«Туризм, бастапқы әскери дайындығы, дене мәдениеті және спорт» кафедрасы


Қозғалыс белсенділігі және балалардың денсаулығы



бет7/22
Дата07.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#19678
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Спорттық би диплом

1.3 Қозғалыс белсенділігі және балалардың денсаулығы
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе аяқтары тез өседі. Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз.

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шеберлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері: сауықтыру міндеттері, білім беру міндеттері, тәрбие беру міндеттері.

1. Өмірге қажетті қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. Оқушылардың қалыптастыру керек қозғалыс шеберлігі мен дағдылары мынандай бес топқа бөлінеді:


  • адамға кеңістікте қозғалуға көмектесетін қозғалыс шеберлігі мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу;

  • адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалыптары мен тұрыстарының дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы қалып, әр түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.;

  • әр түрлі қозғалыстарды спорттық құралдармен орындау дағдылары. Олар: доптармен, скакалкалармен, гантельдермен, гимнастикалық таяқтармен орындаулар;

  • қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен үйлестіре басқара білу дағдылары. Олар: аунап түсулер, ілініп тұрулар, жоғары көтерулер, тірелулер, тепе – теңдік сақтаулар;

  • Қолдан жасалған кедергілерден өтуді қамтамасыз ететін кешенді қозғалыстарды орындайтын дағдылар. Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер;

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін етеді. .[10]

Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады, сондықтан баланы жастайынан қимыл-қозғалысқа. Яғни спортқа бейімдеу керек.

Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмірінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория, яғни қоғамға байланысты.

Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.

Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен. .[11]

Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет