2. ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1. Зерттеуді ұйымдастыру
Педагогикалық эксперимент 2021 жылдың 4 қаңтар айынан 16 сәуір айына дейін Көкшетау қаласындағы «Ақмола облысының би спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінде жүргізілді.
Пәндер контингенті. Зерттеу бір және үш жылдық тәжірибиесі бар 7-11 жас аралығындағы барлығы 20 ұл-қыздар тобында жүргізілді. Осы топтан біз екі топ құрдық: бақылау 10 адам және тәжірибелік 10 адам.
Зерттеу кезеңдері. Кіріспеде көрсетілген міндеттерге сүйене отырып, зерттеу бірнеше кезеңге бөлінді:
Бірінші кезеңде - зерттеу мәселесі бойынша әдеби дереккөздерге шолу жүргізілді. Әдебиеттерді шолу барысында біз 7-11 жас аралығындағы жасөспірімдердің
Спорттық билерімен айналысатын 7-11 жастағы балалардың артериялық қысымы мен жүрек жиілігінің көрсеткіштерінің динамикасын зерттедік, сонымен қатар осы тақырыпты зерттеу үшін ұсынылған материалдарды жүйеледік.
Екінші кезеңде - алдын ала тестілеу өткізілді және зерттеуге қатысатын жасөспірімдерде спорттық бимен айналысатын балалрдың деңгейі анықталды. Спорттық бал биді дамыту деңгейін арттыруға бағытталған жаттығулар кешені сыналды.
Үшінші кезеңде - 7-11 жас аралығындағы балалрға спорт биімен айналысуының деңгейін бақылау тестілеуі өткізілді. Алынған нәтижелерге талдау және өңдеу жүргізілді және қорытындылар тұжырымдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |