Тукибаева куралай базарбековна


Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет8/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы келесідей:

  1. Авторлық көзқарас тұрғысынан теориялық және әдістемелік зерттеу негізінде туристік саланың инновациялық дамуы үшін оның қатысушыларының өзара әрекеттесуін қамтитын инновациялық экожүйенің ерекшеліктері нақтыланды және тұжырымдалды.

  2. Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуына әсер етуші факторларға талдау және бағалау жүргізілді.

  3. Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмі жетілдірілді, оның жаңашылдығы − бұл саладағы инновацияларды құру мен енгізу процесі яғни, қаржылық, кадрлық, өндірістік және ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған формалар және әдістер мен құралдарды қамтиды, атап айтқанда, туристік саладағы инновациялық қызметті дамытудың стратегиясы, бағдарламасы мен жол картасы, туристік саладағы инновациялық саясатты қалыптастыру, сонымен қатар, инновациялық қызметке туристік кәсіпорындарды тарту үшін қолайлы орта құру болып табылады.

  4. Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқарудың моделі әзірленді. Модельдің жаңашылдығы туристік сала қатысушыларының инновациялық инфрақұрылымдармен байланыс орната отырып, туристік кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыратын шараларды қамтуы болып табылады.

  5. «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесін құру ұсынылды, оның жаңашылдығы Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын инновациялық дамытудың ресурстық, консультациялық және технологиялық негізін шоғырландыруында.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Туристік саланың инновациялық дамуы мен оны басқарудың теориялық-әдістемелік тұжырымдамалары.

  2. Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық даму факторларына талдау мен бағалау нәтижелерінің негізінде құрастырылған зерттеудің тұжырымдамалық моделі.

  3. Туристік саладағы инновациялық қызметті жандандыру және туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың жетілдірілген ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмі.

  4. Туристік ұйымдардың инновациялық белсенділігін арттыруға бағытталған Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын инновациялық дамытуды басқару моделі.

  5. Туристік саланың инновациялық дамуы мен туризмдегі R&D&I-ды нығайтуға мүмкіндік беретін «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің моделі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет