«Туризм, бастапқы әскери дайындығы, дене мәдениеті және спорт» кафедрасы



бет8/22
Дата07.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#19678
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері:

Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.

Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін - жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.

Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің ең жоғары формасы.

И.М.Сеченевтің едеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.

Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші – сергітуші рефлекстер. Ерікті қимыл-қозғалыстар – туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады. .[12]

Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене қалпын тыныштық күйде ұстап тұруды және дененің қозғалыстардан соң бұрынғы қалпына қайта келуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.

Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары ұштарының және ішкі құлақ шытырманының тітіркенулерінен пайда болады. Басты көтеру немесе еңкейту аяқ-қол және тұлға бұлшық еттерінің тонусын өзгертеді де, қалыпты кейіпті сақтауға септігін тигізеді. Бастың оңға-солға бұрылуы мойын бұлшық еттері мен сіңірлер проприорецепторларының тітіркенулерін туғызады да, тұлғаны басқа қатысты симметриялы қалыпқа тұрақтандырады.

Бастың кеңістіктегі қалпының өзгеруінде және сол өзгерістерді талдауда вестибулдар аппаратының маңызы зор. Бас оңға-солға бұрылған кезде оның рецепторлық құрылымдары қозуға келеді де, бұрылған жағындағы мойын бұлшық еттерінің тонусын рефлекстік жолмен көтереді. Бұл тұлғаның басқа қатысты бағытын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айналумен байланысты көптеген спорттық жаттығуларды тонустың осылай таралуы арқылы ұтымды орындауға мүмкіндік туады.

Түзетуші рефлекстер дене кейпін қалыптан ауытқыған жағдайында сақталуын қамтамасыз етеді. Түзетуші рефлекстер тізбегі басты көтеруден басталады және өзгерген тұлға қалпын соңынан қалыпты кейіпке қайта келтірумен аяқталады. Түзетуші рефлекстердің іске асуына вестибулар, көру аппараттары, бұлшық ет проприорецепторлары, тері рецепторлары қатысады.

Дененің кеңістікке бір орыннан екінші бір орынға ауысуы статокинетикалық рефлекстермен іске асады. Айналмалы қимылдарға жарты шеңберлі каналдардағы (арна) эндолимфа толқуларының нәтижесінде вестибулалық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш тітіркеністер сопақша мидағы вестибулалық ядроларға келіп, айналмалы қимылдарда бас пен көз қалыптарының рефлекстік өзгерістеріне әкеледі. .[13]

Айналдыру рефлекстері бастың қозғалысқа қарсы баяу бұрылысымен, соңынан тұлғаға қатысты қалпына шапшаң қайта келуімен сипатталады. Көз де ұқсас қозғалыстар жасайды, айналу жағына қарай тез, ал айналуға қарсы жағына баяу бұрылысының биологиялық маңызы мынада. Айналған сәтте көру алаңында көрінген заттарға көз қырын салу және оларды белгілеу.Көздің айналу жағына қарай шапшаң бұрылысы олардың бұрынға дұрыс қалпына келуін қамтамасыз етеді. Дененің айналуы тоқтаған кезде көз айналысқа қарсы бағытта бұрылыс жасайды, ал бас пен тұлға айналу жағына қарай ауытқуды жалғастыра береді.

Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциялық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстерінің балаларды тереңге секіруге, секіріп түскенде жерге дұрыс қонуды үйретуде маңызы зор. Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан, секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, балалардың лифт рефлекстерін «жетілдіру», оқытушының үнемі назарында болғаны жөн. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.

Ырғақты рефлекс екі формада білінеді. Серпу және адымдау. Серпу рефлексінің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлексін келтіруге болады. Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады. .[14] Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы реципторлық арақатынастарына байланысты. Ырғақты рефлекс жүру, жүзу сияты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды. Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты. Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай, бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету - өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.

Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек. .[15]

Жаңа қимыл – қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге жан – сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл – қозғалыстарға шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз.

Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді.Индифференттік тітіркендіргіштердің күші,дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл – қозғалыстардың өзі,оңтайлы дәрежеде болу керек. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер, яғни өте күрделі жаттығулар,оқушының қимыл – қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Керісінше,күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл – қозғалыстар,оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.

Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау,түсінік беру, қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын (мысалы, жүгіріс)[16].

Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.

Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да, жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.

Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.

Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.

Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды. .[17]

Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.

Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.

Ерікті қимыл – қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарна тәуелді. Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл – қозғалыстарға саналы ынта – жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді.Сондықтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану маңызды.

Баланы жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін бағалауы,баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне - өзі баға беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым,сонымен қатар айқын,жағымды,табиғи,биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты. Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді. .[19]

Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл – қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін жүйке жасушаларының( клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады. Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен,жаңа қимыл – қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі.

Баланы қимыл – қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады( сын кезеңдері). Мысалы,6-8 жастағы баланы коньки тебуге,9-11 жас кезіндегіден үйрету жеңіл.8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты, іс жүзінде қандай да болсын қимыл – қозғалысқа үйретуге болады.

Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды( мысалы,екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған.Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл – қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі.8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды,ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді,тіпті 10-11 жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.

Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан( әсіресе бозбалалық шақта),негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл – қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен( ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау – түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы,жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.

Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі,қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек. .[20]

Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін - өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет