67.ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңы. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектiсi болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық – құқықтық азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық – құқықтық нысанда ғана құрыла алады
Жеке кәсіпкерлік субъектiлерi шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
68.ҚР Туристік қызмет туралы заңы. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)