«Туризм, бастапқы әскери дайындығы, дене мәдениеті және спорт» кафедрасы


ЖАЛПЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



бет4/22
Дата07.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#19678
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Спорттық би диплом

1 ЖАЛПЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жалпы дене дайындығының негізгі ұғымдары
Қазіргі заманға сай спорттағы әлеуметтік-педагогикалық негізі түсінігіне сәйкес көптеген ғалымдар қоғамға және адамға өзіне тән қасиет ықпал етуден белгілі. Оның әсер ету айырмашылығы жеткілікті көп қырлылығымен және әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең бастысы қоғамның әлеуметтік мәні бар проблемеларын шешуге ықпал ететін, жаңа адам тәрбиелеу ісінде қолғабыс тигізетін және сондай-ақ, спорттың арнайы тапсырмаларын шешудеге әсері. Осы тұста спортты әлеуметтік негізге жалпы педагогикалық және арнайы педагогикалалық спорт негізінің пайда болу денгейіндегі бөлінуін қамтитын спорттың негізін білдіретін классификациясы .

Біріншеден спорттың әлеуметтік негізі тобы мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселесі болып табылатын, педагогикалық – жаңа адам тәрбиелеу жүйесі мәселелері және арнайы педагогикалық – адамның дене кҥші жағынан жетілу мәселелерін қарастыруға бағытталған.

Жалпы дене дайындығы – бұл адамның жан-жақты және үйлесімді физикалық дамуына бағытталған қимыл-қозғалыстың физикалық қасиеттерінің процесі. Дене шынықтыру дайындығы құралдарының алуан түрлілігі жалпы дайындық бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылдану саласына халықтың барлық жастан егде жасқа дейін тартылуымен айқындалады.

Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің әлеуметтік орнын анықтау алдында біз одан да кең ұғымдарды зерттеп білуіміз қажет. Ол «дене мәдениеті» деген ұғым.

Дене мәдениеті ұғымы – бұл жалпы мәдениеттің бір саласы болып табылады. Адамзат баласы жаратылғаннан бастап рухани дами келе, осы мәдениет салаларын өз қолымен жасап келе жатыр. Ал адамзат баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-жануарларды Ұлы күш, Ұлы ақыл иесі жаратты. Адамзат баласына сана берді. Санасы, жаны, рухани жетілуі себепті адамзат баласы үйлер, сарайлар, керемет архитектуралары бар қалалар салды. Ғылымды игерді, космосқа ұшты,техниканы, экономиканы дамытты. Осының бәрін Адам өз колымен жасаса, сол адамды мәдениеттіндіріп, денесіне, санасына әсер етіп тұрған – дене тәрбиесі. Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын нығайтатын,қимыл әрекетін әдемілендіретін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізетін-дене мәдениеті. Адам мәдениеттің барлық салаларын қолдан жасаса, онын денесіне, ағзасына әсер етіп, оны осы салаларды өркендетуіне мүмкіншілік, қуат, күш, денсаулық беріп отырған дене мәдениеті болып табылады.[1]

Дене мәдениеті - адамдардын дене, мүсін сұлулығын, қимыл – қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтын жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассейндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал – жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми – зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар болып табылады.

Дене тәрбиесі – әр қозғалыстарды үйретеді, дене сапалары мен қабілеттерің тәрбиелейді, арнайы дене шынықтыру білім меңгеруге, дене шынықтыру сабақтарының қажеттілігін тұтынушылық ретінде үйлестіреді. Дене тәрбиесінің бағыттары – негізгі дене тәрбиесі, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене тәрбиесі, жеке басылық дене тәрбиесі.

Негізгі дене тәрбиесінің міндеттері – біріншіден, адамдардың өмірге керек қимылың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерінің денгейін дамыту; екіншіден, осы жинақтаған қасиеттерді адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т.б.) қолдану. Негізгі дене тәрбиесі жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу – тәрбие мекемелеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында, әр түрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Ол еліміздегі ересек адамдардың дене дайындығы деңгейін арттыруға денсаулықтарын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін дамытуға көмектеседі. .[2]

Қолданбалы дене тәрбиесі кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл-әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын жақсы меңгеру, терен түсінуге бағытталады.

Сауықтыру дене тәрбиесі емдеу және денсаулықты нығайту дене тәрбиесі деп бөлінеді. Емдік дене тәрбиесінің мақсаты – адам ағзасы мүшелерінің ауырып уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Емдік дене тәрбиесі кабинеттері еліміздің емханалырында, ауруханаларында, спорттық, дәрігерлік мекемелерде жұмыс істейді.

Денсаулықты нығайту дене тәрбиесі – денсаулықты нығайтуға жаттығушылар ағзасынын жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста(сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары), күнделікті тұрмыста(таңертенгі бой жазу, өз бетімен жаттығу сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.

Дене дамуы – үйлестіру процессі, ол ағзанын морфо функциональдық өзгерістері мен соған негізделген дене сапалары мен қабілеттерінің көрсеткіштері. Адамнын дене дамуының денгейі үш көрсеткіш арқылы сипатталады:

1)Адамның дене көсеткіштері: (бой, салмақ, мүсін, дене бөліктерінің формалары мен көлемі, адамның физиологиялық және биологиялық формаларын сипаттайды)

2)Денсаулық көрсеткіштері:физиологиялық жүйедегі адам ағзасының морфологиялық және функционалдық өзгерістерін сипаттайды.Адамның денсаулығына маңызды әсерін тигізетін тыныс алу, ас қорыту жүкелерін т.б. функционалдық қызметтері жатады.

3)Дене сапаларының даму көрсеткіштері: Ол қозғалыста болған жағдайдағы адамның күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік қабілеттерінің даму деңгеінің мүмкіншіліктері.

Дене жетілуі – бұл өмірдің талабына сәйкес адамның дене дамуының тарихи шартты деңгейі және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі. .[3]

«Дене жетілуі» ұғымының белгілері өскелең қоғамдық қажеттіктер өндіріс қажеттіліктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықыласы әсерінен өзгеріп отырады. Әр тарихи дәуір үшін дене жетілуінің өзіндік деңгейі тән. Құлдық пен қаналушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейілінше жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады. Біздің елімізде және басқа мемлекеттерде адамзаттың интелектуалдық, моральдық және дене жағынан жарасымды дамуы жайындағы арманы жүзеге асуда.

Дене тәрбиесінің бір саласы – спорт, бұл түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты – спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету,сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.

Спорт – түрлі жақтан арнайы мамандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық. Яғни спорт дегеніміз – әрбір жеке тұлғаның таңдаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы. Спорт – жарыс әрекетінің, спортщыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылады. Қызметі спорттық әрекет, жарыстырушылқ, интернационалдық, жүйкені реттейтін, коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдениеттік, денені жетілдіру, эвристикалық бейбітшілік қызметі, ойын-сауықтыру іс-әрекет.

Жалпы жəне арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті адам ағзасын жан-жақты дамыту болып табылады. Бүл процесс жалпы жəне арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады. Жалпы дайындық кезінде жоғары спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек əр түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл-козғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі. Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы жəне арнайы дене қуаты дайындығы дайындық кезендеріне байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы жəне арнайы дайындық көлемінің пайыздық ара қатынасы - 60-40%, жарыс кезеңінде - 20, 30-80, 70%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді. Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғары дəрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі көбірек беріледі. .[4]

Жеке басылық дене тәрбиесі – адамның өз басының, дене тәрбиесі және спорт жаттығуларын, оның керектігін, мәнін, мағынасын түсініп, өзіне, маңайындағы адамдарға үйрете бастауы, оның осы салада білім, хабар көздерін іздеп, ол білімді өзінің, айналасындағы адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, спорт түрлерінің қозғалыстарын үйретуге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға қолдануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет