Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Туристік кәсіпорынды құрудың негізгі кезеңдері. Туристік қызметтерді өндіруді жоспарлау



бет7/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

7.Туристік кәсіпорынды құрудың негізгі кезеңдері. Туристік қызметтерді өндіруді жоспарлау.
«Қазақстан Республикасының кәсіпорындар туралы» Заңы әртүрлі кәсіпорын түрлерінің қызметтері регламенттейді, ұйымдастырушылық формаларды және түрлерді анықтайды, қызмет тәртібін, жекешелендіру формасына және шаруашылық жүйесіне байланыссыз бірдей құқықтық шарттар құрады, кәсіпорындардың дербестігін қамтамасыз етеді, олардың жауапкершілігі мен құқықтарын белгілейді, мемлекет және басқа шаруашылық субъектілерімен қатынасты реттейді. Туристік кәсіпорынды заңды тұлға ретінде құру көптеген этаптардан тұрады, бірақ соңғы кездері кәсіпорынды құру және оны тіркеу оңтайтылған. Туристік кәсіпорынды құрудың маңызды элементтері: ұйымдастырушылық-құқықтық форманы таңдау, қатысушылардың (құраушылардың) мақсаттарының хаттамасы, құрылтайшылық құжаттардың жобасын дайындау, құрылтайшылық жиналыстарды өткізу, тіркелу үшін құрылтайшылық құжаттарды дайындау, кәсіпорынды құқықтық тіркеу, салық, статистика органдарында, зейнетақы қорында тіркеу және есепке қою, мөр, штамп, фирмалық бланктар дайындау.
Туристік кәсіпорынды құру жан-жақты ойланып толғанып шешім қабылдауға негіздейді. Турфирма құру кезінде құқықтық құжаттарды меңгерген жөн. Туристік кәсіпорынды құру шығармашылық, үнемі жаңартып отыру қажет. Фирманың басты, маңызды кезеңі – кадрлар мәселесі. Кәсіпорынның алда жылжуы кадрға байланысты.
8.Туристік кәсіпорынның функционалдық құрылымы. Туристік кәсіпорын құрылымын жобалау.
Бұл құрылымдар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі құрылым шет ел нарығында турөнімнің сатылуы мен таралуын анықтайды. Сыртқы құрылым Қазақстан Республикасында броньдау, сапалы қызмет көрсету сонымен қатар шет ел туристерәне қызмет көрсету.
Нақты құрылымдардың іске асуы технологиялық тізбектілік:
- Турпакет мазмұны, бағасы, маршруттар, бағдарламалар және т.б;
- Келу уақытысы мен туристердің саны;
- Баға туралы келісім, шет ел туристеріне маршрут бойынша қызмет көрсету;
- Шет ел туроператорынан Қазақстан Республикасына нақты келетін туристердің санын білу;
- Қазақстан мекемелерге туристер жайлы ақпараттарды тарату, сонымен қатар туристерге де орналастыру орындары мен ел туралы ақпараттандыру;
- Тур өнімді броньдау жайлы ақпараттарды нақтылау;
- Төлемақыны уақытынды төлеу;
- Туроператордан келетін қонақтар жайлы нақты ақпараттарды алу;
- Қызмет көрсету мекемелерін алдын ала дайындықтан өткізі;
- Туристерді орналастыру;
- демалыс келісім шартына сәйкес шет ел туристеріне Қазақстан Республикасында қызмет көрсету;
- Қызмет көрсетудегі үнемі жоғарғы сапаны бақылау;
- Қазақстаннан шет ел туристерінің тур өнім мерзімі бітуі кезінде трасферлік ұйымы.
Ұйымдық құрылымды жетілдіруде 3 негізгі кзеңнен өтеді:
Бірінші кезең — кәсіпорын құрылымын анализдеу, шақыруды тағайындау, талаптарға сәйкес келу, сапасын сипаттайтын белгіленген бағалық өлшемге шаралардың қолдануы.
Екінші кезең — Кәсіпорын құрылымын жобалау.
Үшінші кезең — Кәсіпорын құрылымының тиімділігін бағалау.
Ақыр соңында жұмыс басқармасының өндірістік құрылымының жобасы оны жетілдіру бағыттарын түйіндейді, ұйымның басқару қызметіндегі тиімділіктің жоғарылығын санына байланысты ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет