Спорттық тәрбиелі-еңбектің негізі. Еңбекке деген тиісті қатынасты қалыптастыру мақсатында спорттық қызметте, әсіресе оның мекемелерінде элементарлы, ақыл-ой және қоғамдық-пайдалы еңбек мүмкіндіктерін жүйелі түрде қолдану керек. Еңбекке деген, әсіресе, оның қоғамдық-пайдалы түріне қатынастан адамның тәрбиелік деңгейі айқындалады. Өзі үшін, ұжым үшін еңбектене білу кезкелген адамның және мемлекетінің тіршілік әрекетінің дамуының негізі болып табылады. Спортпен айналысқанда ең бастысы өмірге қажетті дағды мен әдет қалыптасады, дене еңбегі қалыптасады, дене еңбегі дамиды, жоғарғы қол еңбегін көтеру және еңбеке байланысты болдыруға қарсы тұруға бейімделеді.
Спортпен айналысатындар, өз шығармашылығындағы осы және басқа да ерекшеліктерге байланысты еңбектің әр түрін меңгеруге және оңай игеруге біршама жақын. Спорттың арнайы педагогикалық қызметін үшке бөледі – денсаулықты нығайту, дене мәдениеті білімін қамтамасыз ету және мәдениеті тәрбиесін өсіру.
Спорттың денсаулықты нығайту негізі. Денсаулықты нығайту үшін дене шынықтыру жатығулармен айналысу – бұл маңызды мәселе. Дене шынықтыру жаттғуларын біліп қолдану адам денсаулығын жақсартады, ал дҧрыс қолданбау зиянын тигізеді. Осы мақсатта дене шынықтыру-сауығу дипансерлер жүйесі істейді, спорттшылар денсаулығы бойынша сұрақтарға мамандандырылған, спорттық жаттығу үшін әдіс пен қаралды дұрыс таңдау, спортшы ағзасын қалпына келтіру мекемесі және спортшыларды дайындауда сауатты жоспарлау мен басқару жүйесі үшін орын керек.
Дене мәдениеті білімін қамтамасыз ету негізі. Спорттық қызметтің арнайы білімді, дағдыны, әдетті кеңейту және меңгеруге бағыты толығымен білім тапсырмасын қамтамасыз етеді. Ол қозғалмалы дағдымен байланысты және ерекше мамандандырылған білім жҥйесі болғандықтан спортпен айналысатындардың дене шынықтыру білімі бойынша әңгіме жҥргізу керек және осы негізде спорттың ерекше қызметіне мән берілуі тиіс.
Дене мәдениеті тәрбиесін өсіру. Негізгі дене мәдениетінің белгілерінің дамуы толығымен спорттық кез-келген түріне сай келеді, ал жекелегенде олардың ішінде ерекше спорт сайыстары пәндері болады. Спортпен айналысу адамды сөзсіз шапшаң, күшті, епті, шыдамды, басқа сөзбен айтқанда, дене мәдениеті бойынша тәрбиелеп шығарады. Спорттық қызметте осы жағынан алғанда спорттың тиісті қызметінің пайда болғандығын атап көрсетуге болады. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген спорттың қызметтері оның ерекше әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін және қоғамның мемлекеттік маңызы бар істерін көрсетеді. .[6]
Достарыңызбен бөлісу: |