiн ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешiмдер.
Инновациялық қызмет – нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.
Инновациялық даму – бұл экономикалық көрсеткіштердің абсолютті және салыстырмалы өзгеруімен (өсуімен) сипатталатын әрі максималды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық эффект алу мақсатында ғылыми жетістіктерді жүзеге асыру негізінде әлеуметтік қажеттіліктерді барынша толық қанағаттандыруға бағытталған кәсіпорынның ғылыми, өндірістік, экономикалық, коммерциялық, қаржылық, маркетингтік, басқару қызметіне инновацияларды енгізудің мақсатты үздіксіз процесі.
Туристік саланың инновациялық дамуын басқару инновациялық саясатты және оны жүзеге асыру механизмдерін әзірлеуді, инновациялық қызметтің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруды, жоспарларды, бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуді және оларды орындауды, инновациялық қызметті басқарудың құрылымын құруды, инновацияларды әзірлеу процестерін ұйымдастыруды жоспарлауды, инновациялық процесс кезеңдерінің орындалуын бақылауды, инновациялық бағдарламаларды ұйымдастыруды және оларды жеделдету.
Инновациялық белсенділік – өнімдік, ұйымдастырушылық, технологиялық және басқарушылық инновацияларды құру, дамыту және нарыққа шығару бойынша серпінді, мақсатты қызмет.
Инновациялық орта – инновациялық қызметті қамтамасыз ететін экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және институционалдық орталардан тұратын біртұтас жүйе және инновациялық процеске қатысушының ішкі, сыртқы орталарының үйлесімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет