13.Әуе туризмінің дамуы және әуе саяхаттарын жүзеге асырудағы келісімдер Статистикалық мәліметтерге қарағанда соңғы кездері автокөліктермен салыстырғанда әуе көлігінің ролі жоғары. Бұл ұзақ қашықтыққа қысқа мерзімдік турларды ұйымдастыру мүмкіндігін береді. Бұның барлығы туристік бизнесте әуе тансымалына басты назар аударуды талап етеді. Ұшақтар – әлемдегі ең әйгілі транспорт түрі. Осы жерде туризмдегі әуе тасымалы туралы айтуға болады. Бұның бірнеше дәлелі бар:
біріншіден, әуе- ұзақ қашықтыққа саяхат жасау үшін ең тез және ыңғайлы транспорт түрі.
Екіншіден, қазіргі кезде әуе рейстерінің сервисі туристер үшін жағымды түрге ие.
Үшіншіден, әуе компаниялары тікелей жне халықаралық желі арқылы брондау және резервтеу жүйелерін жүзеге асырады және броньдалған әрбір орын үшін комиссиялық төлем төлейді.
Әуе транспорты әлемдік шаруашылықта ең аз және жоғары дәрежеде дамып келе жатқан сала болып табылады жне жылдан жылға бүкіл әлемдік көлік жүйесінде ролі артуда.
Қазір әлемде 1300- ден астам әуе компаниялары жұмыс жасайды. Орташа есеппен алғанда әуе рейстері арқылы жылына 1,5 млрд астам жолаушы тасымалданады. Халықаралаық әеу қатынасында 470-тен жоғары тасымалдаушылар бар, олардың 250-дейі халықаралық әуе рейстерін жүзеге асырады. Халықаралық әуе қатынасы қызметтерінде 1000-нан астам әлемдік әуе жайлар бар, олардың 650-і халықаралық әуе тасымалын жүзеге асырады.
Әлемдік тасымалдар саны бойынша ең ірі әуе компаниялары: американдық «Pelta Air Lines», «Pan Amerikan», «United», француздық «Air Frence», неміс «Lufthansa», британдық «British Airways» және т.б. Ресейдің ең ірі әуе компаниясы «Аэрофлот», Қазақстанда «Air Astana».
Авиакомпаниямен агенттілік арасындағы келісім. Жалпы алғанда кейбір авиакомпаниялар өздерінің агенттері ретінде олармен орындар квотасына келісімі бар барлық туристік фирмаларды санайды. Алайда таза түрде агенттік келісім – бұл ағымдармен жұмыс жасау, яғни туристік фирма өзігінен авиакомпанияның авиабилеттерін (өздерінің туристері және жай сатылым үшін) сату бойынша агенттілігі ретінде шығуға мүмкіндік алғанда, саяхаттауға қажетті құжаттарды толтыру мен брондау процедураларын тездетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді. Туристік фирма авиакомпанияның «билеттерді сату кассасы» ретінде бола алады, яғни өзі билеттерді жазып бере алады және соған сәйкес арнайы компьтерлік жабдықтамасы және авиакомпанияның брондау жүйесіне кіру құқығы бар (мысалы, Габриэль у «Аэрофлота»). Бұндай авиабилеттермен жұмыс жасау түрі «авиабилеттер ағымымен жұмыс жасау».
Чартер (ұшақ арендасы). Чартерлік авиатасымалдауларды ұйымдастыру кезінде тапсырыс беруші мен авиакомпания маршрутты анықтап, онымен рейстің бағасы, екі жатың міндеттері қарастырылады және келісім-шарттың халықаралық ережелерге сәйкестігі анықталады. Одан кейін арнайы чартерлік келісім жасалып, онда келесідей мәселелер талқыланады:
- ұшақ түрі (маркасы);
- сатылымға орындар саны;
- ұшақтың арендасының бағасы;
- аэропорттағы келуі мен кетуін көрсететін маршрут;
- келісім-шарттың ұзақтығы (маусым, жыл т.б.);
- авиарейстерді жасау жиілігі;