КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандық бәсекелестік жағдайында экономиканың салалары үшін инновацияларды енгізу басым бағыт болып табылады. Себебі, инновациялық бағыт экономикалық дамудың жоғары қарқындылығын қамтамасыз етеді. Туристік саланың инновациялық дамуын басқару бірқатар қиындықтармен сипатталады, атап айтсақ, ресурстармен қамтамасыз ету және ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы мәселелер, аталған саланы дамыту бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру барысында басқару құралдарының болмауы және т.б.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында туризм шикізат нарықтарындағы құбылмалылыққа тәуелділігі аз, шынайы экономикалық құндылықты қалыптастыратын сала ретінде сипатталады. Туристік сала инновациялық даму тұрғысынан басым бағыттардың бірі болмағанымен, әр түрлі инновацияларды енгізудің бастамашысы болып табылады. Алайда, билік органдарының, туристік бизнестің, ғылыми және жергілікті қауымдастықтың өзара іс-қимылы арасында үйлестірудің төмен деңгейі байқалады. Қазақстанның туристік саласының инновациялық дамуын басқару мәселесі өзекті, алайда қазіргі уақытта жеткілікті зерттелмеген сала болып табылады. Сондықтан, бұл зерттеу тақырыбы терең теориялық зерттеулер мен кешенді талдауды, ғылыми негізделген әдістемелік және практикалық ұсыныстарды қажет етеді.
Диссертация тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі. Инновация теориясы мен инновацияларды басқару тұжырымдамаларының негізін Й. Шумпетер, П.Ф. Друкер, Б.А. Лундвалл, Р. Росвел, Дж. Купер, К. Фримен, Е. Робертс, М. Портер, И. Ансофф, К.М. Кристенсен, М.Е. Рейнор, Г. Менш, Б. Твисс, Ч. Ким, Р. Моборн және т.б. шетелдік ғалымдар қалаған. Бүгінде бұл авторлардың еңбектері ірі ұлттық компанияларда инновациялық жобаларды жүзеге асыруда зерттеулер жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар, инновациялық менеджменттің теориясы мен практикасының дамуына ТМД елдерінің ғалымдары үлкен үлес қосты, олардың қатарында Л.М. Гохберг, Р.А. Фатхутдинов, В.Г. Медынский, В.Я. Горфинкель, А.Б. Титов, Н. Кондратьев, А. Анчишкин, Г. Дынкин, А.Л. Суворова, О.К. Абрамов, Г.Г. Азгальдов, А.В. Костин, В.В. Лапшов.
Компаниялардың, экономика салаларының және қызмет салаларының инновациялық дамуын басқару процестерін зерттеуге В.В. Коокуева, Ю.А. Арутюнов, М.А. Гончаренко, А.С. Шаранин, А. Николаев, Т.А. Чекулина, Е.А. Тамахина, В.П. Баранчеев, Л.М. Мартынов, Н.А. Кузьминых, О.В. Никулина, А.В. Сухоруков, В.В. Реймер, А.В. Улезько, С.Б. Пастушенко, С.С. Елецкая, Е.И. Пискун, Р.М. Батталов, Л.Ю. Ананьева, И.В. Роздольская, А.Б. Курлов, B. Crépon, E. Duguet, J. Mairesse үлес қосты. Сондай-ақ зерттеудің осы саласына С.Б. Абдыгапарова, Ф.М. Днишев, Ф.Г. Альжанова, Е. Амирбекулы, У.Б. Баймуратова, А.С. Габдулина, А.Н. Дауренбекова, С.Т. Купешова, Г.К. Нұрғалиева, Р.К. Сагиева, Г.Н. Сансызбаева, А.А. Таубаев, А.С. Жупарова, С.А. Рахимова, Б.С. Толысбаев, К.А. Кирдасинова, Н.А. Курманов сияқты отандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері арналған.
Туристік саланың инновациялық дамуын басқару теориясына келесі ғалымдар баға жетпес үлес қосқан: A.M. Hjalager, Doris Gomezelj Omerzela, César Camisóna, Vicente M. Monfort-Mir, Marta Nedim Yüzbaşıoğlu, Pınar Çelik, Yunus Topsakal, Sarath Divisekera, Van K. Nguyen, Najda-Janoszka, Sebastian Kopera, М.Л. Вартанова, Ю.Ю. Швец, В.С. Новиков, С.В. Валеева, Л.Р. Маклашина, И.Н. Ветров, Ю.В. Лапшин, С.С. Гвоздиков, А. Каденюк, Д.А. Рубан, Т.В. Сысоева, В.А. Молчанова, Л.Н. Давыденко, Д.В. Ялтыхов, М.М. Зуева, Е.В Яковенко, Е.А. Лапа, Г.Г. Ермоленко, Ю.В. Слива-Щерба, Э.Н. Латыпова, А.Н. Пыхарев, А.Ш. Елетова, Т.П. Левченко, В.А. Вареников, А.В. Игнатьев, оның ішінде отандық ғалымдар Т.К. Бабланов, Л.С. Нурпеисова, Б.О. Сабатаева, А.Г. Абдраманова. Сонымен қатар, туристік саланың даму мәселелерін зерттеуге С.Р. Ердәулетов, А.Ж. Садуов, М.С. Мурзамадиева, А.Т. Тлеубердинова, С.К. Сураганова, Г.М. Дуйсен, Н.А. Урузбаева, Б.У. Сыздыкбаева, А.Т. Ниязбаева, Л.М. Муталиева сияқты бірқатар отандық ғалымдар үлес қосқан.
Достарыңызбен бөлісу: |